АРДАГЕРДІ АРДАҚТА: АСТАНАДАҒЫ АЛҒЫС
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау бойынша жалпы ұлттық акциясы аясында Астана қаласының әкімі Елбасының атынан ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.
Әділбек Жақсыбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлері Раиса Сафоничеваға, Тезекпай Әбдірахмановқа және Владимир Кальсинге зор денсаулық пен бар жақсылықты тілеп, сыйлықтар табыс етті.
«Сіздер соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Қазақстандықтар мұны мәңгі жадында сақтайды, әрдайым ардагерлерді сыйлап, оларға қамқорлық көрсетеді. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ және бақытты өмір, сіздерге және жақындарыңызға барлық жақсылықты тілеймін», - деп елорда әкімі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын ардагерлерге оқыды.
Абай-ақпарат.
(Мақала «Қазақпарат» ХАА деректері негізінде әзірленді).