Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4202 0 пікір 17 Ақпан, 2010 сағат 04:08

Қарқаралы...

Қарқаралы... Топографияға салсақ, Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды қаласынан 200 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қадыр дарып, құт қонған киелі мекеннің атауы турасында аңыз жетерлік. Бір аңызда Баян сұлу осы маңда қарқарасын түсіріп алып, жердің осылай аталуына себеп болған деседі. Бұл өңірді Ұлы жібек жолының бір тармағы басып өтуімен қатар, атақты жәрмеңкенің орны болғанын тарихтан білеміз. Алайда, мұның бәрі тарих беттерінде қалса, қазіргі Қарқаралы өзінің қайталанбас көркімен, сұлу табиғатымен талайды тамсандырып келеді. Мұнартқан көгілдір таулар, Сарыарқаның төскейіне төге салған маржандардай сұлу көлдерімен бірге, көне заманнан келе жатқан әсем ормандар жер біткеннің жаннатындай! Бұл өлкенің табиғаты әсемдігімен жаныңды  жаулап, небір түрлі - түсті формаға енгін құз жартастар қиялға жетелейді. Қарқаралының оңтүстік-шығысында Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері жатыр. Осылардың барлығы да ғажап сұлулықтың мекені. Бұғылының басындағы Шайтанкөл мен Бассейн көлі де «пах, шіркінді» бірнеше рет айтқызатындығына сенімдіміз. 1998 жылы осы аймақты мемлекет қарауына алып, ұлттық саябақ мәртебесін бекітті.

Қарқаралы... Топографияға салсақ, Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды қаласынан 200 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қадыр дарып, құт қонған киелі мекеннің атауы турасында аңыз жетерлік. Бір аңызда Баян сұлу осы маңда қарқарасын түсіріп алып, жердің осылай аталуына себеп болған деседі. Бұл өңірді Ұлы жібек жолының бір тармағы басып өтуімен қатар, атақты жәрмеңкенің орны болғанын тарихтан білеміз. Алайда, мұның бәрі тарих беттерінде қалса, қазіргі Қарқаралы өзінің қайталанбас көркімен, сұлу табиғатымен талайды тамсандырып келеді. Мұнартқан көгілдір таулар, Сарыарқаның төскейіне төге салған маржандардай сұлу көлдерімен бірге, көне заманнан келе жатқан әсем ормандар жер біткеннің жаннатындай! Бұл өлкенің табиғаты әсемдігімен жаныңды  жаулап, небір түрлі - түсті формаға енгін құз жартастар қиялға жетелейді. Қарқаралының оңтүстік-шығысында Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері жатыр. Осылардың барлығы да ғажап сұлулықтың мекені. Бұғылының басындағы Шайтанкөл мен Бассейн көлі де «пах, шіркінді» бірнеше рет айтқызатындығына сенімдіміз. 1998 жылы осы аймақты мемлекет қарауына алып, ұлттық саябақ мәртебесін бекітті. Әсем табиғатынан бөлек Қарқаралыдан Құнанбай қажы мешітін, Абай, Шоқан тоқтаған үйлерді, Мәліксайдағы Мәди ескерткішін, Суықбұлақ шатқалындағы ұзындығы 5 шақырымдық тас қорғанды, Қоянды жәрмеңкесінің орнын, Ақ орданың алғашқы қазығы қағылған Қарақоқты алаңын да таба аласыз.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394