Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3388 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 16:53

Интернет-конференция: Тайжан Мұхтар Болатханұлы

*Бәрекелді, Мұхтар мырза! Хош келіпсіз. Алғашқы сұрағым: Болатхан ағамен бірге ол кісі шетелдерде елші болған кезде сіз қасында болдыңыз ба? Ол кісінің қандай мінезін өнеге тұтасыз?


Мен әкеммен бірге бала кезінде Солтүстік Йеменде 1975-1980 жж бірге тұрдым. Сол кезде әкем аталған елде Совет Одағының консулы еді. Әкем 1993 жылы Мысырға  Елші болып тағайындалғанда мен Варшава Университетінде студент болып оқыдым. Каникул кезінде барып тұрдым.


Әкем парасатты, сабырлы, тура айтатын адам болды. Мен марқұм әкемнің осы мінезін өнеге тұтамын.

*Мұхтар мырза! Сіздің әкеңіз ұлтжанды тұлғалардың бірі еді. Осы ретте Болатхан Тайжанның есімін ұлықтау калай жүзеге асырылып жатыр деп ойлайсыз?

*Бәрекелді, Мұхтар мырза! Хош келіпсіз. Алғашқы сұрағым: Болатхан ағамен бірге ол кісі шетелдерде елші болған кезде сіз қасында болдыңыз ба? Ол кісінің қандай мінезін өнеге тұтасыз?


Мен әкеммен бірге бала кезінде Солтүстік Йеменде 1975-1980 жж бірге тұрдым. Сол кезде әкем аталған елде Совет Одағының консулы еді. Әкем 1993 жылы Мысырға  Елші болып тағайындалғанда мен Варшава Университетінде студент болып оқыдым. Каникул кезінде барып тұрдым.


Әкем парасатты, сабырлы, тура айтатын адам болды. Мен марқұм әкемнің осы мінезін өнеге тұтамын.

*Мұхтар мырза! Сіздің әкеңіз ұлтжанды тұлғалардың бірі еді. Осы ретте Болатхан Тайжанның есімін ұлықтау калай жүзеге асырылып жатыр деп ойлайсыз?


Біз әкеміздің атынан қор аштық. Әкем туралы біле түскіңіз келсе мына сайтты www.boketaizhan.kz   ашып көрулеріңізге болады.  
Ал енді «Болатхан Тайжанның  есімін ұлықтау қалай жүзеге асып жатыр?» деген сұраққа жауап беретін болсам былай: 2008 жылдың 26 наурызында  Алматы қаласының  көшелерінің біріне БОЛАТХАН  ТАЙЖАННЫҢ  аты берілді. Әкем қайтыс болғаннан кейін де 10 айдың арасында біз Б.Тайжанның  «Аталы сөздері» атты 3 томдық  мақалалар жинағын және  оның қатысуымен болған телебағдарламалар  жинағын 2 DVD түрінде басып шығардық.
Егер осы кезде әкеміз тірі болғанда ол кісі 69 жасқа келер еді (Б. Тайжанның туған күні 8-наурызда). Осыған байланысты 3 томдықты жалғастырып әкем туралы марқұмның достары мен әріптестерінің естеліктерін топтастырып 4-ші және 5-ші томды шығардық .
Әкеміздың туған жері Павлодар қаласында, өзі оқыған №10 мектепте Болатхан Тайжан  кабинеті  ашылды.
Сол қаладағы Еуразиялық инновациялық университетте, Болатхан Тайжан атындағы студенттік «Парасат» жарыссөз клубы да бар. Бұл клуб студенттердің өздерінің ғана бастамасымен құрылған.

*Бұл баланың қай жетістігін дәріптеп конференция ұйымдастырып отырсыңдар? 2030 жылға дейінгі е лді, қазақты мазақ қылған стратегиясы үшін бе? Әкесінің де бітіргені шамалы.


Бұл сұрақ шамасы Абай.кз ақпараттық порталының ұжымына арналған сияқты.

