Сенбі, 23 Қараша 2024
Дәстүр 11829 0 пікір 18 Тамыз, 2014 сағат 12:55

МЕШІТ – ЖАНАЗА ШЫҒАРАТЫН ОРЫН ЕМЕС

 

Мешіт пен жерлеу рәсімдерінің айырмашылығы

қандай болуы қажет?

 

 

 «Әрбір істің атқарылар орны,

әрбір сөздің айтылар жері болады»

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.)

 

«Сана сауықпай адам сауықпайды,

Адам сауықпай қоғам сауықпайды»

Әбу Насыр Әл Фараби

 

 

    Бұл ой-пікірдің туындауына себеп болған Әуезов Әбілда Ерғалиұлының «Жаратушының сөзі бүкіл адамзатқа» атты кітабы. Аталған кітаптың әрбір тақырыбы қазіргі қоғамымыздың өркениетті рухани дамуына және уақыт талабына сай негізделе отырып жазылғандығын байқадық.  Осы кітаптың «Мешіт – құлшылық орны» тақырыбын оқи отырып, мынаны айтқымыз келді.

Мұхаммед пайғамбарымыз(с.а.с) Меккеден Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін  құдайға құлшылық ететін орын - мешіт салды.

 Ислам тарихына көз жүгіртсек. Адамзаттың ең соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбар қасиетті мешітте Құран аяттарын басшылыққа ала отырып, бойындағы асыл қасиеттерін үмметіне үлгі-өнеге қылып, қоғам құрылымының негізін қалап, күнделікті тіршілігіміздегі өмір сүру ереже заңдылықтарын және сол қоғамның даму жағдайын бір Алланың атымен насихаттап, басшылыққа алып, басқарып отырған.

Ал, қазіргі уақытта елімізде халыққа қызмет жасап жатқан мешіттеріміздің жұмысы мен мақсаты қандай? Жалпы халықтың көпшілігі мешіт, имам, молдаларды қазалы жағдайларда және ас,құдайыларда ғана қажет ететіндігін жасыра алмаймыз.

Негізінде, мешіт – жаназа, ас,құдайы, қазаның ғана жұмыстарымен айналысатын орын емес. Халықты Алланың ақиқат жолына имандылыққа шақырып, қоғамымыздағы адам игілігі үшін атқарылып жатқан барлық жұмыстарға және күнделікті тіршілік пен өмір сүру әрекеттеріне таза бағыт-бағдар беріп, адасып-қиналғандардың жүрегіне рухани жол тауып көмектесіп, халықты әділдікке, бірлікке шақырып отыратын қасиетті орын. Алла тағаланың жер беті халқының өркендеп, жақсы жағдайда өмір сүру ережелерін және ізгілік сәлемін жеткізіп, басқарып отыратын құтты мекен.

Сондықтан бұқара халықтың санасын Ислам діні мен мешітке, имам, молдаларға қатысты бұрынғы сыңаржақ теріс түсініктен арылту үшін қазаның жұмыстарын мешіттен мүлдем бөліп алуымыз қажет. Неге?

Біріншіден, бүгінгідей молдалыққа талас, мешіт айналасындағы дүниелік істерге қатысты дау-дамай, арыз-шағымдар, талас-тартыстар рухани орын – мешітте орын алмас еді.

Екіншіден, мемлекетіміздің тұтастығына, халқымыздың ауызбіршілігіне, жастарымыздың  ұлттық дәстүр жолынан таюына ықпал ете бастаған негізсіз діни ағым-топтармен жұмыс жасау рухани орын – мешітте жүйелі түрде жүргізілер еді.

Үшіншіден, қаза мен мешіт жұмыстары бөлек атқарылған жағдайда мешітке деген халықтың көзқарасы өзгеріп, мешіт – рухани, имандылық орны екенін одан сайын күштірек сезінер еді.

Жоғарыда айтып өткендей, мешіт пен жерлеу рәсімдерінің арасын ажыратып, тиісті мамандарды өз орындарына қойған жағдайда қоғамымыздың рухани өркендеу жолы да баянды болмақ.

Ал, жерлеу рәсімдерін атқаратын орынның мешіттен мүлдем бөлек жерде орналасуына келер болсақ, діни тұрғыда «парыз кифая» деп аталатын ұғымдар бар. Мысалы, көпшілікке сәлем берілгенде, ішінен біреуі сәлемге жауап берсе, барлығы амандасқан болып саналады. Жаназа рәсімдері де осындай бірқатар адамдардың атқаруымен және дәстүрлерімізбен сабақтасып атқарылатын дәстүрлі рәсім болып саналады. Бұл жұмыстарды атқаратын мамандардың білімі мен мінез-құлқы, әдебі ескеріліп жерлеу рәсімінің тәртіптеріне енгізіледі.

 

Жерлеу рәсімдері бөлімінің атқаратын қызметі:

1. Әл үстінде жатқан адамға жеңілдік иман айту.

2. Мәйітті іш дәрет алдырып, оң жаққа қою.

3. Ақтық киім дайындау.

4. Ғұсыл алдыруға тәрбие беру.

5. Жаназа шығару.

6. Қабір басына апарып, жер қойнауына тапсыру.

7. Қатым сағыр, қатым оқу.

8. Қазақы ұлттық дәстүр: жетісі, қырқы, асын өткізу.

9. Ас құдайы, қазаға байланысты шыны киім, азық-түлік, қазан-ошақ т.б. қажетті заттарды осы орыннан алуға болатындай жағдай жасау.

Мұны атқаратын адамдардың қызметтері біркелкі және жаңару мен өзгерістерді қажет етпейтіндіктен күнделікті бір сарынмен жүргізіледі.

Ал, мешіттегі «парыз айн» болған қызметтер дін қызметкерінен жаңару мен дамуды талап етеді.

Сондықтан қоғамның дамуымен, адам мен заманның тұрмыс-тіршілігімен сабақтастырып, бұқара халықты бірлік пен ынтымаққа, рухани тазалыққа бағыттау үшін өз деңгейінде қабілеті бар, елім дейтін азаматтар халыққа қызмет көрсетсе, өз шешімін таппай жүрген көп жағдайлар арнасына түсер еді.

 

М.Н.Нұржанов,

«Ақиқат нұры» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395