Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4524 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 04:53

Жандос КӨКІМОВ: ОЛИМПИАДАНЫ КӨРІП ОТЫРЫП, ӨКСІП ЖЫЛАДЫМ

Қазақ боксының шоқ жұлдыздарының бірі – Жандос Көкімовпен кездесуді көптен бері көздеп жүрген едім. Тілдесе қалсақ, қызықты әңгіменің тиегі ағытылатынын сездім. Қанша дегенмен, ол кісі осы саладағы алғашқы қарлығаштарымыздың бір ғой. Ел спортына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Тарқатып айтсақ, Жандос – Америкаға жол ашқан тұңғыш қазақ! Көкімов – КСРО құрамасы сапында болған санаулы ғана қандастарымыздың бірі!..
Жуырда жүздесудің реті келді. Алматы қаласындағы Мұқан Төлебаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан Жандос ағаның үйінің жанында кездестік. Гүлзардағы орындықтардың біріне жайғасып, өткен күндерді еске алдық.
– Бұл пәтерді мен инсти¬тут¬тың үшінші курсында оқып жүр¬генде алғанмын. Дінмұхамед Қо¬наев ағамыздың өзі менің спорт¬тағы табыстарымды елеп, Ал¬м¬а¬ты¬ның қақ ортасынан үй бөлдірді. Қат¬ты қуандым. Ол кезде қазақ¬тар¬ға пәтер берілу былай тұрсын, қа¬лада тіркеуге тұрудың өзі мұң еді. Сондай заман болды ғой, ба¬уы¬рым. Содан бері қырық жылға жуық уақыт өтсе де сол үйде тұрып жа¬тырмын, – деп ағамыз өз әңгі¬ме¬сін бастады.
– Аға буын өкілдерінің аузынан «Кө¬кімов өзінің нағыз атой салатын тұ¬сында салмағының аздығынан қор¬лық көріп, талай жарыстардан шет қалды» деген әңгімені жиі ес¬ті¬дік. Сол рас па?

Қазақ боксының шоқ жұлдыздарының бірі – Жандос Көкімовпен кездесуді көптен бері көздеп жүрген едім. Тілдесе қалсақ, қызықты әңгіменің тиегі ағытылатынын сездім. Қанша дегенмен, ол кісі осы саладағы алғашқы қарлығаштарымыздың бір ғой. Ел спортына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Тарқатып айтсақ, Жандос – Америкаға жол ашқан тұңғыш қазақ! Көкімов – КСРО құрамасы сапында болған санаулы ғана қандастарымыздың бірі!..
Жуырда жүздесудің реті келді. Алматы қаласындағы Мұқан Төлебаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан Жандос ағаның үйінің жанында кездестік. Гүлзардағы орындықтардың біріне жайғасып, өткен күндерді еске алдық.
– Бұл пәтерді мен инсти¬тут¬тың үшінші курсында оқып жүр¬генде алғанмын. Дінмұхамед Қо¬наев ағамыздың өзі менің спорт¬тағы табыстарымды елеп, Ал¬м¬а¬ты¬ның қақ ортасынан үй бөлдірді. Қат¬ты қуандым. Ол кезде қазақ¬тар¬ға пәтер берілу былай тұрсын, қа¬лада тіркеуге тұрудың өзі мұң еді. Сондай заман болды ғой, ба¬уы¬рым. Содан бері қырық жылға жуық уақыт өтсе де сол үйде тұрып жа¬тырмын, – деп ағамыз өз әңгі¬ме¬сін бастады.
– Аға буын өкілдерінің аузынан «Кө¬кімов өзінің нағыз атой салатын тұ¬сында салмағының аздығынан қор¬лық көріп, талай жарыстардан шет қалды» деген әңгімені жиі ес¬ті¬дік. Сол рас па?
– «Қорлық көрдім» деу ар¬тық¬тау болар, бірақ салмағымның аз бо¬луына байланысты көптеген бай¬рақты бәсекелерге қатыса ал¬ма¬ғаным рас. Мен бокспен кештеу ай¬налыстым. Мектеп қабыр¬ға¬сында гимнастикамен шұғы¬л¬дан¬дым. Алматы қаласындағы Фрун¬зе ауданының (қазіргі Медеу ау¬да¬ны) чемпионы атанып, ІІ разряд алдым. 1965 жылы АЗВИ-ге оқуға түс¬тім. Бұл жерде гимнастика жоқ екен. Есесіне бокс жақсы жолға қо¬йылыпты. Бірінші курста-ақ сол үйір¬менің табалдырығынан атта¬дым. Алғашында Александр Кар¬пов¬тың маған аса көңілі толмады. Кел¬ген бетте көзімен басымнан ба¬қайшама дейін бір шолып өтіп, «жа¬рамайды» деп әңгімені шорт кес¬ті. Алайда сол жерде жаттығып жүр¬ген досым Есенкелді Ахметов бап¬керді көндіріп, менің үйірмеге қа¬былдануыма себепкер болды. Александр Иванович «Өзі үшін шұ¬ғылдана берсін. Бір-екі рет таяқ же¬геннен кейін өзі-ақ ала тонын ала қашар» деп ойласа керек, до¬сымның айтқанына көнді.
