Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6357 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 05:34

Журнал ашу – кербез келіншектер үшін... күйкі тірлік

Қазақ журналистерінің халықаралық форумының қарасыңында біз қадари қалінше жарық көріп жатқан жекеменшік журналдардың қызметін де оқырмандарымызға баян етуді жөн көрдік.

«Игілік» журналы. Журнал бес жылдан бері ақпарат нарығында өмір сүріп келеді. Өзіндік бетін танытып, оқырман аудиториясын баурай бастағанына да бес жыл. Журналдың бас редакторы Меруерт Әбдірайымқызы (суретте) журналды отбасымен бірігіп көп тер төгіп «дүниеге әкелгенін» айтады. Бізбен әңгімесінде ол «бұл журнал менің балам сияқты» деп ағынан ақтарылды.

Меруерт Әбдірайымқызы, "Игілік" журналы аталуымен құлаққа жағымды естіледі екен. Түрлі-түсті журналдардың ішінен ерекше көрінетін атына сай затында да бір ізгілік бар секілді...

-  Мұныңыздың жөні бар. Мен алғаш Республикалық жанұялық "Игілік" журналын жарыққа шығарғанда елдің бәрі "Басылымның  іші имандылыққа тұнып тұр екен" деп еді. Оның солай болуының да бір сыры бар. Өйткені мен Республика көлемінде 10 жылдан астам уақыт жарық көріп келген (қазіргі уақытта жабылып қалған) "Ислам әлемі" атты мәдени-танымдық журналда институтты бітіргеннен кейін 2 жыл тілші, ал қалған 6 жылда редактор қызметтерін атқарған едім.

 

Қазақ журналистерінің халықаралық форумының қарасыңында біз қадари қалінше жарық көріп жатқан жекеменшік журналдардың қызметін де оқырмандарымызға баян етуді жөн көрдік.

«Игілік» журналы. Журнал бес жылдан бері ақпарат нарығында өмір сүріп келеді. Өзіндік бетін танытып, оқырман аудиториясын баурай бастағанына да бес жыл. Журналдың бас редакторы Меруерт Әбдірайымқызы (суретте) журналды отбасымен бірігіп көп тер төгіп «дүниеге әкелгенін» айтады. Бізбен әңгімесінде ол «бұл журнал менің балам сияқты» деп ағынан ақтарылды.

Меруерт Әбдірайымқызы, "Игілік" журналы аталуымен құлаққа жағымды естіледі екен. Түрлі-түсті журналдардың ішінен ерекше көрінетін атына сай затында да бір ізгілік бар секілді...

-  Мұныңыздың жөні бар. Мен алғаш Республикалық жанұялық "Игілік" журналын жарыққа шығарғанда елдің бәрі "Басылымның  іші имандылыққа тұнып тұр екен" деп еді. Оның солай болуының да бір сыры бар. Өйткені мен Республика көлемінде 10 жылдан астам уақыт жарық көріп келген (қазіргі уақытта жабылып қалған) "Ислам әлемі" атты мәдени-танымдық журналда институтты бітіргеннен кейін 2 жыл тілші, ал қалған 6 жылда редактор қызметтерін атқарған едім.

 

Менің мақсатым - діни басылымдардың көшірмесін жасау емес еді. Бірақ журналистік тәжірибемнің имандылықтан басталғандығы менің өміріме де болашақтағы бағыт-бағдарыма да айқын жол сілтеді.

Журналдың "Игілік" деп аталуының өзінде де үлкен мағына жатыр. Ең бастысы -  мен бұл басылым арқылы мәнсап пен байлық қууды көздеген жоқпын, елімнің игілігіне жарар маман болайын, қолымнан келгенше жұртқа қызмет жасайын деген ниетімнен туған дүние. Жасыратын несі бар, басылымның аты да заты да ел аузына ілігу үшін көп тер төгілді, өзім де отбасым да осы "Игіліктің" жолында қызмет етіп келеміз (жолдасым - Дулаттың еңбегін ерекше айта аламын). 2005 жылы 500 (бес жүз) ғана данамен,  қара түспен жұп-жұқа болып жарық көрген  "Игіліктің" етек-жеңін жинап, көз тартарлықтай көркем ету үшін отбасымызбен жұмыла жұмыс істеп, көп тер төктік...

 

Осы күндері жекеменшік журнал ашу біреулерге қиын болса, кейбіреулерге "жәй" кәсіптің көзі немесе мәнсап пен атақ-абыройдың бір жолы болып алды. Бұған не дер едіңіз?

-  Шынын айтсам, осы түрлі-түсті  журнал ашып, білдей-білдей "Бас редактор" болып жатқандардың барлығын бірдей мойындай бермеймін. Қазір ақшасы барлар, әсіресе шенеуніктер мен кәсіпкерлердің қыз-келіншектері шет елдікі секілді жылтыраған, қалың да сапалы  журнал ашып алып, оның ішіне неше түрлі суреттер мен жарнамаларды толтырып тастап соның білдей "Бас директоры" деген атақ иемденуді "сәнге" айналдырып алды. Ол ол ма, көрінген, тойынған дәрігер де, мұнайшы мен базаршы да, олардың тағы да сол "көңіл сүйгендері" бір-бір басылымның бастығы болып жатыр. Осы мықты мырзаларға таң қаламын. - Ау, қайырымды мырзалар, қаражатыңыз мол болса, сүйікті ханымынызға дүкен неге ашып бермейсіз? - дер едім(күлді).

