Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 18089 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 13:54

ОРЫС ХАННЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ

Бүгінгі таңда Жошылықтар генеологиясының ең пікірталасты мәселелерінің бірі ол – Орыс ханның шығу тегі туралы. Кейбір зерттеушілер Натанзи және оған тәуелді деректердің негізінде Орыс ханның Орда-эженнен тарағанын жақтайды. Басқа зерттеушілер Муизз ал Ансаб, Чингиз-наме, Таварихи Гузидайи Нусрат-наме, Қадырғали Жалаири және басқаларының негізінде Орыс хан Тоқа-Темірлерден тараған деп санайды. Әуел баста бірінші көзқарас XIV ғасырдағы Орда-эжен мен Тоқа-Темір ұрпағы туралы XIX ғ. Натанзидің еңбегінен басқа генеологиялық деректердің ғылыми айналымға енбеуінен пайда болды. Рашид ад-Диннің мәліметтері 1310-шы жж. Орда-эжен ұлысы мен оның ұрпағы туралы мәліметтермен үзіледі.

Ескендірдің Анонимі (Натанзи) мәлімдеуінің растығы туралы мәселенің терең тарихнамасы бар. Зерттеушілердің басым бөлігі сөзсіз Анонимнің генеологиясы мен хронологиясында шатасудың пайда болған тұсын, сондай-ақ, Ақ Орда мен Көк Орданы шатасуындағы себепті және ұлыстың Шығысында билік еткен-мыс алтынордалық түменбасы Ноғайдың ұрпағындағы шатасулар сияқты қателердің себебін зерттеместен, сеніммен қабылдады.

Мәселенің тарихнамасы В.П.Костюковте жақсы талданған [8, 195-204].  Юлай Шамильоглу жазғандай: «Ғалымдардың басым бөлігі Ақ Орда мен Көк Орда атауларында оның шатасуын түзетумен ғана шектеліп, Натанзидің ақпаратын әлі де жақсы ниетпен қабылдайды. Алайда, Натанзидің сенімділігіне қатысты алдыңғы талдауды ескергенімен  Орда ұлысы тарихы бойынша оны «бірегей» құжат ретінде қолдану үшін қандай ақтайтты дәлел етуі мүмкін?» [26, 165-168]. А.Г. Гаев жазған «Натанзи өзіне мәлім бытыраңқы тарихи фактілер мен сюжеттерді қисынсыз ұғынып және қиялдың көмегімен толықтырып, бір арнаға тоғыстырып, көркем шығарма жасаған. Яғни Ескендірдің Анонимі генеологиялық емес, тіпті, толық тарихи шығарма да емес, Темір ұрпағының жас ханзадасы Ескендірге тарихи суретте жаман мен жақсының не екенін көрсететін, гротестік өңделген және сәйкесінше таңдалған нақыл-публицистика» [2, 14]. В.П.Костюков Анонимнің көптеген қатесін көрсетіп, Анонимді жақтаушылардың дәлеліне «ғылыми анализдің әдісіне жанама ғана қатысы бар» екені туралы жазды. Ескендірдің Анонимі мәліметінің растығы туралы мәселе  өте маңызды, себебі Орыс-ханның Орда-эженнен тарағаны туралы барлық көзқарастың негізі Натанзи болып табылады. Натанзи мәліметінің растығы деңгейін анықтаумен Орыс-ханның шығу тегі мәселесін шешуге болатынын сенімділікпен айтуға болады.

Натанзиде Сасы-Бұқа – Ноғайдың ұлы, ол Тумаканның ұлы, ол Құлидің ұлы, ол Орда-эдженнің ұлы деп аталған. Оның үстіне, Натанзи осы Ноғайдың өмірі туралы айтқанда, ол Бувалдың ұлы, ол Татардың ұлы болған танымал алтынордалық түменбасы Ноғай туралы айтады. Сонымен, Шығыс Дешті  Қыпшақтың билеушілері Натанзиде Ноғайдың ұрпағы деп аталған. Ноғайдың ұрпағы туралы айтқан барлық мәлім деректер бұған қайшы келеді. Ноғайдың үш баласы Тоқтамен күресте қаза болды, ал оның немересі Болгарияға (Шишеман) қашты. Яғни, Сасы-Бұқаның генеологиясы Натанзиде дұрыс қойылмаған. XIX ғасырдың зерттеушілері аталған Сасы-Бұқаны Баянның ұлы Сасымен теңдестірді. Алайда аталған теңдестірудегі есімдердің ұқсастығы (толық емес ұқсастық, айталық, Орда-эжен ұрпағының ішінде есімдері толық сәйкес келетіндер де болған, мысалы, Құблұқтың ағасы Сасы-Бұқа) мен әулеттердің сәйкесінен басқа дәлелі жоқ.

