Сенбі, 26 Сәуір 2025
Экономика 7402 2 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 12:01

ЕАЭО-НЫҢ САЯСИ АСТАРЫ БАР МА?

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай азаматтық болмайды. Бұл пункт одақ шартынан алынып тасталған. ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары  Самат Ордабаев  кеше осылай деп сендірді.  Оның айтуынша жылдың басты құжатына қол қойылар алдында үш елдің сарапшылары екі мыңға жуық беттен тұратын құжатты ұқыпты зерделеп, талас тудыратын мәселелерді шешкен. Жауапты сарапшылар құжат дайындалу барысында әр мемлекеттің ұлттық құндылықтары айрықша ескерілгенін айтып отыр.

Министр өз сөзінде әуелден ондай сұрақты қосу мәселесі талқыланғанын айта келіп: «Тараптар келісімі бойынша  саяси әріптестік ретінде жалпы азаматтық, көші-қон саясаты, виза мәселесі, қауіпсіздік мәселесі регламенттері сақталады. Барлық күмәнді және талас тудыратын мәселелер экономикалық одақ  құжат шарттарынан алынып тасталды. Қазақстан  билігі сыртқы саясаты мен мемлекеттік қауіпсіздігін қорғау мәселелерін Еуразиялық экономикалық одақпен кеңеспей, өзі шешеді», - деді.

Бейсенбі, 29 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына қол қойылмақ. Путин жақында  Еуразиялық одақты СССР-мен салыстырмауды сұрап, бұл одақ тек экономикалық одақ болатынын, саяси қатынастарға әсер етпейтінін айтқан болатын.

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

http://qamshy.kz/?p=3601
2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2271
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5175
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4465