Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, әңгіме! 6308 0 пікір 27 Наурыз, 2014 сағат 16:09

Қазақтың аузындағы сөзін Анотолий айтты

Антолий деп отырғанымыз –  сенат депутаты Антолий Башмаков.  Кеше Астанадағы Медиа орталықта  баспасөз өкілдерімен кездесу өткізген ол «Керек болса, Ресейге үгіт-насихат экспанцияын жасауымыз» керек деп салды. «Әрине, экспанция болғанда жақсы мағынасындағы «экспанция» деп сөзіне түзету де енгізіп қойды.  Анатолий Башмаков мырзаның қолындағы деректерге сүйенсек, Ресейдің Омбы облысында 110 мың қазақ тұрып, өмір сүріп жатқан көрінеді.

«Мен, - дейді сенатор, - Ресейге барған сапарымның бәрінде этникалық қазақтардың мәселесіне биліктің назарын аудартуға тырысамын. Былтыр Қазақстан халқы ассамблеясының ұсынысымен  облыстық әкімшілік «қазақ мәдениетінің Омбы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролі» атты  баяндама жасады. Осының нәтижесінде былтырдан бастап қазақ тілінде телердиолар тиісінше ақпарат тарата бастады. Омбыда қазақ мектептері бар. Тағы да қазақ мектептері мен факультативтер ашу жоспарға енген. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері оқып жатыр».

Башмаковтың «аузына май...» алайда, Ресейде қанша қазақ бар, қанша қазақ мектебі бар... бұл сұрақтарға нақты жауап табу оңай емес. Өйткені  Ресейдегі қазақ мәселесі осы уақытқа дейін күн тәртібіне қойылған емес. Көшіп келіп жатқан ағайынның да аса көп «айқайы» естіле бермейді. Оның үстіне, осындағы орыс диаспорасының төбесінен құс ұшырмай отырған қазақ өкіметі Ресей билігіне «менің қазағымның қал-жайы қалай?» деп ашық сұрақ қоя алмайды. Әйткенменде, баспасөз өкілдерімен кездесулердің бірінде Президент Назарбаев қазақ журналистеріне қарата: «Сендер неге Ресей басшысынан Ресейдегі қазақ диаспорасының жайын, ондағы қазақ тілінің мәселесі мен қазақ мектептері туралы сұрамайсыңдар?», - деп реніш білдіргені бар. Демек, қалай болғанда да Ақорда алыс-жақындағы ағайынның ахуалына бей-жай қарай алмайды екен. Тек соны айтудың, жеткізудің ретін таппай жүруі ықтимал. Міне, сол сөзді, яғни қазақтың көкейіндегісі мен ауызындағы сөзін Анатолий Башмаков айтты. Асылы айтқызды. Бірақ, Анатолийдікі «бәрі жақсының» емеурініне саяды. «Қазақ мектептері бар. Жетпесе тағы да ашылады. Қазақ тілінде хабар тарататын радио мен телеарналар жұмыс істеуде, т.б.». Сенатордың мұнысы біздегі орыс халқы мен тіліне жасалып жатқан құрмет пен ізеттің ширегіне татымайды. Сондықтан, саясат пен әлеуметтік мәселелерді сараптап пікір білдіріп жүретін қазақтың белсенді азаматтары Ресейдегі этникалық қазақ тағдырына басым көңіл бөліп, күнделікті жағдайын жария етіп отыруы керек шығар.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338