Жоғарыда біз Баян 1308-09 жылдардан бастап Орда-эжен ұлысын билемегінін көрсеттік, ендеше ол Тоқта мен Өзбектің шынайы иеліктерінің оңтүстік-шығыс немесе шығыс шекарасындағы Йекмуш (Бекмариш) ұлысының билеушісі болған сияқты.

Жошы ұлысы туралы Натанзи мәліметін құрылымдық екі деңгейге бөлуге болады:

1.Оның Рашид ад-Диннен алған мәліметтері [6, 249]. Бұл жерде Натанзи Орыс-ханның келесідей генеологиясын бергенін атап өту қажет: Шымтайдың ұлы, Шымтай  Ерзеннің ұлы, ол Сасы-Бұқаның ұлы,  ол Ноғайдың (бұл алтынордалық түменбасы Ноғай) ұлы, ол Құлидың ұлы, ол  Орда-Эженнің ұлы [22,  265]. Ноғайдың аталаған генеологиясы Рашид ад-Диннің екі қолжазбасындағы (Ташкенттегі Өзбекстанның Мемлекеттік Көпшілік кітапханасындағы XIV ғасырдағы Джурабек шығармаларынан қолжазба және Париждің Ұлттық кітапханасынан Ancien Fonds Persan 67 қолжазба) Ноғай генеологияларына өте ұқсас. Хулагу отрядымен [6, 120] соғысқан бұл генеологиялардағы алтынордалық түменбасы Ноғайдың генеологиясы келесідей: Ноғай, Джаруктың ұлы, ол Тумаканның ұлы, ол Құлидың ұлы. Рашид ад-Диннің мәліметіне сай, осы генеологиямен Ноғай Құли ұрпағының арасында кездеседі, бірақ ол Хулагумен соғысқан алтынордалық түменбасы емес (оның арғы атасы Құли Хулагудың замандасы болған, ал оның өзі бұл кезде әлі дүниеге келген жоқ), тек соның аттасы ғана болды  [6, 98].

 

Джурабек шығармаларынан қолжазбада қате генеология үстінен түзетілген: Татардың ұлы, ол Бувалдың ұлы [6, 146]. Яғни, Париж кітапханасынан қолжазба Рашид ад-Дин қолжазбасының небары алғашқы түрі, басқаша айтқанда шимай дәптері, немесе шимай дәптердің көшірмесі болғанын есептеуге болады. Джурабек шығармаларынан қолжазба шимай дәптердің (немесе оның көшірмесінің) өңделген нұсқасы болды. Рашид ад-Динді аудару үшін қарастырылған қалған 6 қолжазба, дұрыс генеология берілгендіктен, өңделген нұсқадан (немесе оның көшірмесінен) таза бетке көшірілген, әлдеқашан таза қалпындағы қолжазба болды: Ноғай Татардың ұлы, ол Бувалдың ұлы. Бәлкім, Натанзидің қолында (Орда-эженның ұрпағы) Ноғайдың қате генеологиясы қарастырылған Рашид ад-Диннің (шимай дәптері) жаңсақ көшірмесі болған шығар. Кейін ол Шәдібек нөкерлерінің өкілдері хабарлаған мәліметтерді жорамалдап, 1360-шы жж. Сығанак ханы болған Ноғайды және алтынордалық (оның деректеріне сай (Рашид ад-Диннің шимай дәптері бойынша) Орда-эжен ұрпағы болған) түменбасы Ноғайды теңдестірген. Есімдерінің (екеуі де Ноғай) ұқсастығын және  билеу территориясын («Орда-эжен ұрпағының иелігі» Шығыс Дешті – Қыпшақ) негізге алып Натанзи екі Ноғайды теңдестірген.

2. Өзіндік хабарлар.

Алдыңғы мақалаларымызда біз Натанзидің өзіндік, яғни түпнұсқалық хабарламаларын талдап, А.Г.Гаевтың қорытындыларымен де сәйкес келетін, келесідей  қорытындығы келгеміз [2, 13]:

Натанзидің қайшылықты генеологиясының түсініктемесі сірә Натанзидің өз болжамынан болуы мүмкін, яғни, ол XIV ғ. 60-70 жж. Шығыс Дешті-Қыпшақ хандарын (Сасының (Шахи) ұлы Кара-Ноғайды, Тоғылық-Темірді, Мубарак-қожаны, Құтлық-қожаны және Орысты) Орда-эжен ұрпағымен теңдестіруі. Ол мұны екі Ноғайды теңдестірудің негізінде жасады: XIII ғ. соңында өмір сүрген алтынордалық түменбасы Ноғай мен 1360-шы жж. Сығанақты билеген Қара-Ноғай. Сол қанаттың хандары туралы мәліметті Натанзи Шәдібек нөкерлерінің өкілімен бір байланыста алған [18, 153-154].  Мәлімет көзі болған ол, әлдебір түркілік жылнама немесе бұрын санағандай Сығанак мұрағаты емес.