 

 

*Сәлеметсіз бе? Сіз бұрын жоғарғы жақта қызмет істепсіз. Еліміздің дамуы, қалыптасуы, экономикалық жағдайы қалай өрлеп жатқанын байқай алдыңыз ба, қай деңгейде екен, не дегенмен шетелде білім алдыңыз ғой салыстырып көрген боларсыз.


Қазақ тілінде еркін сөйлей алаыз ба?

Пеноноблоктан үй салу Астана қаласының ауа-райына қолайлы ма? Қыста суық болмай ма? Ақ-Ару


Қазақстанның экономикалық құрылымы дурыс емес. Шетелмен салыстырғанда денгейі өте төмен. Ең маңызды себебі - саяси жобасы дұрыс жасалмаған. Бізге саяси реформа керек. Бұл жайында «Дат» газетіне берген сұхбатымда да айтқан болатынмын.Сол газетте саяси реформаны ұлт жанашырларының қазіргі әрекетімен байланыста қарап былай деген едім. Бүгінгі күні Мұхтар Шаханов бастаған қозғалыстың мақсатын елдегi басқа ұлт өкiлдерi де түсiне бiлуге тиiс. Бұл жерде өзге ұлтты кемсiтiп, өзiмiз ғана үстемдiк етемiз деген ниет түп-тамырымен жоқ. Бар мәселе – мемлекет жүргiзiп отыр¬ған кереғар саясатқа келiп тiреледi. Қа¬зақстандағы мемлекет құрушы ұлт – қазақтар екендiгi анық.
Әлемдiк саяси картаға көз жүгiртсек, жер шарындағы барша мемлекеттер өздерiнiң ұлттық белгiлерiне қарай құрылған. Ұлттық емес деп танылатын мемлекеттер отарлаушы елдiң билiгiне бағынышты күн кешуде. Африкадағы, тiптi әлдеқашан қалыптасқан Еуропаның Балқан түбегiндегi елдер ыдырап, ұлттық ерекшелiктерiне қарай, жеке жеке мемлекет болып қалыптасуда. Бұл – заңды құбылыс. Күнi бүгiнге дейiн ұлттық тәуелсiздiкке ұмтылып, азаттық жолында күрес жүргiзiп жатқан елдер бар. Сондықтан осы жердiң иесi – қазақтар өзiнiң ұлттық болмысын ту етiп жатса, ол да өркениетке ұмтылған мемлекет¬тiң белгiсi деп бағалануы керек.

«Қазақ тілінде еркін сөйлей аласыз ба?» деген сұраққа келетін болсақ, мен қазақтың бір баласы ретінде мен өзімді ана тілімнен мақұрыммын деп айта алмаймын. Бірақ, еркін көсіліп шешен сөйлей алмаймын. Ойымды жеткізе алатын орташа «сауатым» бар. Дегенмен болашақта қазақ тілінде жоғарғы деңгейде сөйлейтініме сенемін.
Пеноблоктан үй салу Астана қаласының ауа-райына қолайлы болады. Қыста суық болмауы керек. Өйткені ол өте жылы және құрылысқа қолайлы материал болып табылады.

 

 

*Кедендің одақ туралы не айтасыз? Осы кедендік одаққа кіріп алып ертең Ресейдің ықпалынан шыға алмай қалып жүрмейміз бе? Кедендік одақ не үшін керек болды деп ойлайсыз?
Жарқын


Айкын газетіне (02.03.10.) шыққан сұхбатымда даосы тақырыпта сөйлеп едім:

