Қой терісін жамылған қасқырлар немесе Ақтөбелік Көбеновтер отбасы туралы
2004 жылы жергілікті облыстық «Провинция» газетінде «Два лица одного лидера» деген мақала жарық көрген еді. Бұл мақалада «Қазақстанның болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сырым Әбдрахманұлының істеп жүрген алаяқтық іс әрекеттері, бірлестіктің ережесінде жазылған мақсаттарына қарама қайшы келетін «ерліктері» туралы жазылған екен. Мақаладағы келтірілген мысалдарға сүйенсек шынында да Сырым Әбдрахманұлының істеп жүрген істеріне қарап «Қазақстанның болашағына» қарның ашады, «мұндай жетекшілер басқарған елдің болашағы жоқ» деп кесіп айтуға негіз бар еді. Мақала авторын «батыр» Сырым Әбдрахманұлының сотқа бермегеніне қарап ақ бұл мысалдардың шындық екенін топшылаған едік.
Енді, осы мақаланың шыққанына алты жылдай уақыт өткен соң қайта оралып отырған себебіміз не? деген заңды сұрақ туады. Оның себебі, жақын арада маған сол мақала кейіпкері, екі жүзді Сырым Әбдрахманұлының Астана қаласында, білім министірлігінде белді қызмет жасайтыны белгілі болды. Содан соң маған, «бұл қалай, мұндай «ерлердің» орны «түзеу колониясы» емес пе еді, ол «түзеу колониялары» бұл ерді қалай тез әрі жақсы түзеп жіберген» деген ойлар мазалап, сұрастыра бастадым.
2004 жылы жергілікті облыстық «Провинция» газетінде «Два лица одного лидера» деген мақала жарық көрген еді. Бұл мақалада «Қазақстанның болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сырым Әбдрахманұлының істеп жүрген алаяқтық іс әрекеттері, бірлестіктің ережесінде жазылған мақсаттарына қарама қайшы келетін «ерліктері» туралы жазылған екен. Мақаладағы келтірілген мысалдарға сүйенсек шынында да Сырым Әбдрахманұлының істеп жүрген істеріне қарап «Қазақстанның болашағына» қарның ашады, «мұндай жетекшілер басқарған елдің болашағы жоқ» деп кесіп айтуға негіз бар еді. Мақала авторын «батыр» Сырым Әбдрахманұлының сотқа бермегеніне қарап ақ бұл мысалдардың шындық екенін топшылаған едік.
Енді, осы мақаланың шыққанына алты жылдай уақыт өткен соң қайта оралып отырған себебіміз не? деген заңды сұрақ туады. Оның себебі, жақын арада маған сол мақала кейіпкері, екі жүзді Сырым Әбдрахманұлының Астана қаласында, білім министірлігінде белді қызмет жасайтыны белгілі болды. Содан соң маған, «бұл қалай, мұндай «ерлердің» орны «түзеу колониясы» емес пе еді, ол «түзеу колониялары» бұл ерді қалай тез әрі жақсы түзеп жіберген» деген ойлар мазалап, сұрастыра бастадым.
Сөйтсек, Сырым Әбдрахманұлы деген «батырың» түзеу колониясына бармай ақ аяқ астынан «өзінен өзі түзеліп кеткен» екен. Ол сол «ерліктерінен» соң тез арада «Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төраға орынбасары, Ақтөбе облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының жастар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Осыдан соң кейбіреулердің «Отан» партиясында тек қана ұрылар жиналған, ұрылыққа үйрететін партия» деп жүргендері бекер ме деп те ойлап қаласың. Сырым Әбдрахманұлы деген «батырың» осыдан соң бір жылдай уақыт көлемінде бас айналдырар карьера жасап, Республикалық білім министірлігінің кадр бөлімінің бастығы, басқарма бастығы қызметтерін атқарған. Осыдан соң «золушка» туралы ертегіге сенбей көр. «Қазақстанда әділдік жоқ, бәрі коррупционерлер» деп жүрген оппозиция серкелерінің сөздеріне де сенімсіздік туғыза бастаған едім, «міне, Сырым Әбдрахманұлы деген азамат өз еңбегімен осындай мансаптарға қол жеткізген» деп ойлана да бастағанмын. Бірақ...
