Жұма, 22 Қараша 2024
Өзгелер 10331 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 22:01

ШЫНЖАҢДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫҢ БОЯМАСЫЗ БЕЙНЕСІ

Осыған дейін ақпарат құралдарында Шыңжаңда этникалық ұйғырлармен ханзу ұлты арасында қақтығыс туылғаны, оқыс оқиға салдарынан ондаған адам опат болғаны хабарланған еді. Поштамызға аталған жағдай туралы төмендегідей ақпарат пен фотосуреттер келіп түсті. Онда автор қытай билігінің ислам дініне деген қатыгездігі мен ондағы ұлт аралық қақтығыстардың қандастарымызға да кері әсері болып жатқанын тілге тиек еткен.

***      ***         ***

2014 жылы 28 шілде күні Қытайдың Шыңжаң автономиялы округіне қарасты Қашқар аймағының Чаршан ауданында қаруланған топ сақшы бөлімшесі мен үкіметтік ұйымдарға шабуыл жасаған. Қытай телеарнасының таратқан ақпараттарына қарағанда 10 неше адам өлген. 31 автокөлік зақымдалып, 6 көлік өртелген.

Бір бөлім ғаламтор хабарларына қарағанда Ұйғыр ұлтшылдары Қытай билігінің дін мен тілге жасаған қысымының күшеюіне қатты өшіккені айтылған. Тіптен намазға немесе мешітке барған азаматтарды да жазаға тартып, жұмыстан қудалаған. Бұл жергілікті ұлттың ызасын тудырған болуы мүмкін. Енді бір жағынан ұйғыр тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген азаматтардың жоспарлы қимылы болуы да ықтимал.

Бұндай жағдайлар Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы саясатына қатты ықпал етуде. Әсіресе қандастарымызды да шарпып жатыр. Себебі, Қытай үкіметі бұл өңірге хан ұлтын көптеп көшіріп әкелуде. Ал көшіп келген қытайлар ұйғырлардың өлтіріп кетуінен қорқатындықтан оңтүстіктегі ұйғырлар көп қоныстанған жерге барудан жасқанады. Ондай жағдайда қытайлар қазағы басым солтүстік аудандарға қоныстанады. Міне бұл қазақ көптеп қоныстанған аумаққа ауыр қысым болатыны белгілі. Екінші жағынан, қытай жұмыссыз жүрген ұйғыр, қазақ азаматтарын әскерге және полиция қызметіне көптеп алуда. Бұдан былай батыс Қытайда ұлттық мәселе туылса, сол әскерлер мен ұлттық сақшыларды қарсы қоюы мүмкін.

Бейсен Ахметұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257