Сондай-ақ, Өзбек-хан тұсында Сол қанаттың билеушілері (Жошы ұлысының шығысын билеген «Ноғай ханның ұлы» Сасы-Бұқа) туралы Натанзидің мәліметтері Өзбек-хан тұсында сол қанаттың билеушілері (минимум 1328 жылға дейін) болған Баянның ағасы Маңғытай және Маңғытайдың ұлы Құбақ (Қалақ) туралы хабарлаған араб авторларының мәліметтеріне қайшы келеді.

Сондай-ақ, біздің тарапымыздан Муизз ал Ансабтан [17] [19] және Таварихи Гузидайи Нусрат-намеден [20] Шыңғыс тұқымы генеологиясының шығу тегі туралы мәселе талданды.

Төмендегі кестеде біз Орда-эжен және Орыс-хан ұрпақтарының генеологиясы бойынша  түрлі деректердің растығы туралы (дерекке ішкі сын әдісі негізінде) екі көзқарасты ұсынамыз.

 

 

Натанзи

Муизз ал Ансаб

Таварихи Гузидайи Нусрат-наме

Өтеміс-қожа

Сыртқы сын (аталған шығармалардың көшірмелері, олардың өзара байланысы)

Аталған шығарманың үш көшірмесі бар: Шығыстану Институтында, Ұлыбританиялық мұражайда және   Париждің Ұлттық Кітапханасының жылнамасында [6, 248-249]

Аталған шығарманың 5 көшірмесі бар. Олардың ішінде аударылғаны тек Париждік көшірме. Біздің пікірімізше, Париждік көшірменің қалған үшеуінен айрықшылығы бар, себебі ол үш көшірмеге Шахрух заманында Шыңғыс тұқымының генеологиясына толықтыру енгізілген жоқ, ал Париждік көшірмеге Абу Сеид пен Хусейн Байкара заманында Шыңғыс тұқымының генеологиясына толықтырулар енгізілді [16].

Аталған шығарманың екі толық көшірмесі бар:Лондондық және Ленинградтық тізім:   Ленинградтық тізім Лондондық тізімнің қысқартылған көшірмесі.

 

Аталған шығарманың екі көшірмесі бар:  В.П. Юдин аударған ортаазиялық тізім және Риза Фахретдиннің коллекциясынан Ахмет-Заки Валиди Тоганға берген тізімі 

Орда-эжен ұрпағы туралы аталған көшірмелерде қандай мәліметтер кездеседі.

XIV ғасырдағы шығыс Дешті –Қыпшақтың генеологиясы мен хронологиясы бойынша мәліметтер бар.

Рашид ад-Диннің мәліметтерінен сәл айрықшылығы бар мәліметтер бар, бірақ аса маңызды емес (Құбылық балаларының есімдері келтірілген)

Ленинградтық

тізімде Орда-эжен ұрпағының генеологиясы берілмеген  (генеалогия Бату мен оның ұрпағынан басталады).

Лондондық тізімде Орда-эжен ұрпағының генеологиясы берілген (бұл үзінді күні бүгінге дейін бүгінгі тілдерге аударылмаған) мұның басым бөлігі Рашид ад-Диндегі Орда-эжен генеологиясының көшірмесі болып табылады. Дегенмен, аталған үзіндіде Оржа-эженнің ұрпағы туралы түпнұсқалық мәліметтердің болуы толығымен мүмкін, (айталық  Пишкадэ огланның және оның ағасының (куйун Эдженликтегі Әбілхайыр-ханның серіктестері).

Аталған шығармада Орда-эженнің ұрпағы туралы мәліметтер келтірілмейді.

Мәліметтің пайда болу көзі

Бірінші нұсқа:

В.В.  Бартольд

1. Рашид ад-Дин

2.ұйғыр хаттамашылары құрастырған түркілік жылнама   [6, 249-250]

Екінші нұсқа:

А.Исин

1.Исфаханда орналасқан Ақ Орданың әлдебір мұрағаты [5].

Үшінші нұсқа:

Ж.М.Сабитов

1. Рашид ад-Диннің шимай дәптері (осыдан Ноғайдың қате генологиясы және екі Ноғайды қате теңдестіру).

2. Шәдібек нөкерлері өкілдерінің ауызша мәліметтері (немесе шығыс Дешті-Қыпшақтан басқа адамның) Натанзимен небары бір рет кездескені

 Шахрух заманында жазып алынған, генеологиямен толықтырылған Рашид ад-Диннің мәліметі және (немесе) оның дерегі. Париж қолжазбасына Абу Сеид пен Хусейн Байкара заманында Шыңғыс тұқымы бойынша мәліметтер толықтырылған. Бәлкім, париждік тізімдегі бұл мәліметтердің көзі болған Абу Сеидке де, Хусейн Байкараға да қызмет еткен

Тоқа-Темір ұрпағынан  (қырымдық Гирейлердің туысы) Сұлтан-Баязид шығар   [15].

