Сенбі, 23 Қараша 2024
Зерттеу 8206 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 11:48

Аутсайдерлер ондығын Статистика агенттігі бастап тұр

 

 

 

 

               

 Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз аралығында «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің министрліктері мен агенттіктерінің 2013 жылдағы және 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс сапасына қатысты объективті баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға бизнес қауымдастығынан, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығынан жоғары тәжірибелі 39 сарапшы қатысты.       

Құрылымдардың жұмыс сапасын бағалау үшін 10 негізгі өлшемнің маңыздылығы есепке алынды. Ал әрбір әкімшіліктердің жұмысы 7 балдық жүйемен («1» - ең төмен, «7» -ең жоғары) бағаланды.

Зерттеу нәтижелері орташа балдарды анықтау арқылы SPSS бағдарламасымен есептелді. Жалпы рейтингті есептеу үшін зерттеу нәтижелеріне арифметикалық амалдар («салмақтарды» есепке ала отырып, қосу мен орташа арифметикалық балдарды шығару арқылы) қолданылды.

Зерттеу нәтижесі бойынша маңыздылығы бойынша өлшемдер деңгейі төмендегі кестеде анықталды:

Факторлар 

Салыстырмалы салмақ

Бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуы бойынша бақылауындағы құрылымның жетістіктері

5,18

Сала бақылауындағы үрдістердің динамикасына құрылымның ықпалы

4,2

Құрылымның сыбайлас жемқорлық дауларында көрінуі

4,03

Қазақстандық элитадағы бірінші басшының орны

3,71

Шешімдерді қабылдаудағы құрылымның «ашықтығы»

3,43

Бірінші басшының жеке және кәсіби қасиеттері

3,29

Дағдарысқа қарсы басқару қабілеттері

3,24

Қоғамдық бақылау транспаренттілігі

3,06

Биліктің басқа органдарымен өзара әрекеттесу қабілеті

2,88

Бірінші басшының мансаптық өсу болашағы

2,18

Қазақстан Республикасы Үкіметінің министрліктері мен агенттіктері қызметтерінің тиімділік өлшемдері негізінде бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуы бойынша бақылауындағы құрылымның жетістіктері ең жоғары орынға ие болды. Аталған өлшем басқа өлшемдерге қарағанда әлдеқайда жоғары (7 балдық шкалада 5,18  балл алды). Үштік көрсеткіштерге «сала бақылауындағы үрдістердің динамикасына құрылымның ықпалы» мен  «құрылымның сыбайлас жемқорлық дауларында көрінуі» өлшемдері де енді.

Субъективтік мәнге ие «қазақстандық элитадағы бірінші басшының орны» факторы өлшемдер маңыздылығы бойынша төртінші орынға орналасты. Сарапшылардың бағалары бойынша «шешімдерді қабылдаудағы құрылымның «ашықтығы» өлшемі бесінші орынды алды.

Министрліктер мен агенттіктердің табыстылығын анықтаудағы маңыздылық бойынша аса жоғары емес өлшемдер анықталды: «қоғамдық бақылау транспаренттілігі», «биліктің басқа органдарымен өзара әрекеттесу қабілеті», «мансаптық өсуінің болашағы».  

Осы аталған өлшемдерге сай сарапшылар 2013 жыл қорытындысы мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыс сапасы бойынша ҚР Үкіметінің министрліктері мен агенттіктері келесі кестеде орналасты:


 

                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       

Аз уақыт қызмет етуіне байланысты зерттеуде жаңадан құрылған Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі мен Байланыс және ақпарат агенттігінің жұмыстары бағаланбады. Келесі зерттеуде аталған агенттіктер көрініс табады.

 

Үкімет құрылымдарының көптігін ескере отырып, «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі тек көшбасшылар мен аутсайдерлер топтарына аса мән бермек.

Жыл қорытындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігінің жұмысы ең табысты деп танылды. Максималды табыстылық көрсеткіштерімен салыстырғанда, бұл құрылым екі есе төмен  (3,07 балл) бағаға ие болды.

Дегенменде, 2013 жыл қазақстандық дипломатия үшін табысты болды.  Мәселен, ҚХР жаңа төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екі рет (Боаос форумы аясында және Астанаға Си Цзиньпиннің мемлекеттік іс-сапары барысында) кездесті.