- Біз Кедендік одаққа бекер кірген сияқтымыз. Өйткені Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасынан 14 есе кіші. «Өгіз бен шыбын» біріге алмайды ғой. Түптеп келгенде, біз Кедендік одақты құрмадық, керісінше, Ресейдің кедендік территориясы, кедендік саясатына қосылдық. Кедендік тарифтерге байланысты қабылданған баж салықтарының 92 пайызы - Ресейдің баж салықтары. Біз 5 мыңнан астам баж салығын көтердік. Кейбір деректер бойынша, Қазақстанның кедендік баж салығы орташа есеппен 5 пайызды құрайтын еді. Ресми деректер бойынша, бұл көрсеткіш 10,6 пайызға дейін көтерілген. Әлеуметтік маңызды тауар түрі - жаңа көліктерге салынатын баж салығы 30 пайызға дейін, ескі көліктерге - 35 пайызға дейін көтерілді. Бұл халықтың қалтасына оңай тимеді. Түптеп келгенде, кеден одағы халықтың кедейлене түсуіне әкеп соқты. Сарапшылар қаңтар айындағы инфляция көлемін сараптай келе, инфляцияның бір ай ішінде 1,4 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Егерде бұны бір жылға шақсақ, онда 17 пайыздық инфляция өсімін аламыз. Ал өткен жылы инфляция 7 пайыздан да төмен еді. Шынтуайтында, біз Ресейдің өндіріс орындарын қорғап отырмыз. Неге Қазақстан азаматы Ресей өндірушілерінің мүддесі үшін ақша төлеуі керек?
Баж салығынан түсетін қаржыны бөлу ісінде де теңсіздік айқын байқалады. Мәселен, қазір дау боп жатыр: Ресей баж салығынан түскен қаржының 90 пайызын ала ма, әлде 86,5 пайызын ба? Яғни қаржының басым бөлігі Ресей бюджетінінің бүйірін толтыра түседі. Депутат Қарағұсованың айтуынша, біздің бюджет жылына 75 млрд теңгеден айырылып отырады екен. Ресей соншалықты алып мемлекет, ол ешқашан да экономикалық тұрғыдан өзінен 14 есе кіші Қазақстанмен немесе 34 есе кіші Беларусьпен санасып отырмайды. Мысалы, Кедендік одақтың комиссиясында Ресейдің еншісінде 57 дауыс болса, Қазақстан мен Беларусь әрқайсысы 21,5 дауысқа ие. Сондықтан бізге Кедендік одақтан шығу мәселесін көтерген жөн сияқты. 1969 жылғы Вена конвенциясы бойынша ондай мүмкіндік бар. Аталған конвенцияға сәйкес, басында аңғырттық танытқан ел қандай да бір одақтан шыға алады.

 

*Сіз ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігінде қызмет атқарып 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарын жасаған топтың құрамында болыпсыз. Осы топқа Ержан Өтембаев жетекшілік етті деген сөз рас па? Жалпы, ол қандай азамат? Оны жақын танимын деп айта аласыз ба? Алтынбек Сәрсенбаевты аттыруға соның тапсырыс беруі мүмкін бе?


Иә, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Стартегиялық даму жоспарна Ержан Өтембаевтың жетекшілік еткені рас. 1997-1999 жылдар аралығында осы кісінің қол астында жұмыс істедім. Өз тарапымнан айтар болсам ол кісі сабырлы, мейрімді болатын. Бірақ аса жақын танимын деп айта алмаймын, өйткені жұмыс барысында ол кісі менің бастығым болды. Өтембаев Алтынбек Сәрсенбаевты аттыруға тапсырыс берді дегенге өз басым сенбеймін.

 

 

 

*«Taizhan Terminal» жобасы не қызмет атқарады?
Қарамағыңызда қанша адам жұмыс істейді?
Сіз байсыз ба? Байлық туралы әкеңіз не айтушы еді?..

Бірінші жобамыз ол сапасы жоғары қоймаларды салу, жалға беру және сату. Taizhan Terminal туралы толық мәліметтерді жоғарыда сілтемесі көрсетілген сайттан оқуға болады.
«Сіз байсыз ба» дейсіз бе? - Құдайға шүкүр, өз отбасымды асырауға мүмкүндігім жетеді. Байлық қанағаты бар адамға ғана бітеді. Әкем марқұм дүниеге тоймайтын адамдарға қаратып «байлық - қолдын кірі» деп отырушы еді.

