Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5015 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 14:28

Қыз өссе - елдің көркі

Ұлы мен қызы өсіп, кәмелетке толған соң келін түсіріп, қыз ұзату – әрбір әке-шешенің арманы, шықсам деген биігі, ең шатты кезеңі. Бозбала мен бойжеткеннің жүрегінің түкпірінде жүретін түйткілінің бірі – көрікті, көргенді, ибалы өмірсерік табу екені де баршаға аян. Міне, осы жастарды отау тігіп, үйлі-баранды ету мәселесіне қазақ өте-мөте көңіл бөлген. Біз бүгін ата-бабамыздың ертеден келе жатқан құда түсу жол-жоралғысына аз-кем болса да тоқталып өтуді жөн көрдік.
Қазақ құда түсу, некелесу әдет-ғұрпына айрықша мән берген. Елдің салт-дәстүрінде де, мұсылманшылық тұрғысында да некелесу, Алланың алдында жұп болып қосылу, үлкен мағынаға, мәнге ие. Ұл мен қыздың ата-ананың келісімінсіз қосылуына қатаң тиым салынған. Бұл салтты бұзғандарды тегіне қарамай аяусыз жазаланған. Мысалы, ертеде Маңғыстау өңірінде де бірін-бірі іштей ұнатып, әке-шеше разылығынсыз қосылып, атастырған жерге бармай бата бұзған жәйттер ұшырасып отырған. Ел аузындығы аңыздарға қарағанда Қараған түбектегі «Ақшора-Белтұран»,тау бойындағы «Олжаның қызы мен Қарағұлүмбет», Бозашы бетіндегі «Қараман-Кежек», «Қаламқас пен Кент» осылай ант бұзып, жазаланғандардың ескерткіші көрінеді.
Қазақта некелесу салтына айрықша мән беріліп, бұл іске көпті көрген, ақыл тоқтатқан адамдардың араласуын, кеңес бергенін жөн көрген.