Сонымен қатар, өткен жылы мемлекеттің АҚШ-пен жаңа әріптестік механизмі (Ғылыми-техникалық әріптестік жөніндегі комиссиясы) пайда болды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, инновация, баламалы энергетика, ақпараттық технология және т.б. салалар бойынша бірлескен жұмысты меңзейді.    

Сондай-ақ, 2013 жылы Еуропа одағы мен Еуропа мемлекеттерінің жоғары лауазымды тұлғалараның, оның ішінде Еурокомиссия Төрағасы Жозе Мануэль Барроза мен Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмероннің Қазақстанға ресми іс-сапарлардың көптігімен ерекшеленді.

Ал 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның ұсынылуы айрықша оқиға болды. 

2014 жылдың бірінші тоқсанында СІМ Украинадағы ішкі саяси жағдайының жағымсыз салдарын азайтуға, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол қою дайындығына назар аударды. Министрліктің салмақты бағалары, Қазақстан мүддесін қорғау ниеті сарапшылар қауымдастығында оң бағаланды.

ҚР Қаржы министрлігі 2013 жыл мен 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс сапасы бойынша тиімді құрылымдардың екінші орнына орналасты. Аталмыш құрылым өткен жылы  15 нақты іс-шаралармен ерекшеленді. Тексеріс барысында қаржы заңнамасын қадағалау мәселесіне мән берілді.

Бұл құрылымның тиімділігін жыл соңында Болат Жәмішевтің өңірлік даму министрі болып тағайындалуы жанама түрде дәлелдейді.

2014 жылдың бірінші тоқсанында мекеме жұмыс қарқынын бәсеңдетті. Бәлкім, бұл министр Бахыт Сұлтановтың мекеменің жұмыс тәртібіне енуінің созылып кетуімен байланысты.

Қазақстан Республикасының табысты министрліктері үштігіне Мұнай және газ министрлігі енді. Мұнай-газ саласындағы нәтижелер позитивті динамиканы көрсетіп отыр. 2013 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 81,8 млн. тоннаға жетіп, үш мұнай өңдеу зауыттарында 14,296 млн. тонна мұнай қайта өңделді. Мемлекет қажеттіліктерін сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу зауыттарды модернизациялау және қайта құру жұмыстары жалғасуда.

 2013 жылы газ өнеркәсібі саласында Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 500-ден астам елді-мекендерді газбен қамтамасыз ететін ірі көлемді «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобасының  бірінші сатысы аяқталды.  Қазан айында «Бозой-Шымкент» учаскесі пайдалануға берілді.

Жылдың сәтсіздігі құбыр жүргізу жүйесінің төменгі сапасына байланысты мұнайшылардың Қашаған кен орнындағы жұмыстың кешеуілдеуі болып табылады. 2014 жылдың бірінші тоқсанында аталмыш жобаны іске асыру мүмкіндігінің жоқтығын анықтады. Жобаның құбыр жүйесін толық қайта жасақтау қажеттілігі туралы көзқарас пайда болды. Өз кезегінде бұл жобаның екі жылға кейін шегерілуіне әкелмек. Оған қоса, Қазақстанның бірқатар оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары құбырларды сапасыз балқытып біріктіру жұмыстарын жүргізген «Ерсай каспиан контрактор» мердігер компанияның қатысты екендігіне (компанияға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев пен Қоршаған орта және су ресурстар министрі Нұрлан Қаппаровтың қатысы барына) назар аударды. 

2013 жыл мен 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындысы бойынша Премьер-министр кеңсесі төртінші орынға орналасты. Құрылым жұмысының жабықтығы, оның басшының жариялылығының төмендігі мен халықпен тікелей байланыстың жоқтығы арқасында жалпы рейтингтің жақсы бағаларына иеленді. Дейтұрғанмен де, Кеңсенің кейбір құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жұмыс сапасына сын айтылуда. Өткен жыл резонансқа толы Үкіметтің әлеуметтік бастамалары бойынша қазақстандықтар Премьердің дер кезінде түсініктемелерін ести алмады. 2014 жылдың ақпанында теңгенің девальвацияға ұшырауы бойынша экс-премьер Серік Ахметов түсініктеме беруден қалыс қалды.

Жыл соңында басшысының ауысуына қарамастан, жыл қорытындысы мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыс бойынша ең тиімді бестік құрылымдар ішіне Дін істері агенттігі де енді. Қазіргі таңда құрылымның басшысы болып  Марат Әзілханов тағайындалды (оған дейін ол агенттіктің төраға орынбасары болды).