 

 

 

*Болатхан аға студент кезінде Мәскеуде құрылған "Жас тұлпар" ұйымының белсенді мүшесі болды. Содан бақиға аттанғанша сол "Жас Тұлпардың" "шабысынан" таймай құйындатып өтті. Ұлтқа қызмет етуден, ұлтқа жанашыр болудан еш жалтарған емес. Сіз қазір сол "Жас Тұлпардың" құрамында болған қайраткерлермен араласып тұрасыз ба? Олар туралы не айтасыз?
Құрметбек

Құрметбек мырза, мен сол "Жас тұлпар" құрамындағы қайраткерлермен араласып тұрамын. Мысалы, Болат Хисаров біздің әкеміздің атындағы қордын Қамқорлық кеңесінің  мүшесі болды. Бір кездегі «жастұлпарлар» Аймұхан, Клара Таужановтар, Анжела Карасаева, Алтай Қадыржанов, Сарсенғали Қоспанов, Алдар, Нина Тұнғұшпаевтар, Бекеш, Гильда Шекербаевтар, тағы басқалар да менімен және Айеке тәтемізбен араласып тұрады. Олар өз істеріне жауапкершілекпен қарайды және  өте көңілді ұжым.

 

 

 

*«Ел бірлігі» доктринасы талқыланып үлкен дау туып жатқан кезде Сіз ұлт-патриоттарының қатарынан табылдыңыз. Ойыңызды ашық білдіріп орыстілді басылымдарға қазақ халқының болмысы, табиғаты туралы тамаша мақалалар жаздыңыз! Сол кезде билік бизнесіме кедергі жасайды-ау, тартып алады-ау деген қауіпіңіз болған жоқ па? Қазір де қорықпайсыз ба? Неге қорықпайсыз? Әдетте кәсіпкерлер газеттерге мақала жазбақ тұрмақ сұхбат беруден қашады емес пе?..
Гүлназ

Қызық әрі шынайы сұрақ екен. Гүлназ сірә бұл сауалды біздің елдегі қазіргі жағдаймен байланыстырып қойып отырса керек. Елдік мәселе сынға түскенде елдің азамат ұлдары сынға түседі. Сондай кезде бизнесім бар еді, кредитім бар еді деп шетімізден бұқпантайлай берсек не болғанымыз? Тегінде өз ісін білетін, түзу тұрып түзу жүретін адам қорықпайды ғой. Мен ұрлық жасаған жоқпын. Сол себептен қорықпаймын. Бәріміз қорықсақ елімізді жоғалтып аламыз ғой.

 

 

 

*Мұхтар Болатханұлы, сіздің abai.kz сайтына қатысыңыз бар ма? Неге десеңіз, осы сайттан жиі көрініп жүресіз. Егер сіз сайттың құрылтайшыларының бірі болсаңыз - бұныңыз құптарлық іс екен. Қашанғы қазақ бизнесі орыстілді баспасөзге қызмет жасай береді? Бұл менің пікірім әрі сізге қойып отырған сұрағым. Рахмет.
Асқар

Асқар, қазақ бизнесі орыстілді баспасөзге қашанғы қызмет жасай береді деп мәселені дұрыс аңғартып отырсың. Бұл ойыңды құптаймын. Кәсіпкерлер елімізде қазақ ұлтының көпшілікке айналғанын ескеріп және болашақта қазақ тілді БАҚ-тың өнімдеріне деген сұраныстың артатынын ескеріп қазірден қазақ баспасөзіне бет бұра бастауы керек. Ал енді abai.kz сайтына келетін болсақ Айдос Сарым және Даурен Қуат үшеуміздің ойымыз қашанда ортақ: мақсаттас, мұраттаспыз.  Азаматтарға қолымнан келгенше көмек көрсетіп жүрмін.

