Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6183 0 пікір 30 Сәуір, 2010 сағат 06:37

Семейдің қала маңын су басуының себебі өз бетімен салынған құрылыстар, деп есептейді қалалық әкімдікте

Өскемен. 30 сәуір. ҚазТАГ - Семейдің қала маңындағы Водный кентін су басуының себебі, тасқын судың табиғи арналарына құрылыс салып, көне гидроқұрылымдарды бұзуында, дейді қаланың ТКШ бөліміндегілер.

«Водный кенті пайда болған территория ешуақытта құрылыс үшін жоспарланбаған. Оны гидрологтар бірнеше рет зерттеп, оның көктемгі тасқын судың табиғи арнасы екенін анықтаған. Бір кездері бұл жерлерді арнасынан асқан Ертіс су басып жататын, екінші жағынан қарағайлы орманның еріген қарының суы басатын. Кейін сусыз кезең басталып, бұл учаскелерге өз бетінше құрылыс салына бастады. Ал жақындағы ресмилендіру бұл жерлерді заңдастырды», - дейді ТКШ бөлім бастығы Мұрат Құржықаев. 

Жетекшінің айтуынша, үйлерді, шаруашылық қора-қопсыларды, бақшаларды салу барысында табиғи арықтардың арналары бұзылған. Қарағайлы орман тұсында бұрын салынған су ағатын құбырға біреулер бөрене тығын жасап, бұл жерде тоған жасап, онда балық өсірмекші болған. Осының бәрі бүгінгі су басуға әкелді.

Водное кентін су басу 11-ші сәуірде басталды. ТЖ жоюға 4 су сорғыш, 10 ауыр техника тартылды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965