Әбілқайыр-ханның және оны немересі Мұхаммед Шейбанидің тұсында

генеологиямен толықтырылған Рашид ад-Диннің мәліметтері.

Ауызша әңгімелерден алынған мәліметтер.

Аталған деректе қандай қателер жіберілген

Жошы тұқымына қатысты да, Шағатай тұқымы қатысты да көптеген хронология   және генеология бойынша қателер.

  Ақ Орданың орналасуына қатысты қателер.

Қате аудармалар (Бузан мен  Бердібек туралы) немесе аудармасыз (Кепек маңғыт туралы) тұтас сөйлемдер құрастырылған

 Алтынордалық түменбасы Ноғай ұрпағының билеген территориясын анықтаудағы қателер және т.б.

Шәдібек ұлы Гияс ад-Дин (олар оның ұрпағы емес) ұрпағының генеологиясы дұрыс көрсетілмеген.

Тоқа-Темір немерелерінің есімдеріндегі орын алған қате Орыс-ханның жалған генеологиясының пайда болуына әкелді (Қара-қожаны Тимур-қожамен шатастырып жібірген).  Кіші Мұхаммедтің балалары мен ұрпағындағы түсінбестік.

Аталған дерекке толық дерлік ішкі сын жасалмаған.

Орыс-ханның әкесі және оның шығу тегі

Орыс-хан, Шымтайдың ұлы, ол Эрзеннің ұлы, ол Сасы-Бұқаның ұлы, ол Нукайдың ұлы, ол Құлидың ұлы, ол Орда-эженнің ұлы

Орыс-хан, Бәдіктің ұлы, ол Тимур-қожаның ұлы, ол Бақтұқтың (Бакубука, Тактак) ұлы, ол Ачиктің ұлы, ол Урангташтың ұлы, ол Тоқа-Темірдің ұлы 

Орыс-хан Бәдіктің ұлы, ол Қожаның ұлы, ол Үз-Темірдің ұлы, ол Тоқа-Темірдің ұлы

Орыс –хан Тоқа-Темірдің ұрпағы Бәдіктің ұлы.

Деректің авторы жаңылысты ма немесе ол әдейі Орыс-хан мен оның ұрпағы туралы жалған айтты ма (Натанзиді жақтаушылардың нұсқасы)

Натанзи

шығу тегі түркілік беймәлім деректен алынған өзіндік мәліметтерге жүгінген. (А.Исиннің мәлімдеуінше Ақ-Орда мұрағатынан)

Автор Орыс-ханның («Темірдің қастандығы») генеологиясы

туралы әдейі жалған айтқан.

Автор Орыс-ханның («Темірдің қастандығына негізделген Шибандық қастандық») генеологиясы

туралы әдейі жалған айтқан

 

 

Автор Орыс-ханның («Темірдің қастандығына негізделген Шибандық қастандық») генеологиясы

туралы әдейі жалған айтқан

Деректің авторы жаңылысты ма немесе ол әдейі Орыс-хан мен оның ұрпағы туралы жалған айтты ма (Натанзидің қарсыластарының нұсқасы)

Бірінші нұсқа:

Ю.Шамильоглы және басқалары:

Натанзи  мәліметтері мүлдем рас емес. Оның көптеген қатесі осыны куәландырады.

Екінші нұсқа:  Натанзи мәліметтері екі деректен алынған: Рашид ад-Диннің шимай дәптерінен және XIV ғ. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы оқиғалар куәгерінің ауызша әңгімесінен   (парсытілді автор мен мәліметтердің түркітілді дерегімен бір байланысы болды). Одан кейін Натанзи оған хабарланған мәліметтерді өзі болжаған.   Бәлкім, ол тура аударғаннан  оглан лауазымы Шыңғыс тұқымының лауазымы (шахзаденің)

орнына, ұл ретінде аударылған шығар.

Автор Орыс-хан тұлғасына мүдделі болмауына байланысты, қателескен де жоқ, әдейі жалған да айтқан жоқ.

Автор Орыс-хан генеологиясын анықтауда жаңылысты (бірнеше арғы атасын шатастырып алған, ал   генеологияның басқа жері дұрыс).

Автор қателескен жоқ (Орыс-ханның толық генеологиясы берілмеген) және Орыс-хан тұлғасына мүдделі болмауына байланысты жалған атйқан жоқ.

