Балалар қайда барады?
Кеше еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғу салтанаттары өтті. Биыл республика бойынша орта білім беру мекемелерін 132 мың 733 жас тәмамдайды. Олардың 108 мың 848 бөлігі ҰБТ сынақтарына қатысуға өтініш білдірген. Екі мыңға жуығы – «Алтын белгіден» үміткер. Олар санаулы күннен соң «алтын ұяларымен» қоштасса, қоңыр күзде білімін жалғастыратын оқушылардың жазғы демалысы күтіп тұр...
Айтпақшы, оқушылар сағынтып жеткен жазғы демалыстарын қалай өткізеді, осы мәселені ұйымдастырумен айналысып жүрген аға-апалары бұл төңіректе көңіл қуантарлық жаңалықтар айтып бере ала ма? Осындай сұрақтарға жауап іздеп, біз Республикалық қосымша білім беру орталығына хабарласқанбыз. Орталықтың бас маманы Майра Белгібаеваның әңгімелеуінше, жазғы лагерьлердегі ұмытылмас демалыстар ата-аналардың қалталарына байланысты болады.

– Сәуір айында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі жөнінде республикалық семинар-кеңес өткізіп, білім департаменттері, денсаулық сақтау ұйымдары мамандарымен кеңесе отырып, талқыладық. Биыл, дағдарыс жағдайына қарамастан, жергілікті әкімшіліктер бұл салаға бөлінетін қаржыны төмендетпеуге уәде етіп отыр. Яғни әр қала, аудан басшылықтары өз тарапынан ата-ана қамқорлығынан айырылған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан және мүгедек балаларға лагерьлерде тегін демалуға жеңілдік жасағалы отыр. Үш ай демалыста ұландардың басы-қасында жүруге 37 мың педагог мамандар тартылса, олардың 4500-і медицина саласы қызметкері. Олар балалардың денсаулығын қадағалаумен қатар, түрлі пайдалы тақырыптарда семинар да өткізетін болады. Ал қосымша білім беру орталығы тарапынан жазда да білім алып, өнерін жалғастыруды ойлаған ұл-қыздарға арнайы курстар ұйымдастыруды жазда да тоқтатпайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілді игерушілерге және 300 ағылшын тілін меңгертетін курстар, сондай-ақ 280 үйірме жұмыс істейтін болады, – дейді Майра Белгібаева.
Былтыр жыл бойғы және қала сыртындағы лагерьлерде 146 мың 750, мектеп жанындағы лагерьлерде 856 мың 538 бала жазғы демалысын өткізген. Ал «Жасыл ел» бағдарламасы аясында құрылған мектеп-орман шаруашылығы лагерьлерінде 700 мыңға жуық жеткіншек демалысын өткізген. Мамандар биылғы меженің де осыдан кем болмайтындығына болжам жасап отыр.
Үкімет тарапынан лагерьлер санын көбейту мақсатында жасалып жатқан шаралар да аз емес. Айталық, осыдан үш жыл бұрын республикадағы қала сыртындағы лагерьлер саны 182 болса, биыл ол 223-ке артып отыр. Десе де, бұл мөлшер республика үшін аздық етеді. Ђйткені олардың үлкен үлесі жеке адамдардың, мекемелердің қолында. Алатау бөктеріндегі, Қапшағай көлі маңындағы біраз лагерьлер жекешелендіру кезінде таратылып, сатылып кеткен. Ал жекеменшік қолдағы лагерьлер өз құнын өздері белгілейді. Ал мемлекеттік лагерьлер тиісінше облыстық, қалалық, яғни жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болғандықтан, әр аймақ лагерінің құны да әртүрлі. Орта есеппен бүгінде 15 күндік жолдама құны 30-40 мың теңге төңірегінде, ал жекеменшік лагерьлерді 15-20 мыңға да табуға болады. Алайда бала амандығынан бұрын қаржыға бәсекелес жекеменшік лагерьлердің баланың бақытты жазын қалыптастыруға 100 пайыз кепіл болмайтыны белгілі.
Осы орайда биылғы жылдан бастап, «Бесшатыр» жазғы еңбек лагерінің құрылуы қуантып отыр. 2009 жылға арналған «Жастар саясаты» бағдарламасы мен 2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы мен «Табиғат» қауымдастықтары мен кәсіпорындарының экологиялық одағының бұл жобасына 16 жастан асқан жастар қатыса алады. «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар ұйымының атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов әңгімелеп бергендей, лагерьде демалушы жастар «Алтын емел» ұлттық саябағындағы тарихи кешендерді қалпына келтіруге жұмылдырылады. Лагерь алты ауысымда жұмыс жасап, оған жалпы саны 960 жас тартылады.
Нұрболат Аманжол
“Айқын” газеті 27 мамыр 2009 жыл