АЙСҰЛУДЫҢ АЯНЫШТЫ ХӘЛІ
Соңғы кездері ғаламторда тұрмыс-жайының, денсаулығының нашарлығын айтып көмек сұрайтын жалынышты хаттар жиі ұшырасуда. Бұны біреулер әлдекімдердің ақша табу үшін жасап жүрген айласы десе, біреулер жағдайын айтып ағайыннан жылу іздеген жанға көмектесіп жатады. Сондай хаттың бірі біздің элетронды поштамызға да келіп түскен екен. Өзін Бекмұратова Айсұлу деп таныстырған хат иесі банктегі счеті мен ұялы телефонын да жазып жіберіпті. Айсұлудың хатын бізге Куникеев Айдын Дәулетұлы деген азамат жолдап отыр. Хатты қаз-қалпында беріп отырмыз.
Саламатсыңдар ма құрметті оқырмандар!
Мен Куникеев Айдын Дәулетұлы, бір анамыздың зарын жазып отырмын. Ол кісіге көмек керек болып отыр. Бұл кісіні өзім сайттардың бірінде тапқан болатынмын, барынша көмектесуге тырысып жатырмын.
"Мен Қызылорда қаласының тұрғыны Бекмуратова Айсулу боламын. Біраз болды менің басыма қиындық түскеніне, жан жарым мен ұлым жол апатынан қаза болғаннан кейін, жалғыз қызыммен қалдым. Тұрақты тұратын жеріміз жоқ, тұрақты жұмыс орным жоқ. Қызымның ары-бері жүруден денсаулығы да нашарлап кетті. Қызымның жағдайын жасаймын деп көп кісіге кіріп шықтым, көбісі көмектесті, Оларға Аллаһ разы болсын.
Осыларға қатар қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа кірдім. Уәде етті, 50 мың қаражат алып беремін деп. Соның 25 мыңын алдым. Өзім 2 айға тегін жұмыс істеп жатырмын.
Қазір қызымның ауруы асқынып басқа қалада ауруханада жатыр, алып кетіңіз деп болмай жатыр. Өзім-ақ қызымды алып келер едім ешкімге жалынбай, қаражаттың жоқтығы қиындатып тұр. Светке төлеймін ба, суға төлеймін ба, әлде газ баллон аламын ба, қайсысына жеткіземін. Өзімнің денсаулығым болмай жүр. Қарызға белшеден баттым. Не ішерге жарымаймын, не киерге жарымаймын. Шіркін-ай балам тірі қалғанда ешкімге жалынбас едім. Жұмыс істеп, бізге көмектесер еді. Қайтейін қолымнан не келеді. Былай тартсам былай жетпейді. Көзімнің жанары да кетіп бара жатыр. Жылай-жылай көзімде дұрыс көрмей бара жатыр. Қызым ауырып жатыр. Ешкімнен көмек болмады. Бір перзентім ғой артымнан ерген, бір тұяғым. Осы қызым жазылып кетсе екен, Алладан осыны тілеймін. Қызымның астма ауруы судргіге айналды, оған өкпесі қосылды. Жоқшылықтың белгісі ғой. Ел қатарлы тамақ ішіп, витамин жесе мұндай болмас еді. Жоқшылық жанды қинайды. Сіздерден өтінерім, халайық қызыма қол ұшын береді деген ойдамын. Осы Евразиялық банк счетыма аударсаңыздар болады "KZ73948KZT021040009 Банк аралық аудармалар" және "KZ6894820ЛЯЕ22040011 Банк ішіндегі ау-дармалар". Және менің ұялы телефоныма хабарлассаңыздар болады: 8-778-609-3433. Ешкімнен пәлен бер деп сұрамаймын. Халықтың бергенін аламын. Соны шүкіршілік қыламын. Барына береке, қанағат. Аналық мейіріммен сіздерге рахметімді айтар едім. Жаным қысылғасын осы хатты жазып отырмын. Айып етпеңіздерші. Сіздерден өтінерім."
Abai.kz