 

Егер Натанзи мәліметтерінің растығын жақтайтын бірінші көзқарасқа қатысты айтсақ, онда атап өтуді қажет ететіні:

1.Шығыс Дешті-Қыпшақтағы мәліметтер қалайша Натанзиде пайда болғанына қатысты үлкен қайшылық бар. Исфахандағы Ақ-Орда мұрағаты туралы нұсқа фантастика, себебі, егер мұндай мұрағат Иранға жетсе, онда ол Натанзиге емес, ол Шахрухтың сарай маңындағыларының (айталық, Хафиз Абру) қолына түсері күмәнсіз. Одан басқа, Натанзиде кездесетін соншалықты көп қате, мұнда болмас еді. Қатенің осыншалықты көптігінің себебі, парсы тілді Натанзидің мәлімет көзімен (хабарлаушымен) басқа (түркі) тілде аудармашы арқылы тек бір рет сөйлесуінен туындауы мүмкін. Осындай қателердің бірі келесі мысал болуы мүмкін: Жошылықтардың есімдері көптеген жылнамаларда, тура мағынада ұл ретінде аударылатын огул немесе оглан[1] тіркесімен берілген. Огул немесе оглан Шыңғыс тұқымы патшаларының лауазымы (парсы тіліндегі шахзаденің аналогы) екенін Натанзи білмеуі мүмкін, сондықтан ол оглан лауазымын туыстықтың (ұл) белгісі ретінде қабылдаған. Айталық, Натанзиде: «Одан (Эрзеннен) кейін оның ұлы Мубарак-қожа дүрбелең бастады». Түпнұсқада сөйлем басқаша құрастырылуы мүмкін еді: «Одан кейін Мубарак-қожа-оглан дүрбелең бастады». Немесе келесі мысал: «Одан кейін, Орда-шейхтің ұлы Тимур-қожаны отырғызды», ал шындығында ол басқаша естілер еді, айталық: «Орда-шейхтан кейін Тимур-қожа-огланды отырғызды». Натанзи аудармасындағы қатенің жеткіліктілігін ескеру арқылы, жоғарыдағы Натанзи келтірген генеологиядағы мұндай жәйттердің бар болуын жоққа шығаруға болмайды.

2. Муизз ал Ансабтан мәліметтер. Жоғарыда біз атап өткендей, Муизз ал Ансабтың Париждік көшірмесіне Тоқа-Темір ұрпағының генеологиясы бойынша мәліметтерді Тоқа-темірдің ұрпағы және XV ғасырдың ортасында немесе екінші жартысында Қырым хандарының жақын туысы болған Сұлтан-Баязид қосты. Егер ол Муизз ал Ансабтан Шахрухтық нұсқадағы өзінің туысы Орыс-ханның «құрастырылған генеологиясын» көрсе, онда ол міндетті түрде генеологиялық кестеге нақты сөйлемдерді қосу арқылы (Муизз ал Ансабта әкелікке қатысты даулы сөйлемнің мысалдары бар), (Хусейн Байкараның) Париждік жылнаманы түзетер еді.

Деректанулық дәлелдерден басқа, Орда-эжен ұрпағына қарсы әуелі Темір ұрпағының, кейін Шибан ұрпағының қастандығына қатысты нұсқаға қарсы тиімді дәлелдер келтіруге болады.

1.Барак өзінің Ұлығбекпен территориялық таласында, Орда-эжен құқығын емес, Орыс-ханның құқығын алға тартты. Яғни, егер тіпті Темір ұрпағы өзінің тарихи шығармаларында Барактың құқығын жоққа шығарғылары келсе, онда оларға не Барактың, не оның әкесінің, немесе Орыс-ханның жалған есімге ие болуы туралы нұсқаны ойдан шығаруға тура келер еді. Іс жүзінде Баракты Тоқа-Темір ұрпағы деп атаудың мәні жоқ, себебі бұл жағдайды өзгертпейді, Барак XIII ғ. емес (Орда-эжен заманы), Орыс-ханның заманын алға тартты ғой.

2.Хорезмдік және Бұхаралық Шибан тұқымы да Орыс-ханды Тоқа-Темір ұрпағы деп жариялаудан іс жүзінде ешқандай пайда көрген жоқ, оның үстіне Шибандықтардың екі бұтағының мүдделері қарама-қайшы болды, сондықтан, «Орыс-ханның шығу тегін кемсіту мақсатында» олардың мүддесін біріктірудің қажеті жоқ. Ол кезде «шығу тегіндегі үлкендіктің» (материалдық ресурс емес) аса маңызды рөлі болған жоқ, далалық өзара соғыста материалдық ресурстың маңызы басым болды.