 


*Мынау бір бетіне жел тимеген бала ғой. Шетелде оқыған, жақсы қызметтерде болған. Енді бизнесте. Осының бір қарыны ашып, ертеңгі күнім не болар екен деп алаңдаған кезі болды ма екен? Мұха, не айтасыз мұныма?
Ауылда өскен Мырқымбай


Есіміңіздің Мырқымбай еместігіне бәс тігемін. Бұдан кейін ауылда өстім екен деп өзіңізді бұлай атамасаңыз жөн болар еді.  Иә, мен сіз айтқандай бетіме жел тимеген баламын ғой! Шіркін, адамның бетіне тиетін жел сіз ер жеткен қырдың самалындай болса, рахат қой!
Шетелде оқыған оңай емес. Өз бизнесімді құру тіпті оңайға соққан жоқ. Қиыншылықты да көрдім,  «ертеңгі күнім не болады екен деп» уайым кешкен күндерді де бастан өткердім, қазірде болашағыма, замандастарымның болашағына әркез алаңдаулымын. Менің көңілімдегі алаңды білгіңіз келсе, сайтымды көруге шақырамын www.taizhan.kz

 


*Мұхтар Болатханұлы, Қазақстан нағыз мызғымас ҚАЗАҚ ЕЛі болатынына сенесіз бе ? Қандай дәлелдеріңіз бар?
Молхы
Иә сенемін. Қазақ өте мықты халық. Ол объективті тарих процессі.

 


*Абай.кз сайтына! Бауыржан Момышұлының немересін осындай интернет -конференцияға неге шақырмайсыз? Не дегенмен асылдың сынығы ғой. Халықтың алдына көп шықпайды. Көпшілік оның да пікірін білгісі келетін шығар, осы жылы атасының 100 жылдығы. Бұл менің жеке пікірім.Ақ-Ару.
Дұрыс ұсыныс екен. Бұл ұсынысты сайт басшылары ескереді деп ойлаймын.

 

 

*Әрине, бұл сұрақ талай қазақтың көкейін тескелі қашан... Сондықтан, Павлға сыйға тартылып, қазаққа мұра болып келген мұңлы атау Павлодардан тезірек құтылу бізге арман. Әрі мақсат! Сондықтан, бұл атаудан құтылу біздің қолымыздан келе ме деген сұраққа не деп жауап айтасыз? Павлодардың атын Кереку деп ауыстыруға қалай қарайсыз?
Ғабит Бөкенбай, Керекуден


Әрине, толық қолдаймын. Қаланың да, облыстың да атын өзгерту қолымыздан келеді. Тек бұл іске жалтақтамай кірісіп, дәлелді уәж айтатын азаматтарға көп болып қолдау көрсетуіміз қажет.

 


*Жәнібек хан мен Керей ханның мүсіндері «Қазақ елі» монументінен орын таппай қалған кезде қор ашып, Ескерткіштерге Астана қаласының әкімшілігі жер берсе алып барып орнатпақ болып әрекеттеніп едіңіз. Әкімшілік сіздің ол талабыңызға жауап бермеген секілді. Сіз қорға өзіңізден басқа ешкімнің қаражат аудармағанын жария еттіңіз. Сонда, хандардың ескерткіші қазақ бизнесмендерінің арасында тек сізге ғана керек болғаны ма? Жалпы біздің кәсіпкерлер ұлт мәселесіне неге мойын бұрмайды? Олардың халықшыл, ұлтшыл болуына не кедергі?
Жомарт

Жомарт, мені толғандырып жүрген мәселені айтып отырсыз сізде.Кәсіпкерлерге халықшыл, ұлтшыл болудың қажеттігін мен де жиі айтып жүремін.Бұл бағыттағы «ағартушылық» ұстанымым түбі нәтижесін береді деп ойлаймын.

*Жастардың басын қосып ұлттық партя құру ойыңызда бар ма?
Мен жастардың талап тілегіне, ой-армандарына жіті назар аударып жүремін. Бұл турасында әңгіме бөлек. Ал әзірге айтарым жастардан жасақтап партия құру ойымда жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364