Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7155 0 пікір 21 Қазан, 2014 сағат 16:21

"Мәселе шеше­тін басшыға ұқсамайды"

Суретте: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім қажынынң осындай сөзін көзім шалды. "Қазақ әдебиетінде" Жәнібек Әлиманның Елтай Ерназаров деген шолақбелсенді туралы мақаласы жүр екен.
Ситат:
"Көзіқарақты кейінгі жұртқа Е.Ерназаров есімі таныс. Ф.Голощекинмен Қазақ­стан­да кіші қазан төңкерісін ұйым­дас­ырып, қол­дан аштық жасаушы та­қыр­шекенің (Ф.Г) қол­шоқпары. Шаласауатты оны Ресей 1927-1934 жылдары ҚА КСР Орталық ат­қару комитетінің төрағасы етіп қойған­дық­тан, ел арасында «Елтай ағам оқымай-ақ ел бас­қарған» деген кекесін сөз бар. Басқасын айт­пағанда, Оңтүстік Қазақстан облыстық мұраға­тындағы тәркілеуге қатысты құжат­тың бәрінде осы «Елтай көсемнің» қолы бар. Қ.Мұхаметханов «Шәкәрім» атты мақа­ла­сын­да ақын мен Елтайдың Шыңғыстаудағы кез­десуін көзімен көрген Аюбай Кенеса­риннің (1906 жылы туған) мынадай естелігін ай­тады:


Суретте: Елтай Елназаровтың қабірі

«Осы ауданға Қазақ үкіметінің бас­тығы Ел­тай Ерназаров келгенде (1931) Шәкәрім сол кісіге кіріп, әңгімелесіп, шығып тұрғанда көр­дім. Жаздыгүні болатын. Елтайға арналып, Қарауыл өзенінің жағасына бірнеше үй тігілген-ді. Елтай отырған үйді милиция адам­дары күзетіп тұрды. Арыз айта келгендер өте көп еді. Бірқатары кіруге рұқсат ала ал­май, күнұзақ тосумен болды. Сол күні атақ­ты өнер иесі, әнші Ағашаяқ ретін тауып кіріп, сиырымды қайтарып беретін болды деп қуанып шықты. Басқалары арызымыз ше­шілмеді деп ренжіп шығып жатты.
Бір кезде Елтай отырған үйден Шәкә­рім де шығып келіп, тұрған халыққа: «Малдан ай­рылған елдің ашыға баста­ғанын айтып, тәуір-ақ сөйлестім. Көнбеді. Мәселе шеше­тін басшыға ұқсамайды. Босқа әуре боп кір­мей-ақ қойыңдар», – деп атына мініп, жү­ріп кетті. Осы кезде­судің белгісіндей мы­на­дай өлең жолдары бүгінге жетті:

…Қазақтың басшы баласын
Сөйлестім, көріп шамасын.
Қалайша қалап қойған ел
Сезімсіз, ойсыз шаласын,
Түк келмейтін қолынан?!

Ел мұңын ондай ұға алмас,
Бастық та болып тұра алмас.
Мансапқа өзің мақтансаң,
Еліңнің басы құралмас,
Адасар айқын жолынан…».

Бүгінгінің шолақбелсенділерін айна қатесіз танып отырмын...
Не дейсің енді?
Біздің бүгінгі басшылардың қазақ тарихын жек көруінің себебі осы емес пе? Тарихты оқыса өзін көргендей болып, жиіркенеді...

Айдос Сарым, саясаттанушы

https://www.facebook.com/aidos.sarym

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364