Журнал ашып, елдің талап-тілегіне сай сауатты  қызмет етіп, осы мамандыққа кір келтірмей қызмет жасау - былқылдаған-сылқылдаған кербез келіншектерге қол болмайтың, абырой әпермейтін күйкі тірлік. Өйткені білім мен байлық  ешқашан да қатар жүрген емес, жүрмейді де! Бұл тек өзіңді-өзің алдау ғана дер едім.

Егер басылым шығарып жатқан екенсіздер, ішіне тамшыдай болсын оқырманға тағылым болар дүниелер жазыңыздар, әрі редакцияларыңызға сауатты мамандарды шоғырландырыңыздар дегім келеді. Кейбір басылымдарды оқып отырып қатеден көзің сүрінеді. Сосын осы "Құрылтайшы ханымдардың" барлығы журнал ашып мұқабаның 1-ші бетіне өздерін қойып, іші-сыртына қайта-қайта шығып,  "өздерін" көрсетуге тырысатын болыпты. Ұят-ай! Бір кездері журналист, Бас редактор дегендер қандай еді, шіркін?! Ол кісілердің жүзін көру бір арман болатын, халық оларды тек жазған еңбектерімен ғана танитын, мықты журналистердің аттарын тегіс білетін, газет-журналдардан олардың мақалаларын іздеп жүріп оқитын. Ал қазір ше...

Жалпы журналист болу үшін жоғары оқу орнын тәмамдау жеткіліксіз. Ол Алланың дарыны ғана емес, жылдармен қол жеткізер, есіл еңбекпен келер абыройлы қызмет. Байлығым бар екен деп басылым шығарғаныңмен кімді алдайсың? Кім мойындайды сені, егер жазғаныңнан титтей бала да тәлім алмаса?  Қаламның да  қасиеті бар екенін ұмытпағайсыздар?!

 

- "Игілік" журналын парақтап отырып, аға буын мен бала буынға ортақ азық болар дүниелерді жазуға тырысатындықтарыңызды байқап отырмын. Өкінішке орай, көп кісілер бұл басылымды білмейтін секілді. Жалпы оқырмандарыңыз кімдер?

- Біздің елімізде бүгінгі таңда 8000-нан астам түрлі басылымдар таралады. Солардың қатарында таза қазақ тілінде жарық көретіндері соның төрттен бірі ғана. Олардың өзінде де сауаттысы бар, аға буынға да бала буынға да жарамдысы мен жарамсызы бар. Қалай болғанда да бәскелестік заманда қай нәрсенің де көп болғаны дұрыс деп санаймын. Халыққа ұсынатын қызмет түрі көп болса, ол арзан болады және сапасы да жоғары болады. Бірақ тағы да айтайын, ақпаратты байлық көзіне айналдырамын деген ниетпен ашпау керек. Ол кезде ешнәрсе ұтпайсың, қайта ұтыласың. Керісінше ашып жатқан дүнием елге  тәлім болсын десең, артынан байлық та, мансап та өзі сені іздеп келетін болады.

Жасыратыны жоқ, қазір жекеменшіктегі басылымдардың барлығы да оқырманға зәру. 1000 (бір мың) дана шығарып алып, 10000 (он мың дана) деп айқайлайтын да баспагерлер бар. "Игілік" ондай көп данамен шықпайды. Осы 5 жыл ішінде тұрақты жазылымшыларымыз 5000 (бес мың) данаға әзер жетіп отыр. Ал қалған 2000 (2 мың данасын) көтерме саудада бөлшек саудамен сатамыз. Бұл тек жарнама үшін ғана. Өйткені көтерме саудагерлерге тауарымызды баспа құнынан да төмен бағамен беруге еріксіз келісеміз. Осыдан кейін баспагерлердің хал-жағдайларын көз алдыңызға елестете беріңіз. Журналың жақсы екен деп ешкім өз еркімен жазылымшы болмайды. Сапалы дүние шығарып, оны таратуың да үлкен "шаруа". Мықты мамандар мен маркетинг жүргізу де кез-келгенге қол болмайтын тірлік. Бұл енді мен секілді  "жоқтан бар жасап" отырған редакторлардың жыры ғой. Рас айтасыз, бізді әлі көп кісілер біле бермейді. Өйткені миллиондаған халыққа 7000 (жеті мың) деген басылым  рухани азық бола ма?

Ал оқырмандарымызға келсек, жазылымшылардың да оқырмандарымыздың да басым бөлігі - ұстаздар, яғни мектеп, балабақша ұжымдарын жаздыруға бар күшімізді салып, олар үшін оқу құралына көмекші болар тәлімдік дүниелерді жазуға, қамтуға тырысамыз. Әсіресе, белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор - Әдібай Табылды ағамыздың тұрақты жүргізетін "Әдеп әліппесі" айдарына деген сұраныс өте көп. Қалай болғанда да  "Игілік" журналы табыс көзіне емес, қай буынға да жарамды болар дүниеге айналса деген ниетпен "қаражат" қиындықтарымен қасқайып тұрып күресіп келеміз.

