Жиреншенің тырнақалды туындысы
Алғы сөз
Армысың қасиетті оқырман! Бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жазу көптен бері ойымда жүр еді. Мамандығым кәсіби журналист болмаса да, өзім байқап жүрген және өзгелердің хабарлаған жаңалықтары негізінде тұрақты түрде сараптамалық мақалалар жариялауды мақсат тұттым.
Мақалаларымды «Жиренше» атымен жариялайтын боламын. Өзіме осы атты таңдауымның себебі; халыққа кеңінен танымал, сөз иесі болған бабамыздың жолымен: "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", - деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойылған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы - СӨЗ. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Қызылағаштағы су тасқыны туралы
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қызылағаш аулындағы су тасқыны салдарынан опат болған адамдардың саны 37- ге жеткен және іздестіру, құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Оқиға орнында 741 адам және 112 арнайы техника жұмыс істеуде. (Азаттық радиосы)
Қызылағаштағы оқиға туралы БАҚ толықтай хабарлауда. Арнайы көмек қоры ұйымдастырылып ел болып көмектесуде. Үкімет тарапынан халыққа көрсетілетін жәрдемақы мөлшері де белгіленді.

Алматы облыстық прокурорының орынбасары Қыдырәлі Оспанов Азаттық радиосына берген сұхбатында сезікті ретінде бес адамның ұсталғанын жеткізді. Оның айтуынша, бес адам қазір тергеу изоляторында уақытша қамауда және олардан су тасқыны оқиғасына байланысты жауап алынуда.
- Су тасқынына байланысты наурыздың 12 сі мен 13 і күні екі қылмыстық іс қозғалды. Қозғалған істер бойынша, Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов, «Қызылағаш» СКПБ ның басқарма төрағасы Қуаныш Бекеев пен директоры Мұхит Жүнісов, Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Евгений Енин, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің бастығы Құныбек Байзақов күдікті ретінде ұсталды,- деді Қыдырәлі Оспанов. (Азаттық радиосы)
Осы хабарларды оқып отырып оқырман белгілі дәрежеде ақпарат ала алады және осы апат қалай орын алды және осы жылы аяқ астынан неге су тасқыны болды деген заңды сұраққа жауап іздейді.
Қызылағаштағы су қоймасы жеке меншікке берілгеннен бастап түрлі заңсыздықтар орын алған. Мысал ретінде: Су қоймасының электр жүйесінің ақаулығы және аумақтағы электр столбтары мен электр сымдарының талан таражға түсуі, су қақпаларының біреуінің он жылдан бері жұмыс істемейтіндігі, сонымен бірге заманында электр қуатымен автоматты түрде ашылатын қақпаның механикалық жағдайға көшірілгендігі болашақта апатты жағдайдың орын алуына белгілі дәрежеде негіз болуы мүмкіндігі белгілі.
Электр қуатымен ашылатын қақпаны механикалық жолмен ашу үшін қарулы жиырма-отыз жігіт сағаттап бұрау керек. Яғни, қақпа бұрандасы 72 мәрте бұралғанда 1 см-ге ғана қақпа ашылады. (Ертегідегі құпиялы қақпалардың өзі жылдам ашылатын шығар).
Су қоймасының апатты жағдайда екендігі туралы «Қазселден қорғау» мекемесі 2003 жылы жасалған арнайы тексеріс нәтижесінде белгілі болған. Бірақ қазыр белгілі болғанындай апатты жағдайды алдын алу және ақауларды жөндеу жұмыстары су қоймасының иелері тарапынан жасалмаған.
Апат болатын күні 42 млн текшеметр су сиятын су қоймасының табанына жақын орналасқан негізгі су қақпасы жабық болыпты. егер, ол ашық болғанда секундына 260 текшеметр су өткізетіндіктен ешқандай апат да болмас еді. Осыдан барып су қоймасының қожасы қайда қараған деген сауал туады. Жұрттың айтуынша, олар үшін адам өмірі бес тиін, жазда сатып ақша табатын суды ғана ойлаған.
Апаттың негізгі себептері туралы нақты мәліметтер су қоймасы қызметкерлері тарапынан алынғандықтан, белгілі дәрежеде шындыққа жақын әрі мамандар пікірі деп есептеуге негіз бар.
«Апат айтып келмейді» деген халық нақылын оқып отырып осы жағдайларда таңқалдырарлық оқиғаларды көріп отырып, еріксіз езу тартуға тура келеді.
Бір жағынан ең оңай тұжырымдама апатқа жауапты су қоймасы қожасы және жергілікті билік деп ойлайсың.
Екінші жағынан қарасаң, күдікті ретінде ұсталған Қызылағаш ауылдық округінің әкімінің осы аумақта, тіпті облыс көлемінде билік жүргізіп, су, электр, жеке меншік құқығын беру, тексеру комиссиясының шешімдерін өзгерту және сонымен қатар барлық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға да басшылық жасайтын «Әмбебап Әкім» болғаны ма деген ой туындайды. Осы жағдайға қарап мақтанамыз ба, әлде жылаймыз ба деген ойға қаласың.
Бұл жағдайлар еліміздің дамуы ма, әлде өзгеше жағдай ма деп болашаққа қарайсың. Аталмыш жағдайлар апат болған Қызылағаш ауылындағы жағдай ғана емес, барлығына тән деп есептеуге бола ма? Ондай жағдайда алдымызда тағы не күтіп тұрғанын ойлау...
Жиренше