Агенттік барша конфессия кеңістігін жүйелендіру бойынша белсенді жұмыс атқара білді. Сонымен бірге шығарылып жатқан және сырттан кіргізіліп жатқан әдебиеттердің мазмұндық қырларын қадағалауға күш салды.  

Үкіметтің ең тиімді құрылымдарына Әсет Исекешев басқарып отырған Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi кірді. ҮИИД бағдарламасын  жүзеге асыру бойынша айтылып жатқан сындарға қарамастан, министрлік өнеркәсіптік өндірісте өсім динамикасын қамтамасыз ете білді. Индустриализация картасын жаңартқаннан кейін жобалар саны 872-ге жетті.

2013 жылы министрлік индустриализация бағдарламаларын іске асырудағы жүйелі жұмыс жасауға бағытталды. Жыл бойы министр әлемдік экономикада тұрақсыздықтың орын алуына қарамастан, өнеркәсіпте оң динамика сақталғанын («АрселорМиттал Темиртау» АҚ тұрақсыз жұмысына байланысты металлургия саласынан басқа) айтып келді.

Әлі де болса, министрліктің басты проблемалары сақталып отыр. Олар: индустриалды жобаларды жүзеге асыру барысындағы жемқорлық шығындарының жоғарғы деңгейі, құрылыс сметаларындағы бағаның асқынуы, іске қосылған кәсіпорындардағы жұмысбастылықтың толық еместігі.  

Аутсайдер құрылымдар тізімдеріне резонансқа ие болған Үкіметтің әлеуметтік бастамаларын көтерген министрліктер  еніп отыр. «Аутсайдерлер ондығын» ҚР Статистика агенттігі бастады. Президенттің Статистика агенттігіне қояр басты наразылығы - беріліп отырған статистикалық мәліметтердің үлкен қателіктердің болуы. Себебі негізінде агенттік қазақстандық экономика мен әлеуметтік саланы «өз қолында ұстап тұруы» тиіс. Тәжірибеде көптеген әлеуметтік көрсеткіштер шынайы жағдайды бейнелемейді. Шынайы жұмыспен қамту, инфляция деңгейі, ішкі миграция мөлшері және т.б. көрсеткіштер  үлкен күдік туғызады. 

2014 жылдың бірінші тоқсанында Агенттікке сын айтылды. Сонымен қатар, Президент әкімдіктердің жұмыс сапасын бағалауда кешенді жүйені жасауды тапсырды. Бірақ та сарапшылар қауымдастығы 100-ге тарта көрсеткіштері бар Агенттіктің жобасын қолайсыз және аймақ әкімшіліктерінің қызметін сараптауда әлсіз икемденеді деп есептейді.  

Сарапшылардың бағалары бойынша, Білім және ғылым министрлігі өткен жыл мен 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындыға сәйкес тиімсіз құрылымдар қатарына кірді. Мемлекет Басшысы анықтаған саладағы шексіз реформаларға халық тарапынан көңіл толмаушылық сезіліп отыр. Және бұл үрдіс білім беру сапасына еш ықпал етпейтіндігін көрсетіп тұр. Құрылым басшылары да білім сапасы деңгейінің төмендігін, колледж түлектерін жұмыспен қамту деңгейінің төмендігін, ЖОО-да жемқорлықтың жоғарлылығы мен оқыту сапасының төмендігін, ғылыми зерттеулердің тиімсіздігін, ғылыми еңбектерді жазудағы плагиаттың орын алғанын мойындап отыр.  

Себептердің жиынтығын есептей отырып, Президент осы құрылымның басшысын ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бірақ та жаңа министрдің жұмысына байланысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Оған, тіпті, Аслан Сәрінжіповтың  ұстаздық жұмыс өтілінің жоқтығы да бола алады.

«Аутсайдерлер ондығы» қатарына Ішкі істер министрлігі кірді. Құрылымның төменгі көрсеткіштері немен байланысты? Ең бірінші – ішкі істер органдарындағы жемқорлықтың белең алуы. Құрылым басшыларының сөзі бойынша, аймақта полиция қызметкерлері қылмыс санын жасырып келеді. Оған қоса, қылмыстық іс қозғау туралы түскен арыздар бойынша негізсіз бас тарту шешімдердің орын алуы кең етек алуда.

Министрліктің өзі берген мәліметтері көрнекті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  56 ішкі істер қызметкерлері жұмыстан шығарылды, 26-ы қызметтерінен босатылды. 2013 жылдың тек төрт айында ғана ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен 374 қылмыс тіркелді.   

