ПЕРУАШЕВТА ПӘТУА БАР МА?
Ендiгi елге белгiлi болғандай, өткен жұма күнi Астанада Назарбаевтың қатысуымен кәсiпкерлер кеңесiнiң бiрiншi отырысы өттi. Ел экономикасының инновациялық-индустрияляқ даму бағытын сөз еткен жиынға Қазақстанның барлық бетке ұстар ұлттық iскерлерi жиналды.
Егер осы жиынды үкiметтiк телеарналар үзiп-жұлып көрсетпегенде, Нұрсұлтан Назарбаев кәсiпкерлермен бiрлесiп, елдi дамытудың жоспарын жасап жатыр деп малданғандай екенбiз. Сөйтсек, бұл отырыс отандық бизнес өкiлдерiнiң ел президентiнен сөгiс пен ескерту алатын жиыны болып шықты. Жаңа ғасырдың басында, осыған ұқсас бiр кеңесте, президент: «Бәрiңдi қолдарыңнан жетектеп, сотқа апара аламын», - деген едi. Көп кешiкпей мемлекеттiк қызметтегi Ғалымжан Жақиянов пен бизнесмен Мұхтар Әбiләзов жетi-сегiз жылдан абақтыға қамалған болатын. Сол кезеңнен басталған қудалау күнi бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлер кеңесiнiң соңғы жиыны да сол сарынды ескерту мен үркiтудiң төңiрегiнде өткен сияқты.

Дегенмен сол кеңестегi «келелi» әңгiмеден бұрын, бiр «жантықтың» сырт көзге жиiркенiштi әрекетiн айтпасқа болмай тұр. «Атамекен» Ұлттық экономикалық палата төрағасы Азат Перуашев деген бiреу: «Мен бүгiн қазақстандық бизнеске, жалпы, бүкiл қоғамымызға қатысы бар тағы бiр тақырыпты қозғағым келiп тұр», - деп, кәсiпкерлердi билiктен қорғаудың орнына, оларды орға жығудың орайымен сөз сөйледi. Азат Перуашев «БТА Банкте» «жасалған» қитұрқы «қылмыстық iстердiң» бетiн ашып, мыңдаған салымшылардың сенiмi аяққа «тапталғанын», олардың ақшалары талан-таражға салынғанын прокурордың пәрменiмен «пайымдады».
Ал Азаттың айқайын айналдырып айтар болсақ, Мұхтар Әбiләзов қуғынға ұшырағанға дейiн «БТА Банк» бүткiл ТМД елдерiнiң iшiндегi ең iрi, қызметi дұп-дұрыс банктердiң бiрегейi едi ғой. Оның бұрыс болып кетуiне банктi иелерiнен тартып алған үкiмет себепкер болмап па едi?!
Әбiләзов елдiң беделiн түсiрдi. Кезiнде сiздiң алдыңызға келiп, Әбiләзов үшiн кепiлдiк берiп, түрмеден босатуды өтiнген жоғары лауазымды тұлғалардың аты интернетте аталуда деп, Перуашев президенттiң онсыз да қайнап тұрған температурасын көтерiп жiбердi. Онысы Назарбаев шүйлiккен «Астана тобының» президентi Нұрлан Смағұлов болса керек.
Ескерте кетейiк, Назарбаев сол жиында: «Оның бiр топ достары, iшiнде сен барсың, маған өтiнiш жазып, жемқорлығы үшiн түрмеге қамалған Әбiләзовке кешiрiм берудi сұрап, жазбаша кепiлдiк бердiңдер. Сендер маған ол Отанға қызмет етедi деп, жазбаша ант бердiңдер. Ол достарының бетiне түкiрдi. Сендер соған жауап бересiңдер...» - деген-дi.
Назарбаевтың сол сөзi отқа май құйғандай болды ма, Перуашев та лепiрiп кеттi: «Оның жасаған қылмыстары үшiн кiм жауап бередi?», «Қылмыскер жазаға тартылуы керек», «Өз халқының игiлiгiне қол салған ұры түрмеде отыруға тиiс» деген сыңайда сайрады-ай келiп.
Ал пұшайман Перуашев қайдан шыққан перi дерсiз? Ол осыдан үш-төрт жыл бұрын атышулы миллиардер Машкевич қаржыландырған Азаматтық партияның төрағасы, Қазақстанның байлығын сыртқа тасыған олигархтың оң қолы едi ғой. «Қазақстан алюминийi» корпорациясы тобында «Майшекеге» (павлодарлықтар Машкевичтi осылай атайды) қызмет еткен адам Қазақстанның байлығы мен халықтың қаржысына қай қимасы қышып қайғыра қалды екен? Айтқыш болса, «Майшекенiң» ел байлығын шетке тасығанын әшкерелесе, «Атамекен» деген аты бар ұйымның атағына сай қызмет қылар едi. Ал дәл қазiр оның «Азаты» да, «Атамекенi» де халыққа қарайлас мәнi жоқ, тек «Перуашевы» ғана пәтуасыз, перiп жiберуге лайық атаулар болды. Перуашевтың пиғылы пайымды болса, Тимур Кұлыбаевқа қатысты бүткiл интернет иiрiмiн жайлап алған жағымсыз жағдайдың жай-жапсарын, ақ-қарасын анықтайық деп, президентке өтiнiш бiлдiрмес пе едi?!
Динара МЫРЗАБАЕВА,
«D»
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 09 (46) от 3 марта 2010 г