 

- "Игілік" журналы отбасыға арналса да, әйелдер тағдырына байланысты мақалалар көберек жазылады екен? Демек, жабыққан-тарыққан қыз-келіншектерден хаттар көп келетін шығар?

- Журналымызда отбасының ұйытқысы - әйел тағыдрының көбірек жазылатыны рас. Өйткені әйелсіз бірде-бір отбасын елестету мүмкін емес. Бұл жердегі мақсатымыз - еркектердің рөлін көлеңкеде қалдыру емес, керісінше әйелдеріміздің мерейін көтеру арқылы отбасының тұрақтануына себепкер болу. Неге десеңіз, егер үйде әйелдің қабағы ашық болып, көңілі жайланса онда сол үйдің егесінің де, бала-шаға мен келіп-кетер туған-туыстың да жай-күйі болмай ма?

Редакциямызға хаттар легімен келіп жатыр деп өтірік айта алмаймын. Десе де осы 5 жылдың ішінде алдыма түрлі жағдаймен бірнеше келіншек келді. Қолымнан келгенше жәрдем бердім. Оның бәрін мақтанғандай болып қаз-қалпында әңгімелеп  қайтейін. Отбасылық басылым ашып отырған соң ең болмаса тарыққан бір отбасына көмек бере алмасаң, онда осындай ауыр жүкті өзіңе міндеттеудің не қажеті бар?

 

- "Бала әлемі" атты акцияларыңыз жайында естіп едік?

- Өзіңіз жақсы білесіз, біздің басты оқырмандарымыз болып отырған зиялылар мен ұстаздардың өмірі мол қаражаты болмаған. Ал оларға әкімшілік тарапынан берілетін нұсқаулар мен тапсырыстардың да шаш-етек екендігі де елдің бәріне белгілі. Сондықтан да жұртты жазылымға шақырып қинай бермейік деген ниетпен 2007-2008 жылдардан бастап редакцияның жеке қаражатынан "Бала әлемі" акциясын жүргізіп, алғаш рет Алматы қаласындағы -  балаларға арналған арнаулы мекемелерге (Жетім балалар үйі, мүгедек балалар үйі секілді) 1 жылдық жазылым ұйымдастырдық. Келесі жылында Алматы қаласы мен Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы осындай арнаулы мекемелерді қамтыдық. Бұл бастамаға журнал бетіне шығып жатқан өнер иелері мен мекеме басшылары да айрықша қолдау көрсетті. Олардың ішінде осы акциямызға тұрақты қатысып келе жатқан ағамыз - Ескендір Хасанғалиев пен Дорико ханымды ерекше атай аламыз.

Биыл барлық облыстағы Балалар құқықтарын қорғау департаменттерін жаздырдық. Өйткені олар балалармен тығыз қарым-қатынас жасайтын мекеме болғандықтан, біздің еңбегіміз осы өкілеттік мекеме арқылы таныс бола берсе деген ниет еді. Бұл акция қаражаттың артықтығынан ұйымдастырылып келе жатқан жоқ. Біздің бағытымыз да, мақсатымыз да - отбасылық түсінік қалыптастыру болғандықтан, отбасы деген ұғымның бала санасына сәби кезінен егілуіне тамшыдайын үлес қосу.

 

- Әңгімеңізге рахмет, Меруерт ханым!

Сұхбаттасқан Мақпал Ысқақова


«Игілік» журналының жарық көрген кезекті жарияланымынан сіздер төмендегідей мақалаларды оқи аласыздар:

• Адамның асыл парызы

• Қысқа толқындағы ойлар

• Төреші болу оңай емес...

• Қарттарым - асыл қазынам емес пе?

• Патша көңілді қазақтың әйелдері-ай..!

• Елім деген ерлеріміз

• Әйел және отбасы туралы өсиеттер

• Жұрт құрметінде жүрген ақсақал

• Сахнаның хас сұлуы

• Білімнің биігіне ұмтылған білім ордасы

• Ердің көркі елменен

• Намыстың құлы болған батыр

• Қазақтың аяулы қызы болып қала беремін

• Келіншектерге кеңес

• Халықтық емнің құпиялары

• Әйел теңдігі бізге не берді?

• Елу жылда бас қосу - ер жасына есеп беру

 

 

Жазылу бағасы:

Өлкелік қалалар үшін

1 айға - 215,68,

6 айға - 1294,08,

12 айға - 2588,16.

Аудан, ауылдар үшін

1 айға - 219,15,

6 айға - 1314,09,

12 айға - 2629,08.

Алматы қаласы бойынша

1 айға - 209,75,

6 айға - 1258,05,

12 айға - 2517,00.

Біздің мекен-жайымыз:

Алматы қаласы, 050050

Полежаев к-сі 30 а, 27 офис .

Тел. 8 (727) 328-97-48

Тел./факс: 8 (727) 2 33-35-42,

8 (705) 2680424

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315