– Кейіннен бапкеріңіз Карпов сіз¬ге сенімсіздік білдіргені үшін ың¬ғайсызданған болар?
– Ол жағын білмеймін, бірақ ой¬лап қарасам, бапкердің сенім¬сізд¬ік білдіретіндей жөні бар. Ол кез¬де менің салмағым небары 44 ке¬лі болатын. Ал ресми жарыс¬тар¬ға тек салмағы 51 келі тартатын бокс¬шылар ғана қатысуға құқы¬лы еді. 48 келі салмақ дәрежесі де¬ген де кейін шықты. Амалдың жоқ¬тығынан 51 келі салмақта жұ¬ды¬рықтастым. Алғашқы қатыс¬қан жарысым – институт бі¬рін¬шілігі болды. Сол бәсекеде бас жүл¬дені жеңіп алдым. АЗВИ-дің құ¬рама командасына мүше Бей¬сен¬бек деген боксшыны ұтқаннан ке¬йін Александр Ивановичтің ма¬ған іші жылыды. 1966 жылы ауыл шаруашылығы мамандарын даяр¬лайтын жоғары оқу орын¬дары арасында өткен республика бі¬ріншілігінде бақ сынадым. Бі¬рінші кездесуде Шорин деген бокс¬шымен кездестім. Ол – КСРО чем¬пионатында екінші орын ал¬ған сақа спортшы еді. Соны бі¬рінші раундта ұрып құлаттым. Ке¬йін¬нен жеті жыл қатарынан ауыл шаруашылығы инсти¬тут¬ы¬ның студенттері ара¬сын¬дағы бү¬кілодақтық бірін¬ші¬лікте жеңімпаз атан¬дым. Басқа жа¬рыстарға шыға ал¬мадым. Себеп – сол баяғы сал¬ма¬ғымның аздығы.
– 1968 жылы ең жеңіл салмақ дә¬режесі болып, 48 келі белгіленді. Сіз¬дің өрлеу кезіңіз сол кезден бас¬талды емес пе?
– Дәл солай. 1969 жылы Ақ¬тө¬беде өткен Қазақстан чемпио¬на¬тында бас жүлдені олжалдым. Бұл жеңіс маған КСРО чемпио¬на¬тына жол ашты. Саратов қала¬сын¬да тұсауы кесілген жарыста бес жекпе-жек өткіздім. Жастар ара¬сындағы Одақ чемпионы По¬ки¬даев пен бүкілодақтық «Еңбек ре¬зервтері» қоғамы біріншілігінің же¬ңімпазы Әсет Бейсенбековті ұпай санымен ұттым. Беларусь чем¬пионы Шихмамедов пен Мәс¬кеу чемпионы Антоновты ұрып жық¬тым. Финалда КСРО-ның бір¬неше дүркін чемпионы Ана¬толий Семеновті үш раунд бойы са¬бағаныммен төрешілердің жер¬гілікті боксшыға бүйректері бұр¬ды. Мен күміс медальді қанағат тұт¬тым. Сол кезде қырағы ма¬ман¬дар назарына іліктім.

– Ол кездері КСРО құрамасына қа¬былданудың өзі үлкен бір же¬тістік еді. Ал халықаралық жа¬рыстарға келгенде білікті ма¬мандар іштарлық танытып, көбіне-көп өз өрендерін сүйрейтін. Соның ке¬сірінен қазақтың талай талантты бокс¬шылары тасада қалып қойды. Со¬ның бірі Көкімов еді ғой...
