Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2617 0 пікір 9 Наурыз, 2010 сағат 05:17

Досан Баймолда. Жұт жұтатып барады

Моңғолияның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының деректеріне сүйене отырып Моңғолияның Қазақстандағы елшілігі таратқан хабарға қарасақ, ақпан айының соңғы күндері Увс, Ховд, Завхан, Хөвсгөл, Говь-Алтай, Архангай, Төв секілді аймақтардың көп жерлерінде ауа температурасы -50 градусқа дейін суытып, жарты метрге дейін қалың қар түскен. Қазіргі жағдаймен 2.3 миллион басты мал шығыны бар. Бұндай аса суық, қар көп түскен қысты Моңғолия тұрғындары бастарынан кешпегелі талай заман болған. Өткен жылғы санақ бойынша Моңғолияда 45 миллион мал басы саналған болатын.

Моңғолияның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының деректеріне сүйене отырып Моңғолияның Қазақстандағы елшілігі таратқан хабарға қарасақ, ақпан айының соңғы күндері Увс, Ховд, Завхан, Хөвсгөл, Говь-Алтай, Архангай, Төв секілді аймақтардың көп жерлерінде ауа температурасы -50 градусқа дейін суытып, жарты метрге дейін қалың қар түскен. Қазіргі жағдаймен 2.3 миллион басты мал шығыны бар. Бұндай аса суық, қар көп түскен қысты Моңғолия тұрғындары бастарынан кешпегелі талай заман болған. Өткен жылғы санақ бойынша Моңғолияда 45 миллион мал басы саналған болатын.

Өзіміздің қандастар тұратын Баян-Өлгий (Бай-өлке) аймағы да қыстың қиындығын басынан кешіп жатқан осы «төтенше жағдайлы» аймақтар тізіміне еніпті. Моңғолия үкіметі халықаралық қауымдастыққа және өзінің көршілес мемлекеттеріне қайырылып, қыстың аса қиындығынан болған «жұт» жағдайынан шығуға қол ұшын берулерін өтінген. Осы күндері Моңғолияға Ресей және Қытай елдері ғана «гуманитарлық» көмек көрсетіп жатыр. Қытай үкіметі 10 миллион юаньнің ақшалай көмегін көрсеткен болса, Ресей үкіметі 34 вагонға тиелген малдың шөбі, азық-түлік, жылы киім, дәрі-дәрмек көмегін беріпті. Таяуда моңғол баспасөзі сол елдің демократиялық партиясы атынан шыққан президенті Элбэгдоржының Қытайдан бір топ кәсіпкерлерді басқарып келген Журуут деген моңғол азаматты қабылдағанын,  Журуут мырза қыс қиындығын көріп жатқан Моңғол үкіметіне 100 мың АҚШ долларын және 50 автомашина көлігін, ал Президенттің өзіне 3 тікұшақ сыйлағандығын жазыпты. Ал АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Жапония, Корея секілді елдерде жұмыс істейтін, білім алып жатқан моңғолдар жеке-жеке немесе ұйымдасып өз аймақ, сұмын-ауылдарына қаржылай көмек көрсетіп  бастағанын моңғолияның мерзімді баспасөзі күні сайын жазуда.

«Жұт жеті ағайынды» демекші, алда Моңғолияның малшылары үшін ең қиын да ең ауыр мезгіл көктем айлары келе жатыр. Суық желді, қатты боранды күндер қыстан жұтап, әупірімдеп әрең шыққан малшылар үшін тағы да бейнетті күндерді әкелері анық. Жайылымға үйренген моңғол малы төлдейтін осы уақытта шөптің жетіспеушілігінен, ауа райының қиындығынан тағы қанша миллион мал басы шығындаларын алдын ала айту қиын.

Осы моңғолдармен тарихта бірге жасасып келе жатқан «ағаш уықты, кигіз туырлықты»  Қазақ елінің жақын көршісі табиғат апатына ұшырап қиналған кезінде оған көмек қолын созбай отырғанын түсіну қиын. Әрине сонау алыста, мұхиттың ар жағындағы Гайти елінде болған жер сілкінісі оқиғасына қатысты әлем елдерімен Қазақстанның да гуманитарлық көмек көрсеткенін білеміз. Бұны түсінеміз.

Өзіміздің 150 мыңдай қандасымыз өмір сүретін, бауырмал Моңғол еліне қол созып, ешбір көмек көрсетпегеніміз әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына енді-енді қосыламыз деп ұран тастап отырған біздің еліміз үшін үлкен сын, бір жағынан үлкен ұят іс болып тұр.

Моңғолиядағы қазақтар жер жүзінде тарыдай шашылып жүрген 4.5 миллион қазақтың арасында өзінің тап-таза қазақ тілін, қазақи салт дәстүр,әдет ғұрпын бұзбай сақтап отырған қазақтар екенін Елбасымыз Н.Назарбаев әлем қазақтарының құрылтайларында бірнеше рет атап айтып еді. Сол қазақ ағайындар алғаш Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннің ертеңінде шетелде жүрген қазақтар арасынан ең алғашқысы болып Атажұртқа көшіп келгені мәлім. Қазақстанның көші-қон комитетінің мәліметі бойынша, 1991- 2008 жылдары аралығында Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген қазақтар саны 80 мыңдай адамға жеткен. Олар бүгінде көппен бірге Қазақ елінің уығын шаншысып, керегесін жайысып, қабырғасын бүтіндеу ісінде шама шарықтарынша еңбек етуде.

Соңғы деректерге ұңілсек, Моңғолияда әлі 120 мыңдай қазақ тұрып жатыр. Осы қазақтың 100 мыңдайы Бай-Өлке  аймағында тұрады. Биылғы шілде айында Бай-Өлке қазақ аймағы өзінің құрылғанының 70 жылдығын атап өтпекші.

 

Суреттер. www.abai.kz ақпараттық порталының мұрағаттар қорынан алынды

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394