3.Осындай генеологиялық жалған, яғни қолдан жасалынған генеология тарихта болған емес. Тарихта не ойлап шығарылған өтірік генеологияның немесе басқа біреудің атағын иеленудің (әдетте мұны сол тұқым өкілдерінің өздері ойлап табатын) мысалдары болған. Қоқандық тарихнамадағы Алтын-Бешик пен Абу Бекр халифтен Идегейдің генеологиясы осыған мысал бола алады. Немесе түрлі мифтерді тарату арқылы өз тұқымын дәріптеу үшін дәлелдер келтіріледі. Айталық, ағалы-інілі Кабул (Шыңғыс-ханның арғы атасы) және Качул (Темірдің арғы атасы) туралы Темір ұрпағының мифі. Немесе Шибан тұқымын басқа Жошылықтардан жоғары қоятын Боз-Орда туралы Шибан тұқымының мифі («Шыңғыс-хан оларға Сұр Киіз үй тіккен, ал Тоқа-Темірге тіпті үсті жабық арба да қоймаған»). Яғни, жоғарыда қолдан жасалынған оң генеологияның немесе мифтің (өз тұқымын дәріптеу мақсатында тұқым өкілдері жасаған) мысалдары келтірілді. Еуразиялық түркілік мемлекеттерде қолдан жасалынған теріс генеологияның және мифтің (қарсылас тұқымды жоқ қылу мақсатында тұқым өкілдері қалыптастырған) мысалдары жоқ. Мұнымен қоса, егер әлдебіреу басқа тұқымның шығу тегін құнсыздандырғысы келсе, онда ол Шибандық қастандықты жақтаушылар ұсынғандай, жарты жолда тоқтамай, Орыс-хан ұрпағын Шыңғыс-хан тұқымы емес деп жариялап, соңына дейін баратындығын атап өту қажет. Яғни, бәрібір Шыңғыс тұқымы болып қала беретіндіктен, Орыс-хан тұқымын Шыңғыстың басқа тұқымы деп жариялау тиімсіз.

Жоғарыда айтылғанның барлығын түйіндей келе, Оккам ұстарасына сай, Натанзидегі генеологияның және басқа деректер қайшылығының қисынды түсіндірмесі, ол Орыс-хан ұрпағына қарсы Темір ұрпағының да, Шибан ұрпағының да ешқандай «генеологиялық қастандығы» болмағанын атап өтуге болады. Натанзидің өзінде мәліметтердің екі дерек көзі болған:

1. Рашид ад-Диннің шимай дәптері немесе Рашид ад-Диннің алтынордалық түменбасы Ноғай генеологиясының кемістігі бар шимай дәптерінің көшірмесі (Ногай, Джаруктың ұлы, ол Тумаканның ұлы, ол Құлидың ұлы, ол Орда-эженнің ұлы). Оның шығармасында аталған генеология Орда-эженнің ұлы Құли, оның ұлы Ноғай түрінде қалды.

2. XIV ғ. 60-70 жж. Шығыс Дешті-Қыпшақ оқиғаларының түркітілді куәгерінің (болжаммен Шәдібек нөкерлері ішінен шыққан адам) әңгімесі. Шығыс Дешті-Қыпшақ хандары Сасы-Ноғайдан (Сасы-Бұқа – бұл Сасы-Ноғайды жазудың бір нұсқасы) кейін билегені туралы мәлімет алған. Бұл жердегі Сасы-Ноғай – бұл Өтеміс-қожа бойынша мәлім XIV ғ. 60-жж. бастап Шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Сасының ұлы  Қара-Ноғай (А.Г.Гаевтың болжамы дәлелденді).

Натанзи екі Ноғайды сынсыз теңдестірген, сондай-ақ, өзінің түркітілді дерегінің сөзінен огул (оглан) терминінің мағынасын түсінбеудің негізінде, Жошылықтардың аталған лауазымы тура мағынада «ұл» ретінде аударылады деп болжады. Сонымен, Жошы тұқымы бойынша барлық мәлім генеологиялық деректерге қайшы келетін, Натанзиде өзгеше дерлік генеология пайда болды.

Қ.З.Өскенбай өзінің жуырдағы еңбегінің «Орыс-ханның шығу тегі. Ордалық па әлде Тоқа-Темірлік пе» атты параграфында Орыс-ханның шығу тегі туралы жазған. Қ.З.Өскенбай 12 бет бойы Орыс-ханның Тоқа-Темірден тарағанын сынайды. Алайда, Қ.З.Өскенбай өзінің көзқарасын сынаған көптеген еңбектерден әдейі дәйексөз келтірмейді. Оның монографиясында Натанзи мәліметтеріне және Жошылықтар генеологиясы бойынша басқа да деректерге сыни анализ жасаған біздің еңбегіміз көрсетілмеген, оған біз төменде тоқталамыз. Айталық, Қ.З.Өскенбай жазады: «Натанзи мәліметтеріне сынмен қараған зерттеушілер, рас ақпаратты хабарлайтынын болжап, Муизз ал Ансабтың анониміндегі мәліметтке мұны жасаған жоқ» [23, 181]. Алайда, бұл жерде Қ.З.Өскенбай оқырмандарды әдейі жаңылыстырмақ. Біздің 2013 жылға дейін (Қ.З.Өскенбай монографиясының жарыққа шыққан жылы) Муизз ал Ансаб [15] [17] [19] мәліметтерінің растығына қатысты, сондай-ақ, оны Муизз ал Ансаб мәліметтерімен және Таварихи Гузидайи Нусрат-наме [20] мәліметтерімен салыстыру контекстінде қарастырған кемінде 3 мақаламыз жарыққа шықты. Осы еңбектермен қатар, Қ.З.Өскенбай тағы сілтеме жасамаған, біздің Натанзи мәліметтеріне анализ жасаған екі мақалымыз жарыққа шықты[14] [18]. Оппоненттердің ғылыми дәлелін әдейі елемеу Қ.З.Өскенбай монографияларына тән белгі [27]. Сондай-ақ, Қ.З.Өскенбай тарапынан ғылыми дәлелге сын жасаламай, Қ.З.Өскенбай монографиясында Натанзи мәліметтері дұрыс деген сынның ырымы жасалғанын атап өту қажет.

