Денсаулық туралы жаңа кодекс темекіге тыйым бола ала ма?
Мамандардың пайымдауынша, темекі шегу арқылы біз тек денсаулығымызды құртып қана қоймаймыз, ел экономикасына да айтарлықтай соққы жасаймыз.
Отандастарымыздың темекі өнімдерін сатып алуы шетел компанияларының айын оңынан туғызып тұр. Осы себепті «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы денсаулық туралы кодекстің шылымға қатысты тұстарына ішінара өзгеріс енгізуді ұсынады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Статистикалық деректерге қарағанда, жыл сайын темекі, спирттік ішімдік сияқты зиянды заттардың салдарынан емделуге азаматтар 5 млрд АҚШ долларынан астам қаржы жұмсайды екен. Темекі өнімдерін шығаратын компаниялардың Қазақстаннан 2 млрд АҚШ долларынан астам пайда түсіретіні белгілі болды. Негізінен, бұл өнімнің 90 пайызы біздің елге сырттан тасымалданады. Бұл біздің шетел компанияларын молынан қаржыландырып отырғандығымызды көрсетеді.

Қазір ҚР Парламент Сенатында «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекс қаралып жатыр. Ұлттық коалиция бұл кодекске өз ұсыныстарын енгізуді жөн көріп отыр. Біріншіден, олар темекі компанияларының елдегі іс-шараларға демеушілік көрсетуіне тыйым салу қажет деп есептейді. «Бұл компаниялардың жарнамалары жастардың санасын улап жатыр. Темекі жарнамаларын көрген жас міндетті түрде оны пайдаланып көргісі келеді. Сондықтан жастарды темекі атаулыдан аулақ ұстаған жөн», – дейді аталған коалицияның атқарушы директоры Жәмила Садықова. Екінші ұсыныс бойынша, коалиция темекі қораптарына шылымның зияндылығын ескертетін графикалық суреттер бейнелеуге қол жеткізбек. Ол суреттер қораптың үстіңгі бөлігін және барлық қораптың кем дегенде 50 пайызын алып жатуы керек. Әлемдік тәжірибе бұл әдістің тиімді екендігін көрсеткен. «Мәселен, Канадада бұл суреттер қораптың 60 пайыз бөлігін алып жатыр. Тайланд елі осындай қорапты графикалық безендіру жағынан халықаралық Блюмьерг жүлдесіне ие болды. Бұл жағынан сондай-ақ Австралия елін үлгі етіп алсақ болады», – дейді Ж.Садықова. Үшіншіден, темекіні сататын орындар мен оның қолжетімділігін шектеу қажет. Себебі ол балалардан қаншалықты аулақ болса, соғұрлым болашағымыз қауіпсіз.
Жиынға қатысушылардың айтуынша, бүгінде әсіресе халықтың белсенді тобы саналатын 30-35 жастағы азаматтар темекі эпидемиясының құрбанына айналуда. Сондай-ақ никотинге тәуелді жастардың да саны азаймай отыр. Коалиция өкілдері келтірген мәлімет бойынша, Қазақстанда 13-15 жас аралығында 140 мыңнан астам жасөспірім темекі шегеді екен. Арамызда тіпті сегіз жастан бастап темекі тарта бастаған балалар да бар. Осы жағдайларды ескеріп, «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалиция өкілдері 31 мамырдан бастап «Балалар өкпесінің тазалығы үшін» әлеуметтік шарасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оған барлық қазақстандықтар қатыса алады. Шарадан түскен қаржы коалиция есепшотына аударылып, ол кейіннен темекіден зардап шеккендердің денсаулығын түзеуге жұмсалады.
Темекі өндірісіне қатысты дәрігерлер мен экологтардың шырылдап жүргені бір бұл емес. Бұған еліміздегі шылым өндіруші шетелдік кәсіпорындардың да еті үйреніп кеткен. Біз пікірін білмек болған «Филип Моррис Казахстан» өндірістік компаниясы ЖШС-ның сыртқы корпоративтік байланыстар жөніндегі Айдос есімді өкілі осындай сыңай танытты. «Уран өндірісі де адамзатқа зиян, бірақ ұлттық атом компаниясының жұмысын ешкім тоқтатқан емес. Сол сияқты біздің де әрекетімізге біреу кедергі бола алады деп ойламаймын», – дейді ол.
Нұрмұхаммед Мамырбеков
«Алаш айнасы» газеті 28 мамыр 2009 жыл