Президент бұл мәселеге қатты назар аударды. Ол ішкі істер қызметкерлері мінсіз тәртіппен, жоғары кәсібилікпен ерекшеленуі тиіс екендігін мәлім етті. Мемлекет Басшысы өз Жолдауында ІІМ қызметкерлеріне «жұмыс жасау жағдайлары жасалды, қоғам сіздерден тиісті қайтарымды күтеді» деп басып айтты.

2014 жылдың бірінші тоқсанында жаңа дау туындады. ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев ІІМ есірткілерді өткізу деректерін бұрмалайтынын жеткізді. Соның барлығы Ішкі істер министрлігінде жұмысты ұйымдастыру деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. 

Зерттеу қорытындысы бойынша тиімділігі төмен бестік құрылымдар қатарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кіріп отыр. Бұған өткен жылы қазақстандық қоғамда дау тудыртқан фактілермен байланыстыруға болады. Нақтырақ, зейнетақы реформасы мен әйелдердің зейнет жасын 63 жасқа дейін ұлғайту бастамасы. Реформаны ақпараттық қолдау сәтсіздігінен кейін Елбасы реформаның мерзімін кейінге қалдыру туралы мәлім етті. Ал құрылымның басшысы орнынан босатылды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша құрылым жинаған статистика мәліметтері үлкен күмән келтіреді. Құрылым басшысының мәліметі бойынша, еңбекке жарамды қазақстандықтардың 95%-ы жұмыспен қамтылған және 250 мыңнан астам адамды жұмыспен қамти алған «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бірақ та Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 33%-ын құрайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың мәселесі ретке келтірілмеді. Аталмыш категория алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ал ең басты мәселе – зейнетақы аударымы, дәлірек оның жоқтығы болып отыр.

Тиімділігі төмен бестік құрылымдар қатарына өткен жылы даулар ортасына қалған Ұлттық ғарыш агенттігі де енді. Мәселе Қызылорда облысында «Протон» зымыран тасығышының құлауында болып отыр. Қазақстандық тараптың еш кінәсі жоқ болса да, күн тәртібінде елдің ұлттық мүддесінің басымдығы мен қазақстандық тарапынан оны қорғау жағдайы, оның ішінде Қазақстанның экологиялық ахуалына кері әсер ететін жоғары токсикалық отынды пайдалануымен ұшыруларды қысқарту қажеттілігі тұрды. 

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары «келісімге сай Қазақстанның экологиялық ахуалына кері әсер ететін «Протон» зымыран тасығыштарды ұшырылуын ресейлік тарап кезең-кезеңімен қысқартуды қамтамасыз етеді» деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме қазақстандық халқы арасында үлкен резонанс тудырды және осы мәселеге қатысты агенттік басшысының анық емес позициясы ашу-ызаны оятты.    

Жыл қорытындысы мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысы бойынша тиімділігі төмен үштік құрылымдар тізімін Денсаулық сақтау министрлігі бастап отыр. Қазақстан халқының денсаулығы жағдайының оң динамикалық көрсеткіштеріне қарамастан, халық арасында мемлекет тарапынан кепілдік беретін дәрі-дәрмектерге қолжетімділігі бойынша наразылық туғызады. Қазақстандағы денсаулық сапасы әлі де болса халықты толғандыратын өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өткен жыл министрлік емделуге мүмкіндігі жоқ халықтың қатынасымен байланысты даулармен қатар, тегін медициналық көмекке құқығы бар дау-дамайлардың ортасында қалды.

Сарапшылардың бағаларына сәйкес, Қорғаныс министрлігі Қазақстан тиімділігі төмен құрылымдар ішіне кірді. Аталмыш құрылым түпкілікті қайта құруды қажет етеді (оның ішінде мемлекеттік әскери реформаның қажеттілігі). Мәселе әскердегі ахуалға қатысты. Себебі бұл мәселеге мемлекет Басшысы да назарға алған еді. 

Дейтұрғанмен де, жүйелі қайта құру туралы министрлікте сөз қозғалмай отыр. Қазақстандық сарапшылар министрліктің ішкі мәселелерін құрылымның объективті жабықтығымен түсіндіреді. БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қатысты даулар, жылдан жылға әскердегі төтенше жағдайлардың орын алу фактілері жарияланып жатыр.

