Адам құқықтары жөнінде алға басуышылық көрінбейді
АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы есебі жарияланды.
2009 жылы да елімізде бұл бағыттағы оң өзгерістер көп байқала қоймады. Адам құқықтарына қатысты мынадай мəселелер орын алды:
азаматтардың өз үкіметін өзгертуге қатысты құқықтарын қатаң шектеу;
əскердегі кісі өліміне əкеп соққан əлімжеттік;
қамауға алынғандар мен түрмеге жабылғандарды қорлау;
түрмелердегі денсаулыққа қауіпті жағдай;
заңсыз тұтқындау жəне қамауға алу, тəуелсіз сот жүйесінің жоқтығы;
сөз, баспасөз, ұйымдарға бірігу бостандығын шектеу;
əсіресе құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде кеңінен тараған сыбайлас жемқорлық;
саяси партияларды тіркеу талаптарының тыйым салу сипатында болуы;
үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына шек қою;
əйелдерді кемсіту жəне оларға зорлық-зомбылық жасау;
адам саудасы жəне қоғамдық кемсітушілік.

Мамыр айындағы Қазақстанға сапары барысында БҰҰ-ның азаптау жəне басқа да қатыгездік түрлері, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-əрекет пен жаза түрлері жөніндегі арнайы бақылаушысы Манфред Новак бірнеше түрме мен қамау орнын тексерді. Оның бастапқы пайымы бойынша азаптау елде кең тарамаған, бірақ қалыптасқан жазасыздық жағдайы полицияға қылмысты мойындату мақсатында шектен шығатын қатты соққыға жығу және қылқындыру секілді әдістерді пайдалануға мүмкіншілік береді. Полиция азаптау туралы шағымдарды тергеуді өте сирек жүргізді.
Новактың айтуынша, ол адам құқықтарын бақылаушылар зорлық-зомбылық жиі орын алады деп көрсеткен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне (ҰҚК) қарасты екі қамау орнына барған. Новактың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесте жасалатын қорытынды баяндамасы жылдың аяғына дейін жарияланбады.
Бас прокуратура 2008 жылы болған 146 қылмыспен салыстырғанда осы жылы əскердегі əлімжеттік пен билікті асыра пайдаланушылыққа байланысты 167 қылмыс орын алғанын мəлімдеді.
Үкімет əскердегі əлімжеттік істерін тергеп, сондай қорлыққа қатысы бар жауынгерлердің үстінен іс қозғап, бір жылда 34 істі сотқа жіберді. Қорғаныс министрлігі арнайы тексерулер жүргізіп, аға офицерлерден өз бөлімдеріндегі жағдай туралы жүйелі есеп талап етті.
Түрмелердің жағдай ауыр күйінде қалуда, ал түрме жайлары халықаралық денсаулық стандарттарына сай болмады. Дəрігерлік көмектің жетіспеушілігі әлі де мəселе күйінде қалып отыр. Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметі бойынша, қамаудағылардың жартысына жуығы, əсіресе ВИЧ/СПИД, туберкулез жəне өзге жұқпалы аурулардан емделу үшін дəрігерлік көмекті қажет етіп отыр. Полиция абақтыларында, сотқа дейінгі қамау орындарында жəне түрмелерде жəбір көрсету жайттары орын алды.
Үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық бақылаушылар түрмелер мен қамау орындарындағы жағдайдың бір жыл ішінде жақсармағанын мәлімдеді.
Бақылаушылар қамауға алынғандар мен бас бостандығынан айырылғандардың жәбір көретінін, ал әкімшілік қызметкерлеріне арналған кәсіби біліктілікті арттыру курстарының жоқтығын алға тартты. 2008 жылдың ақпан айында Конституциялық Кеңес тұтқындардың наразылық көрсетуі мен денелерін кескілеу әрекеттерін қылмыстық іс қатарына жатқызатын 2007 жылы сәуірдегі заңнамаға енгізілген өзгерістердің күшін жойды.
Үкімет өткен жыл ішінде қамалған 43 адамның тергеу изоляторларында қайтыс болғанын және 59 адамның өз өмірлерін өздері қиғанын хабарлады. Олардың алтауы сотқа дейінгі қамау орындарында, ал 49 тұтқын түрмеде, және төртеуі полиция абақтысында өз-өздеріне қол жұмсаған.
Түрмелерді бақылаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың арқасында жиналған соңғы статистикалық мәліметке сәйкес елде 50 843 адам түрмеде отырса, және 8 298 адам сотқа дейінгі тергеу орындарында қамауда отыр. Тұтқындардың 47 265-і ер, 3 129-ы әйел, ал 449-ы - кәмелетке толмағандар. Ерлер мен әйелдер және кәмелетке толмағандар бөлек ұсталады. Ал тергеу орындарындағылар түрмедегілерден бөлек ұсталады. Саяси тұтқындар басқа қылмыскерлерден бөлек ұсталды деген мәлімет болған жоқ.
Халықаралық ұйымның толық есебін «Саясат» айдарынан оқыңыздар.