¬– Ондай әділетсіздіктің та¬ла¬йын бастан өткердік. Саратовтағы жа¬рыстан кейін Еуропа чемпио¬на¬тына Семеновті апарды. Ол бас¬тапқы бәсекелердің бірінде Поль¬шаның өкіліне ұтылды. Ал бас жүлдені венгриялық Георгий Ге¬до жеңіп алды. Арада екі ай өт¬кенде, Будапештте өткен халық¬ара¬лық турнирде Еуропа чем¬пио¬нымен жолым қиысты. Гедоны қуа¬лап жүріп сабаған едім, төре¬ші¬лер бұра тартты. Жеңіс жер¬гілікті боксшының еншісінде кет¬ті. 1971 жылы КСРО ха¬лы¬қ¬та¬рының спартакиа¬да¬сында Семен¬ов¬ты тағы сабадым. Та¬ғы да төре¬ші¬лер әділдікті белден бас¬ты. Сөй¬тіп, Еуропа чемпио¬на¬тынан тыс қалдым. Бәрі де сол кездегі со¬лақай саясаттың салдарынан ғой. Әйтпегенде ресми халық¬ара¬лық жарыстардың биігінен кө¬рінуге менің де күш-жігерім же¬те¬тін еді.
– Мюнхен Олимпиадасына ба¬ра алмауыңыздың себебі де белгілі. 1972 жылы КСРО чемпионатының жар¬тылай финалы қарсаңында сізді әдейі біреулер уландырды де¬ген сыбыс бар. Сол қаншалықты рас?
– Ондай да оқиға болған. Әуелі мен аймақтық жарыста дара шық¬тым. Жданов қаласында бес жекпе-жектің үшеуін нокаутпен, еке¬уін айқын басымдылықпен аяқ¬тадым. Негізі 48 келі салмақта но¬каут сирек болады. Ал мен қар¬сыластарымның көбін есінен тан¬дырып жеңетінмін. Солақаймен ұр¬ғанымды құлататынмын. Ри¬гада жалауы көтерілген КСРО чем¬пионатына да тамаша бабым¬да келдім. Өзімнің жеңіске жете¬ті¬німе имандай сендім. Оның үс¬тіне сол жылдары оң қолыммен де нокаутқа жіберуге машықтанып ал¬дым. Алайда жартылай финал¬дық бәсеке өтетін күні Марат Жақ¬сыбаев екеуміз асханада ула¬нып қалдық. Ал басқалары дін аман. Бұл бәзбіреулердің қолымен әде¬йі жасалған қастандық екенін со¬дан-ақ ұқтық. Бірақ амал не¬шік, сол жолы да қола медальді місе тұттым. Сөйтіп, Мюнхен Олим¬пиадасынан шет қалдым. Бұл да бір өзекті өртеген өкініш бол¬ды.
– Олимпиада ойындарын теле¬ди¬дар арқылы тамашалағаныңызда жа¬нарыңызға жас тығылған шы¬ғар...
– Жас тығылмақ тұрмақ, жы¬лып отырып көрдім. Өксіп тұрып жы¬ладым. Неге жыламайын, менің соқ¬қыларымнан кейін еден құ¬шып жатқан спортшылардың дені Олимпиадада өнер көрсету ба¬қы¬тына ие болды. Әділдік қайда? Жо¬лым неге ауыр? Мені осылай қор¬лайтындай, Жаратушыға не жаз¬дым? Осындай сансыз ойлар са¬намда сапырылысып жатты. Өзің ой¬лап көрші, бауырым. Одақ бап¬ке¬рлерінің үкілеп қосқан өкілі Вла¬димир Иванов ширек фи¬нал¬да сүрінді. Будапештегі халы¬қ¬ара¬лық турнирде менен таяқ жеген Геор¬гий Гедо Олимпиада чемпио¬ны атанды. Содан бір жыл бұрын ға¬на мен нокаутқа жіберген Ю Гил Ким күміс жүлдені қанжығасына бай¬лады. Ал менің пешенеме бар бол¬ғаны солардың жеңісіне қол со¬ғу ғана жазылды. Соған қалай кү¬йінбейсің?!
– Көбіне-көп өз қандаста¬ры¬ның ығына жығылатын мәскеулік бап¬кер¬лердің сізге де бір-екі рет бүй¬ректері бұрғанын жасыр¬май¬тын шы¬ғарсыз. Олай деп айтуыма се¬беп, АҚШ пен КСРО құрама¬ла¬ры ара¬сында тұңғыш рет ұйым¬дас¬ты¬рыл¬ған матчтық кездесудің тұ¬са¬уын ке¬су бақыты сізге бұйырды ғой...