Айталық, Қ.З.Өскенбайдың монографиясында А.Г. Гаевтің есімін атаудың тек ырымы жасалған, ал Натанзи [2, 12-13] мәліметінің рас еместігі туралы А.Г.Гаевтың ең басты дәлелін Қ.З.Өскенбай келтірмейді, оның идеясына қарсы дәлелі болмағандықтан шығар.

Натанзи мәліметіне сай, Орыс-хан Тоқтамен соғысқан алтынордалық түменбасы Ноғайдың ұрпағы, ал Ноғайдың өзі Орда-эженнің ұлы Құлидың баласы екенін мәлімдеген Т.И.Сұлтановтың мәліметтерін де Қ.З.Өскенбай келтірмейді [22, 265]. Алтынордалық түменбасы Ноғайдың Орда-эженнен тарағыны туралы генеология дұрыс емес.

Біз Натанзи бойынша бір жағынан, екінші жағынан, Муизз ал Ансаб бойынша (бір жағынан Рашид ад-Динге де) [14, 119] Жошылықтар мен Шағатайлықтар генеологиясының мәліметіне салыстырмалы анализ жасап, Натанзи генеологияда өте жиі шатасқанын көрсеттік. Сондай-ақ, Натанзи мәліметінің дереккөзі болған әлдебір тарихи қолжазба емес, хабарлаушымен бір реттік байланыс болғанын біз атап өткенбіз [18, 154]. Соның салдарынан Натанзи екі Ноғайды теңдестірді: біріншісі Рашид ад-Диннің жылнамалар жинағының шимай дәптерінен және екіншісі 1360-жж. Сығанақты билеген тоқатемірлік Ноғайды [18, 154]. Қ.З.Өскенбай бұл жерде еңбектерді тек елемеуден басқа, әлдебір түркітілді деректі Гаффари үшін де, Рази үшін де дереккөзі болған деп қиялдайды, ал Гаффаридің өз мәліметін Натанзи мәліметінен алғаны туралы Т.И.Сұлтановтың пікірін елемейді [21, 141].

