Сенат биоотынды өндіру мен оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады
Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ - Парламент сенаты бейсенбі күнгі алқа отырысында «Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы мен заңнамаға ілеспе түзетулерді бірінші оқылымында мақұлдады.
Құжатқа сай, биоотын өндірісінде азықтық шикізат қолданылғанда, азық-түліктік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда ғана үкімет квотасын бекіту нормасы сақталады.
Биоотын өндірісінде үшінші сортты бидайды пайдалуға рұқсат беріліп, ал бірінші және екінші сортты бидайды пайдалануға тыйым салынады.
Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың түсіндіруінше, мұндай мемлекеттік реттеулердің қажеттігі Қазақстанда биоотын өндірісі артады деп болжануы мен соның салдарынан шикізатқа деген сұраныс артады деп күтілуінен болып отыр.
Оның мәліметтерінше, 2009 жылы республикада 35 мың тонна биоэтанол өндірілген. Қазақстанда аталған өнімді өндіретін әзірге жалғыз өндіріс бар.
«Келешекте, біздің есебіміз бойынша, егер біз қосымша тың жерлерді игеріп, сапасы төмендігі себепті жыл сайын элеваторларда шіритін астықты осы өндіріске салсақ, Қазақстанда биоэтанол өндірісін жылына 2 млрд литрге жеткізуге болады», - деді министр.