2014 жылдың бірінші тоқсанында Қорғаныс министрлігі басшылығында ауыс-түйістерге әкелген вице-министр Бағдат Мәйкеевтің тұтқындалуы үлкен резонанс тудырды. Назар аударарлық жәйт, көптеген жемқорлық даулар Украинамен әскери-техникалық әріптестік саласы бойынша байланысты болып отыр. Украиналық серіктестермен өзара әрекеттесуді көбіне «көлеңкелі» сызбалардың қолданылуымен байланыстырған. Осыған орай, ҚР ҰҚК мен РФ Федералды қауіпсіздік қызметнің сапалы өзара әрекеттесуінің арқасында аталмыш фактілер анықталды.

Сарапшылар жаңа министр өзінің фамилияласының тағдырын қайталамайды және әскери мекемеде жемқорлық деңгейін азайтады деп үміттенеді.

2013 жылдың қорытындысы мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысы бойынша тиімділігі төмен аутсайдер құрылым болып сыбайлас жемқорлық фактісімен, оның ішінде вице-министр Мүслім Өміряевтың тұтқындалуымен ерекшеленген Ауыл шаруашылығы министрлігі танылды. Қаржы полициясының мәліметі бойынша, ол сыйақы үшін кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу байқауында жеңіске жетуіне уәде етті. Мәселе қымбат ветеринарлық дәрмектерді сатып алу жайында еді.

Жалпы, ауыл шаруашылық саласы Қазақстанның стратегиялық салалардың бірі болып табылады. Бірақ та ауыл шаруашылық өндірушілерді қолдауға бағытталған қаржыны бөлу ашықтығының жоқтығынан бұл құрылым рейтингтің соңғы орнына жайғасты.

Мекеме басшылығында ауыс-түйістің жоқтығына орай көптеген сұрақтар тудырады. Себебі келеңсіз жағдайлар қорғаныс министрінің ауысуына әкелді. Оған қоса, жемқорлық фактілері жиі орын алып жатқан құрылымға 2020 жылға дейін 3 трлн.теңге жуық қаржы құюлуы жоспарлануда.  

 

Жалпы қорытындылар

Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің министрліктері мен агенттіктерінің 2013 жыл мен 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс сапасы «орташа» немесе «орташадан төмен» болып бағаланды. Максималды табыстылық көрсеткіштер бағасы 7 балға тең. Ал рейтингтің бірінші орнын алған Сыртқы істер министрлігі орташа бағаға да жетпеді  (3,07 балл). Жыл қорытындысы бойынша тиімділігі төмен атанған Ауыл шаруашылығы министрлігі  2,43 балл жинады. Үкіметтің тиімділігі жоғары және төмен құрылымдар арасындағы алшақтық 0,64 балл құрады.

Үкімет жұмысының нәтижелері бойынша күшейту мәселесі үлкен назар туғызып отыр. Үкімет кәсіби, білікті кадрларға зәру. Ал білікті мамандар «Атамекен» Кәсіпкерлердің ұлттық палатаның салалық құрылымдарына ауысып кетті. Шындығында, министрлер кабинетіне қарағанда сапалы тұрғысында шешімдерді шығаруға мүмкіндігі бар Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы «көлеңкелі кабинетке» айналды. Ал қазіргі Үкімет «жапырақтары түскен ағашқа» ұқсайды.

Демек, барлық министрліктер «Атамекен» ҰҚП-мен жарысатын болса, онда ең бірінші мамандарға лайықты жалақы мәселесі шешілуі тиіс. Осы арада министрліктер құрылымын оңтайландыру қажет немесе мемлекеттік құрылымдар жұмысына бюджетті ұлғайту қажет. Ал бүгінгі таңда алдында үлкен міндеттерге министрліктер кадрлық әлеуеті бойынша сәйкессіздік танытып отыр. Соның салдарынан мемлекет мүддесі үшін күресте министрліктер жеңіліс тауып жатыр. Сонымен қатар, билікке деген халықтың сенім деңгейін арттыру бойынша әлі де ешбір министрлік өз жұмысын бағыттамады. Оған қоса, министрлік пен агенттіктердің жұмысы немесе олардың бірінші басшылары қоғам ішінде сенім қалыптастыруы өзекті мәселелердің бірі болмақ.

Дегенмен де,  «бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуы бойынша бақылауындағы құрылымның жетістіктері», «сала бақылауындағы үрдістердің динамикасына құрылымның ықпалы» өлшемдерінің жоғары бағалануы оптимизм тудырып отыр.