Осы бір «бірақ...» деген сөзді кім ойлап шығарғанын білмеймін, әйтеуір оңған сөз емес екен, бәрін бүлдірді де тастады. «Бақсам бақа екен» дегендей, өзін өзі Сырым Әбдрахманұлы деп жүрген «батырымыз» шындығында Әбдрахманұлы емес «Сырым Ізімғалиұлы» екен. Оған мұндай «маскировка» неге керек болғанын мен білмеймін бірақ, Сырымның орнында мен болған болсам Ізімғалиұлы болуға мен де қарсы болған болар едім. Себебі дейсіздер ме? Айтайын.
Ақтөбе облысында Ізімғали Көбеновті білмейтін адам кемде-кем. Сіздер ойлап қалмаңыздар «ол бір беделді адам екен» деп. Халық Ізімғали Көбеновті облыстық аурухананың бастығының орынбасары болып жүргенде ауруларға бөлінген халықтың ақшасын ұрлап сотталғаны, кафеде арақ ішіп, аузына келгенін сөйлеп, келушілерді балағаттап, басу айтқан әлсіз кафе иесі, әйелді ұрып сотталғаны, депутаттыққа кандидат кезінде Ойыл ауданы халқына «маған дауыс берсеңдер ойылға поезд жүретін болады» деген суайттығы, бүгінгі күні өзі оппозициялық «Ақ жол» партиясының төрағасы бола тұра, әкімқаралардың «шестеркасы» болып, шенеуніктер түшкірсе, «жәрікімалласын» айтып құлап-сіріне жүгіретін, адам жеркенетін қылықтары жағынан жақсы біледі. Әлгі екіжүзді баласының «Әбдрахманұлы» болып жүргенінің себебі, мүмкін осыдан шығар.
«Сырым Әбдрахманұлы» деп жүргеніміз осы Ізімғали Көбеновтің ұлы екенін білгенімізде, оның қалай аяқ астынан «министірлік қызметкері» болып кеткенін түсінгендей болдық. Ізімғали Көбенов «Ақ жол» филиалы төрағасы болып сайланғанда, «күні кеше жұмыссыз қаңғып, оқуын тіпті сырттай бітіре алмай жүрген, «двоечник» баласы аяқ астынан «Отан» партиясының облыстық филиалына, бастық орынбасары қызметіне сайланды, ол бұған дейін тіпті «Отанға» мүше де емес еді. «Ақ жол» мүшелері бұған аса мән берген жоқ, мұны айтқан бірнеше ары таза «Ақ жол» мүшелері Ізімғали Көбенов және билік тарапынан қудалануға ұшырады. Қалған партия мүшелері Сырым Әбдрахманұлының бұл бас айналдырар каръерасы билік пен әкесі Ізімғали Көбеновтің арасындағы келісілген ойын екенін «білсе де білмеген, көрсе де көрмеген» болып, үнсіз отырды.
Жоғарыдан келісілген «сценарии» бойынша облыс, қала, аудан әкімдері тізіммен шақырылған «тұрғындардың» алдында жыл бойы істеген істері туралы есеп беру спектакілін қоятынын бәріңіз білесіздер. Сондай спектаклді Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов те қала шағын аудандарында қойып шықты. Осындай спектакль 12 елді мекенде қойылған болса, Ізімғали Көбенов соның бірде біреуін жібермей, әкімнің «командасымен» бірге алдыңғы қатарда отырып қатысып шықты. Айтарсыз, «дұрыс қой, саяси партия, қоғам өкілі т б., халықтың мұң мұқтажын тыңдауы» деп. Осылай болса әңгіме басқаша ғой, бірақ.. Осы елді мекендердің бірінен келген, жасы жетпіске жақындаған Алмағанбет ақсақалдың айтуы бойынша: спектакль барысында тұрып жатқан аулының көшесіндегі мәселелерді әкімге айтқан қарияға, әкімнен бұрын Ізімғали Көбенов орнынан атып тұрып дүрсе қоя берген. Ақ сақалды, әкесімен қатар адамға аузынан көбігін шашып, аузына «ақ ит кіріп, қара ит шығып», қойыңыздар деген адамдарға қарамастан әкімнің алдында өзінің «адалдығын» көрсеткен. «Айналайын сенің не жұмысың бар, мен әкімге қойып жатырмын ғой сұрағымды» деген қарияға, «әкімнің мазасын алма, уақыты жоқ» деп, тар жерге тарақан болып қыстырылысқан.