– Ол кезде 48 келі салмақта КСРО бойынша менің алдымды орай¬тын боксшы жоқ еді. Елішілік жа¬рыста төрешілердің көмегіне жү¬гінген жігіттердің барлығы шет¬ке шықса, жеңіліп қала береді. Ал ұлы державалар – АҚШ пен КСРО матчының үлкен саяси ма¬ңызы берілгенін айтып жатудың өзі артық болар. Ол кезде әлемдік бокстың көшбасшысы да осы қос мем¬лекет еді. Алдағы тартысқа пар¬тия басшылары ерекше мән берді. Боксшылар екі ай бойы тыңғылықты даярланды. Оқу-жат¬тығу жиынына әр салмақтан 2-3 үміткерден болса, 48 келі сал¬мақта барлық ауыртпалық менің иы¬ғыма түсті. Өйткені басқа бокс¬шыларға бапкерлердің көңілі тол¬мады. Матчтық кездесу Лас-Ве¬гаста өтті. Америкалықтар өз өрен¬дерінің жеңіске жетуінің бар¬лық амал-қарекетін жасады. Мә¬селен, бізді қонақүйде бір кісілік бөл¬мелерге орналастырды. Өзіңіз ой¬лап көріңіз, жаттығудан шар¬шап келіп, бөлмеге келесің. Ал¬да¬ғы жек¬пе-жекті ойлап, жүйкені то第дыр¬мау үшін біреумен әңгі¬ме¬ле¬су керек. Ал кең бөлмеде жалғыз өзің жа¬тасың, тілдесетін ешкім жоқ. Бұл психологиялық тұрғыдан ал¬ғанда өте қиын. Жарысқа КСРО мен АҚШ-тан екі-екі төрешіден бар¬¬ды. 11 салмақ дәрежесінің ал¬тବуында қожайындар, бесеуінде қнақтар қазылық етті. Яғни аме¬рикалықтардың үлес салмағы ба¬сым болды. Құлап қалмаса болды, же¬ңіс шаршы алаң иелерінің уы¬сында кетеді. Соны ұғынған біздің жі¬гіттер барын салды. Мен Уильямс Хаутхорм деген бокс¬шы¬мен қолғап түйістірдім. Соның ал¬дында ғана аяғымды ауыртып ал¬ғанмын. Алайда шегінуге бол¬май¬тын еді. Жарақатым жаныма батса да, намысқа тырыстым. Үш раунд бойы оны қуып жүріп са¬бадым. Бірақ ринг иесі жеңіске жет¬ті. Осылайша таразы басы тең¬селіп тұрғанда, 63,5 келі сал¬мақ¬тағы Валерий Фролов қарсыласын но¬каутпен ұтты. Сол айқын же¬ңістің арқасында бәсеке 6:5 есе¬бі¬мен Кеңес Одағы құрамасының пай¬дасына шешілді. Іле-шала АҚШ пен Канада құрамалары Мон¬реальда КСРО командасына қар¬сы шықты. Бұл тартыста біз қар¬сыластарымызды 9:2 есебімен ой¬сырата ұттық. Мен Клаудио Ривераны атойлап жеңдім.
– Спортпен қош айтыс¬қа¬ны¬ңыз¬да 27 жаста едіңіз. Сол кездің өзін¬де бойыңызда талай мықты¬лар¬ды жолыңыздан ығысты¬ра¬тындай күш-қуат болды. Бірақ то¬сын шешім қабылдадыңыз. Оған не себеп болды?
– Бір жағынан Мюнхен Олим¬пиадасына бара алмауым, ма¬ған ауыр соққы болып тиді. Екін¬шіден, шаңырақ көтердім, от¬басыма көңіл бөлу керек. Үшін¬шіден, көзіме зақым келіп, дә¬рігерлер кеңесіне құлақ түрдім.
– Спорттан кейінгі тағдырыңыз қа¬лай болды?
– Қиындықты да, қуанышты да көрдік. Түрлі кәсіптің тұтқасын ұс¬тадық. Ақыры айналып, спорт¬қа қайта келдім. Бұл күндері зей¬нет¬ке шыққаныма қарамастан Қа¬зақтың Ұлттық аграрлық уни¬верситетінде ұстаздық етемін. Өз¬деріңіз білесіздер, Тілектес Ес¬болов басқаратын қара шаңы¬рақ¬тан талай мықты спортшылар тү¬леп ұшты. Мәселен, соңғы бес Уни¬версиаданың үшеуінде атал¬мыш оқу орнының боксшылар құ¬рамасы бас жүлдені олжалады. Соған қосқан біздің де үлесіміз бар. Міне, осылай тіршілік етіп жа¬тырмыз.

 

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322