Демек, құрылымның табыстылығы тек басшылықтың қабілеттерімен, құрылымаралық байланысты орнатуымен байланысты емес, сонымен бірге нақты көрсеткіштер мен динамиканы білдіретін барлық ұйымдардың жүйелі қызметімен де байланысты. Мәселе тек жекелей кадрлық өзгерістерде емес, жалпы мемлекеттік органдар қызмет жүйесін күшейтілуінде. Себебі мықты басшылықтары бар болса да, министрліктер әлсіз бола алады.

Үкімет жұмысының тиімділігін арттыру үшін кадрлық әлеуетпен күшейтумен қоса, келесі мәселелерге ден қою керек:

  1. Құрылымдардың көптеген бірінші басшыларының, оның ішінде Премьер-министрдің көпшілік жабықтығы. 2013 жыл мен 2014 жылдың бірінші тоқсанның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, Үкімет құрылымдары сапалы әрі дәлелді ақпараттық-түсіндіру жұмысты жүргізу қабілеті төмен. Соның нәтижесінде шынайы қажетті реформалар әлеуметтік қабыл алмау қабырғасына тіреледі. Үкімет халық сенімі күресінде жеңіліс тапты.
  2. Премьер-министрі Кеңсесінің құрылымында ұлттық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын талдау бөлімінің жоқтығы. Соның салдарынан Үкімет құрылымдардың ұсынып жатқан жобалардың мемлекеттік шығындарының негізділігін және қазіргі таңдағы асырылуын объективті бағалай алмауда. Өз кезегінде бұл биліктің орталық және жергілікті органдары шенеуніктеріне сыбайлас жемқорлық қуыстарын тудырып отыр.
  3. Кадрлық саясат саласындағы өкілеттілікті ұлғайта отырып, құрылымның бірінші басшыларының жауапкершіліктерін арттыру. Мемлекеттік қызметкерлердің «А» корпусын жасақтағаннан кейінгі Министрлер кабинеті жұмысының тәжірибесі көрсеткендей, шенеуніктің кәсібилігін анықтайтын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тесті аздық етеді. Себебі, кеше ғана ҚР Сыртқы істер министрлігінде табысты қызмет атқарған шенеунік ертең Білім және ғылым министрлігінде сәтті жұмыс жасай алмайды. Мемлекеттік қызметкерлерді тестілеуде үміткердің «кәсіби мамандануы» өлшемі қарастырылуы тиіс.
  4. Министрліктер мен агенттіктердің жүзеге асырған бағдарламалар мен жобаларға толық ревизияның жүргізілмеуі. Бұрын іске асырған жобалардың сәтсіздігінің себептері бойынша ашық ақпараттың жоқтығы құрылымның «бір орында тұрып жүру» үрдісіне әкеледі. Ескі бастамалардың сәтсіздігі жаңа жобалар мен бағдарламаларды тудырады. Бірақ жасақтау әдістемесі, жүзеге асыруы мен бақылауы сол қалпында қалды. Демек, жаңа жобалар да сәтсіздікке ұшырайды. Мәселен, Үкімет Үдемелі-индустриалдық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші көшін жүзеге асыруды бастайтынын жеткізді. Бірақ та, бірінші көштің нәтижелері қорытындыланбады. Экономикадағы кластерлер бағдарламасы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары бағдарламасы, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасының нәтижелеріне қорытынды жасалмағанын да айту қажет. Сонымен, ҚР Үкіметінің министрліктері мен агенттіктерінің жұмыс сапасын арттыруында барша ресурстар қолданылмады деген қорытынды жасауға болады. Мекемелердегі көптеген жемқорлық фактілердің орын алуы бірінші басшылардың ауысуына әкелмеді. Көптеген құрылымдарды бірінші басшылар «жекешелендірген» құрылым ретінде қарастырып келеді. Бұл жемқорлық қауіптерін ұлғайтпақ. 

Сарапшылар Кәрім Мәсімовтың Премьер-министр қызметіне қайта келуі Үкіметке сенімді қайта әкелетініне үміттенеді. Сондай-ақ, жаңа үкімет басшысы 2013 жылы мен 2014 жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қалыптасқан Үкіметті жағымсыз қабылдау бейнесін өзгерту үшін қатаң әрі тез арада қызмет етуі тиіс.   

«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі ҚР Үкіметі министрліктері мен агенттіктерінің жұмысын жұмысын одан әрі сараптайды. Үкімет құрылымдарының 2014 жылдың екінші тоқсанында атқарған жұмысына қатысты келесі есеп шілде айында жарияланады.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383