Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3603 0 пікір 30 Наурыз, 2010 сағат 08:59

«Біз өзгерісті қалаймыз!»

11 сәуірге жоспарланған алғашқы жалпыұлттық жастар митингісінің уақыты жақындаған сайын қоғамда ол жөніндегі талқылаулар да қызып келеді. Жалпұлттық жастар митингісі жөнінде қалыптасып жатқан пікірлер де әр-алуан. Жастардың, зиялы қауым өкілдерінің, саяси партиялар мен қоғам қайраткерлерінің көпшілігі жастарды қолдап пікір білдіруде. Митинг ұйымдастырушыларды саяси күштердің «қуыршағы» ретінде көрсеткісі келіп жүргендер де жоқ емес. Сондықтан, мәселенің мән-жайын сол жиынның ұйымдастыру ісімен айналысып, басы-қасында жүрген жастардың өздерінен сұрап көруді жөн көрдік.

Ұлан Шамшет, «Еркін интернет үшін» қозғалысының өкілі:

«Рұқсат бермесе де, митинг өткіземіз!»

 

11 сәуірге жоспарланған алғашқы жалпыұлттық жастар митингісінің уақыты жақындаған сайын қоғамда ол жөніндегі талқылаулар да қызып келеді. Жалпұлттық жастар митингісі жөнінде қалыптасып жатқан пікірлер де әр-алуан. Жастардың, зиялы қауым өкілдерінің, саяси партиялар мен қоғам қайраткерлерінің көпшілігі жастарды қолдап пікір білдіруде. Митинг ұйымдастырушыларды саяси күштердің «қуыршағы» ретінде көрсеткісі келіп жүргендер де жоқ емес. Сондықтан, мәселенің мән-жайын сол жиынның ұйымдастыру ісімен айналысып, басы-қасында жүрген жастардың өздерінен сұрап көруді жөн көрдік.

Ұлан Шамшет, «Еркін интернет үшін» қозғалысының өкілі:

«Рұқсат бермесе де, митинг өткіземіз!»

 

- Митингіге шығудағы негізгі мақсатымыз елімізді басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевқа, жоғары билік өкілдеріне жүректері халқым деп соғатын, өз елінің болашағын ойлайтын, ойын айтып, жеткізе білетін әрі Ақордадан тайсалмайтын  жастардың бар екенін көрсету. Құдайға шүкір, ондай патриот жастар жеткілікті. Жастар да Қазақстан Республикасының дербес азаматтары. Бірақ, біздің билік оларды тек өздерінің жеке мақсат, мүдделері үшін ғана пайдаланып келеді. Ал жастардың әлеуметтік жағдайын шешуге келгенде ат тонын ала қашады. Билік өкілдері сол баяғы «ертең, бүрсігүні» деген ескі әуенін тоқтатар емес. Біз биліктің «жастар елдің болашағы» деген түкке тұрмайтын ұранына қарсымыз. Жастар елдің бүгіні. Сондықтан, саясатқа біз араласамыз.

 

Алдымызға қойған ең басты мақсатымыз - ол жастардың да саяси күш екенін көрсету. Билік тарапынан жасалатын кез-келген мемлекеттің болашағына байланысты шешімдер  халықтың, қоғам өкілдерінің толық ұйғарымымен ғана қабылдануы шарт. Оның ішінде жастардың да пікірі міндетті түрде ескерілуге тиіс. Митинг арқылы билікке, Нұрсұлтан Назарбаевқа өздеріміздің талаптарымызды жеткізіп, сол талаптардың барлығының орындалуын қалаймыз. Ал талаптарымыз әдетінше орындалмаса, біз наразылық акцияларын әрі қарай жалғастырамыз.

 

Біздің митингіге рұқсат беру жөніндегі Алматы қалалық әкімшілігіне тапсырған өтінішімізге әлі күнге дейін жауап жоқ. Олар рұқсат берген жағдайда да, біз қалаған Астана алаңын емес, «Сарыарқа» кинотеатрының артын беруі мүмкін. «Тарихи қоқыс» аталған жерге бармаймыз. Оған  намысымыз жібермейді. Рұқсат берілсін, берілмесін біз өз сөзімізден таймаймыз! Қайткен күнде де Астана алаңына шығамыз. Себебі, билік жастармен санасуға тиіс. Біз тек халқымыздың алдында ғана жауаптымыз. Ал билік халыққа бағынуы керек.