Қазақтың некелесу дәстүрі қыз айттырып, құда түсуден басталған.Жігіттің әкесі немесе туыстары жанашыр, жақын адамдарын қыздың үйіне жіберіп, құда түсуге алдын ала келіссөз жүргізетін болған. Бұл топ «жаушы» деп аталған. Егер қыз жағы қарсы болмаса, құда түсудің мерзімі белгіленеді. Қыз жағы жаушыларға немесе олардың жасы үлкендеріне сыйлық ретінде иықтарына шапан жабатын болған. Бұл сыйлық «Шеге шапан» деп аталыпты.
Жаушылардың келіскен мерзімінде жігіт әкесі жақын туыстарының бірін бас етіп бірнеше адамды құдалыққа аттандырады, әлде өзі бастап барады.
Құдалық қалың мал,қыздың жасауы, ұзату тойының мерзімі белгіленнен кейін антпен бекітіліпті. Ол үшін қойдың қанын ағаш аяққа құйып, екі жақтың құдалары оң қолының саусақтарын қанға батырып, құдалықтың шартын бұзбауға ант береді екен. «Бауыздау құда» деген атау осыдан қалса керек.
Ақсақалдар бата бергенде оларға «бата аяқ», ал айттырылған қыз үшін «қарғы бау» атты сыйлықтар беріледі. Бұдан соң екі жаққа «құйрық-бауыр» табағы тартылып, Құдай қосып, анттасқан құда болғандығы жария болады. Қыздың әке-шешесі құдаларға «киіт» кигізіп аттандырады.
Құда болу салты ұл мен қыз бір жасқа толған соң-ақ бастала берген. Келісілген қалың мал жартылай немесе толығымен беріліп, екі жас оңы мен солын танитын болған соң күйеу жігіт қыз ауылына арнайы сапар шегеді. Бұл «Күйеудің ұрын баруы» деп аталған. Осындай сапарға күйеу жолдас есебінде жөн білетін, ысылған сақа жігіт басшылық еткен.
Олар қыз жағына беретін әртүрлі сыйлықтар, тартулар, кәделік ұсақ-түйек бұйымдар ала шығады. Ұрын келген күйеу тобына қыз аулында арнайы үй тігіліп, шағын той қамдастырылады. Кейде осы жерде неке оқылады. Бұл «Ұрын той» деп аталады.
Келесі күні кеште қыз жеңгелері әкесінің үйінде қыз бен жігітті оңашалап кездестіреді. Осыдан бастап күйеу қалыңдығымен жасырын түрде кездесе береді, оны «Қалыңдық ойнау» деп атаған. Сөйтіп қалыңдық ойнау кезеңінде ерлі-зайыптылық дәстүрінің алғашқы түні қыз үйінде өткізілетін болған. Егер қыз бұл сыннан «сүрінсе», оның бұрымы кесіліп масқараланып, әкесінен үлкен кісіге немесе жарымжан кісіге әйелдікке беріледі. «Бұрымың кесілгір», «жарылған жұмыртқа» деген өте жиіркенішті, қарғыс сөздер осындайдан пайда болған көрінеді.Мұндай жағдайда күйеу атының тоқымдары тілгіленіп, аулына қайтарылады, ал қыз жағы алған қалың малын мол айып төлеп, кейін қайтарады. Егер бәрі жақсы өтсе, екі жағы бір-бірінен шүйінші сұрап, той жабдығына кіріседі.
Қыздың ұзатылу тойына күйеу тобын бірқатар қазақ арасында оның шешесі бастап барады. Қыз анасына «Сүтақы», аға-інілеріне ат, ер-тоқым, басқа да ұсақ-түйек кәделерін атайды. Ал Маңғыстау қазақтарында күйеу тобына өмір тәжірибесі мол, орта жастағы жақын-жуықтарының бірі бастап барған. Егер күйеу бұрын ұрын бармаған болса, той басталардан бір-екі күн бұрын шағын той ұйымдастырылған. Оны «Қыз қашар» деп атап, ұрын келіп, “қалыңдық ойнау” рәсімдерін жасаған. Осы кеште қыз жеңгелері күйеу жігіттен «Қол ұстатар», «Шаш сипатар», «Төсек салар» ырымдарын алып, оларды оңаша кездестірген. Ал тойдан 5-6 күн бұрын кететін қыз жеңгелерін, сіңлілерін ертіп жақын туыстарын аралап қоштасатын.
Тойдан кейін қыз әкесі үйінде қыз-күйеулерге қонағасы беріліп, бата жасалады. Аттанарда қыз әке-шешесімен, аға-жеңгелерімен «Сыңсып көрісу» айтып қоштасады.
Ұзатылған қыз күйеу ауылына жақындағанда бір топ қыз келіншек қарсы алып, жас келінді жаяулатып әкеледі. Той алдында «Беташар» болады. Келіннің бетін ақын жігіт ашып, өсиет, ақыл-кеңес беріледі. Одан соң шашу шашылып, «Келін көрімдігі» беріледі. Той өткен соң келіннің сәукелесі алынып, жаулық тартылады, екі бұрымының ұшы біріктіріліп шолпы тағылады. Бұл жағдайлар оның күйеуі бар әйелдер қатарына қосылғандығы болып есептеледі. Жас келін бір балалы болғанша төркініне қатынамайтын дәстүр болған. Бұл келіннің жаңа шаңыраққа, жаңа елге алаңсыз үйреніп кетуі үшін істелген. Ал келіншек бір балалы болған соң төркініне баласы мен күйеуін ерте келіп, сағынышын басып қайтатын көрінеді. Бұл «Ұзатылған қыздың төркіндеу салты» деп айтылған. Әкесі 1-2 қара мал, жылқы, түйе, біршама ұсақ мал атаған. Мұны «Төркін сыбаға» деп атаған. Егер қыз әкесі болмаса бұл салтты орындау ағасының міндетіне кірген. Осы сапармен құдалық жолмен үйлену дәстүрі, оның төңірегіндегі алыс-беріс ырымдары аяқталатын болған.
Міне, осы жоралғы-дәстүрлердің бәрі жас отау босағасының берік,шаңырағының биік болуына, ерлі-зайыптылардың тату-тәтті тұрмыс кешуіне негіз салған. Ал бүгінгі күні ше? Кешегі кеңес дәуірінде бұлар ескіліктің қалдығы ретінде қазақ өмірінен аластатылды. Тарихынан, ата-баба салт-дәстүрінен жұрдай дүбәра ұрпақ дүниеге келді. Тәуелсіздік таңы әлдеқашан атса да, орта буын болашақ ұрпаққа өнеге болатындай жолды әлі де үлгі қылар емес. Азаматтық неке деген пәле шықты. Бірақ біз бұны келесі мақаланың еншісіне қалдырдық…

Аллаберген Қонарбаев, Шетпе ауылы
«Үшқиян» газеті, 21 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395