2009 жылы облысымызға белгілі кәсіпкер Қуандық Әлішев пен облыс әкімі Елеусін Сағындықов арасында түсініспеушілік болып, Қуандық Әлішев облыс әкіміне БАҚ арқылы өзінің сұрақтарын жолдады. Сол уақытта облыстағы біраз мемлекеттік мекемелердің әкімге бағынышты басшылары қол қойған, әкімге қолдау көрсетіп, ал шындықты айтқан Қуандық Әлішіпті айыптаған ашық хаттары әкімге бағынышты БАҚтарда жарық көрді. Сол қол қойғандардың ішінде Ізімғали Көбенов те бар еді. Біздің айтайын дегеніміз оның бұл тізімге қалай кіріп кеткені емес, оның әкімге жақын, «жеткізіп барады-ау» деген адамдардың арасында «бірінші қол қойған мен» деп қайта-қайта айта беруі еді. Сырт көзге өте жиіркеншті көрінеді екен.
2009 жылы облыс әкімдігінде өткен дағдарысқа байланысты жиында, билік өкілдерінің ұйымдастыруымен, ешбір партия өкілдерімен ақылдаспастан, жиын арасында биліктік БАҚ өкілдеріне, облыстағы барлық партиялардың атынан «саяси, экономикалық, партиялық т. б. жұмыстарға мораторий жариялау туралы шешім қабылдағандары» туралы интервью берген. «Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам дегендей» кейіннен бұл өтірігі ашылып, басқа барлық партия өкілдері «араларында мораторий туралы әңгіме де болмағандығын» жариялап жатты. Ар, ұят дегеннің не екенінен хабарсыз Ізімғали Көбенов бұған да мыңқ еткен жоқ, шенеуніктердің алдында «ләббай тақсырлап, жорғалап» түк болмағандай әлі жүр.
Халық даналығы «Алма, алмағаш түбінен алысқа құламайды» дегендей, Ізімғали Көбеновтің «екі жүзді» баласы Сырым Әбдрахманұлынан басқа Абат Көбенов деген кіші ұлы да бұл екеуінен алысқа ұзамаған. «АПК» колледжінің мұғалімдерінің айтуы бойынша оның орнына әкесі оқып шыққан. Кәзір, жер басқармасы мекемесінде жер сатумен айналысады. Ресми емес аты «өзбек».
Тургенев көшесі тұрғындарының айтуы бойынша Көбенова Ақжарқын («жаман иттің атын бөрібасар қояды» деген халық даналығы еске түседі) деген Ізімғали Көбеновтің туған апасы да олардың біраз «қанын ішкен». Тырнақ астынан кір іздеген, айқай, ұрысты іздеп жүретін Көбенова Ақжарқын басқа жерге пәтер алмастырғанда олар қуанғандарынан садақа беріп, той жасаған екен.
Бұл, «қой терісін жамылған қасқырлар отбасының» мұндай ерліктерін «Ер төстік» немесе «Манас» жыры сияқты таңға айта беруге болар еді, бірақ, одан халыққа еш пайда жоқ. Бабаларымыз «аңқау елге арамза молда» дегендей, халқымыз аңқаулығын қоймаса, осындай арамзалар отбасы қанын соруын қоймайды. Ағайындар, аңқаулықтан арылатын кез жетті, көздеріңізді ашыңыздар! Арамзаларды араларыңыздан аластаңыздар!
Азамат Дос