 

Қоғамда біздің митинг жөнінде ақпарат әрқилы. Бізді белгілі бір топтардың саяси ойыншысы ретінде қарастырып жатқандар да бар. Мен өзім де осындай жорамалдың бірнеше нұсқасын естідім. Тіпті бізге қанша қаражат берілгені туралы да аңыз әңгімелер пайда болыпты халық арасында. Бұндай әңгімені кім және не үшін шығарып жүргені мен үшін маңызды емес. Бірақ, ондай ұзынқұлақтарға да үлкен рахмет айтқым келеді. Себебі, олар да біздің 11 сәуір күні өтетін жиынымызды халық арасында насихаттап жүр. Биліктің жастарды саяси науқан кезінде «барып кел, шауып кел» ретінде, саяси қолшоқпар ретінде пайдаланып келгенін бәріміз білеміз. Қоғам алдында жастардың еріксіз, бағынышты, бейшара имиджінің қалыптасуы да осыдан.

Біз қазіргі уақытта барлық мүмкіндігімізді осы наразылық шарасын ұйымдастыруға жұмылдырудамыз. Ешбір партиядан, қоғамдық ұйымдардан қаржылай көмек алғанымыз жоқ. Халықтың наразылық танытып, пікірін білдіруіне қаржының аса қажеттілгі жоқ. Біз тек өзіміздің қолымызда бар мүмкіншіліктерді ғана пайдаланып отырмыз.

Ырысбек Дәбей, «Алаң» жастар әдеби бірлестігінің жетекшісі:

«Бұл жастардың жеке белсенділігі»

-  Бұл митингіні өткізудегі мақсатымыз - қоғамды дүрліктіріп, тәртіп бұзу емес. Қоғамға жастардың азаматтық белсенділігін жеткізу. Ал қандай нәтижеге қол жеткізгіміз келеді дегенге келер болсақ, ең алдымен қалайтынымыз - жастардың көтерген талап-тілектерімен жоғарғы билік санасса екен дейміз. Одан артық не күтеміз. Жиынға рұхсат беріледі деп үміттенемін. Барлығы әкімшіліктің шешіміне байланысты ғой. Бізді саяси ойыншық ретінде қарастырып жүргендерге қатысты айтарым, ондай сөздер айтыла береді. Жоғарыда айтқандай бұл жастардың, жастар ұйымдарының жеке  белсенділігі. Бейбіт түрде өтетін азаматтық шеру. Пайдаланғысы келетін саяси күштер бар шығар, содан сақтану керек деп ойлаймын. Бірақ, біз айтқанымыздан қайтпаймыз. Алаңға шығамыз.

 

Алмас Көшербай, журналист:

«Митингктің заңға қайшы ештеңесі де жоқ»

 

- Осыған дейін бір топ жастар ұйымдары жетекшілері және де басқа қоғамдық қозғалыстар өкілдері, тәуелсіз жастар болып президентке және билікке ескертпе хат жолдаған болатын. Ол хатта көптеген күрделі мәселелер козғалды, соның ішінде  студенттердің әлеуметтік жағдайы да бар. Сондай-ақ  мемлекеттік тілді  үкіметтің деңгейінде пайдалану мәселесі және тағы басқа проблемалар қозғалған. Оған да билік жауап бермеген болатын. 7000 мыңнан астам адам қол қойған хатқа еш жауап болмағандықтан, өз талаптарын митингіге шығып айту жастардың азаматтық құқығы. Мүмкін сол кезде билік жауап беретін шығар. Ал жиыннан күтілетін ең негізгі нәтиже бұл жастардың мәселесін шешу және азаматтық қоғам бар екенін көрсету. Сондай-ак, біздің Ата заңымыз бойынша әр азаматтың өз пікірін митингіге шығу арқылы білдіруге құқығы бар екенін, онда еш қылмыстық негіз жоқ екенін дәлелдеу. Ал оған әкімшілік рұқсат бере ме, бермей ме деп күтудің өзі түсініксіз мәселе. Рұқсатсыз митинг дегенді де түсінбеймін. Сонда мен далаға немесе саяжайға қыдырып қайтқым келсе оған да рұқсат алуым керек пе? Құрбыларыммен, достарыммен сұхбаттасу үшін де рұқсат керек болар? Митинг бұл әр азаматтың заңды құқығы, онда еш заңға қайшылық жоқ. Егер бейбіт жиынның орнына базбұзарлық әрекеттерге жол берілсе, онда ол басқа әңгіме. Ол жағдайда әкімшілік  тарапынан шаралар колдануы керек.  Егер де әкімшілік митингіге рұқсат бермейтін болса, оған олардың себебі болуы керек. Бірақ жастар жиынды бәрібір өткізеді. Ал өтініш бойынша әкімшілік әлі де еш тіс жарған жоқ. Жастарды кездесуге де шақырмады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303