Қ.З.Өскенбайдың пайымдауынша: «Орыс-хан Орда-эженнен тарайды. Генеологиясы келесідей: Орда-Сартактай-Коничи-Баян-Сасы-бұқа-Эрзен-Чимтай-Орыс» [23, 181]. Бұл жерде Қ.З.Өскенбай қулық жасайды ( аталған генеология бұл деректің мәліметі емес, бұл XIX ғасырда құрастырылған генеология), шындығында Натанзиде келесідей генеологиялық кесте: Орда-Құли-Ноғай-Сасы-бұқа-Эрзен-Чимтай-Орыс [21, 140]. Сонымен бірге, Натанзи бойынша, Сасы-бұқа алтынордалық түменбасы Ноғайдың баласы, әкесінің (Ноғайдың) Тохтамен шайқастағы өлімінен кейін, Шығыс Дешті-Қыпшақты (яғни 1290-шы жж. бастап) 1320-1321 жж. дейін 30 жыл билеп, Сауранда дүние салған [6, 255]. Ноғай ұлдарының бірі Шығыс Дешті-Қыпшақта пайда болып, мұнда 1290-жж. бастап 30 жыл билік жүргізуі мүлдем мүмкін емес сияқты. Сондай-ақ, Ноғайдың үш ұлынан бізге мәлім Сасы-бұқа кездеспейді. Сонымен, біз А.Г:Гаевтың соңынан, аталған Сасы-Бұқа (Темірлік ортадағы басқа жылнамаларда Сасы-Ноғай) Сасының ұлы Ноғайға тең екенін атап өтпекпіз[2, 12]. В.П. Костюков жазғандай: «қазақ хандарының Ордалық шығу тегі туралы өзінің болжамын шаршаусыз қорғап келетін Қ.З. Өскенбай жақында жарияланған мақаласында Орыс-ханның Орда тегіне жататындығының пайдасына дәлелдің толық жиынтығын баяндады. Егер ұсынылған дәлелдерден беделділердің көзқарастарына ұзын-сонар апелляциялар мен ақиқатты саналы түрде жасырған «шибандық» деректердің ешнәрсемен дәлелденбейтін айыптауларын алып тастаса, қалғанында М.Тынышпаев қалыптастырған тек екі дәйек қана анықталады. Солардың біреуі – қазақ хандарының «алыс тегі ретінде «Ежен-хан», яғни «Орда-Ежен» дегенді білдіруі ықтимал бұрмаланған есім көрсетілген генеологиялық тізімдерге сілтеме. Бұл қандай есім, ол есімдердің қай қатарында тұрғаны айтылмайды. Оған қоса, Ежен лақап аты өзінің негізгі мағынасы бойынша кейбір шежірелерге сәйкес нақ Тоқа-Темір болып табылатын кіші ұлына қатысты болуға тиісті. Екінші, ақылға қонымдырақ сияқты дәлел – автордың «Таварих-и гузида-йинусрат-наме» және Абу-л-Гази айтуындағы Орыс-ханның жасанды генеологиясы. М.Тынышпаев оны Тоқа-Темірге шығаратын Орыс-хан шығу тегінің бұл кемшілігіне назар аудара отырып еш қателеспепті. Алайда, мәлім болып отырғандай, кемшілік тек кейінгі деректерде пайда болған, ал айтарлықтай ертеректегі, тек генеологияны қарастыратын, әлдеқайда дәлелді және нақты дерек «Му'изз ал-ансаб», «шибандық бағыттағы» тарихшыларға қарағанда, Орыс – хан ата тегінің қанағаттанарлықтай толық тізімін екі ұрпаққа артық береді. Айталық,  М.Тынышпаев мұны білмеуі мүмкін, алайда бүгінгі зерттеуші  көпе-көрінеу ескірген және негізсіз дәлелдемені қайталаудан не ұтып отыр?»  [9, 138]

В.П. Костюков атап өткендей: Ежен-хан туралы дәйек – бұл қазақтық Шыңғыс тұқымының Орда-эженнен тарағанының пайдасына қалған жалғыз дәлел. Қ.З.Өскенбай бізді М.Тынышпаевтың сөзіне сілтейді: «Шыңғыс тұқымында әлдебір Ежен хан  туралы естелік қалды, (кейбір төрелер) оны тіпті өзінің арғы атасы деп санайды, ал олардың арасында Тоқай-Темір сияқты мүлдем беймәлім» [23, 174]. Осы орайда Шоқан Уәлихановқа (ол шығыс жылнамаларының негізінде қазақ хандарының шежіресін қалпына келтірген) дейін, XVIII - XIX ғасырлардағы төре тұқымының қазақ шежірелерінде Ежен-хан немесе Орыс хан сияқты есім мүлдем жоқ екенін айта кету керек, оған қоса қазақтық Шыңғыс тұқымы тіпті Жәнібек-ханның (Ұрыс-ханның шөбересі) есімі естерінде жоқ, алайда оның ұлдарының (Өсек пен Жәдік) есімдері естерінде бар [3, 74-150]. Сол себепті бұл жерде халық жадына сенудің керегі жоқ еді. Сонымен қатар М.Тынышпаевтың сөздерінен әлдебір Орда-Еженнен қазақтық Шыңғыс тұқымының барлығы емес, тек «кейбіреулері» ғана тарағанын атап өткен жөн. Егер төре тұқымының XX ғасырдағы қазақ шежіресін (мысалы, «Ана тілі» газетінде жарияланған Шотаман Уәлихановтың шежіресін) қарайтын болсақ, онда Ежен есімін  біз болжай аламыз. Қазақтық Шыңғыс тұқымының кімнен тарағаны туралы ғылыми таластың бар екенін білген ол, Еженнің арғы атасы дегеніміз – Орда-эжен деп шешті. Сондай-ақ, қазақ аңыздарында Ежен хан қытай әміршісі ретінде сипатталатынын атап өткен жөн. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев Асан қайғының Ежен-ханға баруы туралы әңгімені жазып алған [1, 224], ал Шәкәрім Құдайбердіұлы,- «Галданның әйелі, Әмірсананың анасы, қытай ханы Еженнің қызы болған... Әмірсана өз атасы Ежен ханға барады. Ежен-хан қытай әміршілерінен қалмақ жерлерімен шекараласып жатқан обылыстарды және Әмірсанананың хан тағына отыруына көмектесулерін сұрайды, бірақ оның орнына қытай әміршілері қалмақтарға шабуыл жасап, оларды ойрандайды. Әмірсана өз халқының мұндай ойрандалуын көріп, қытайлықтармен байланысын үзеді»,- деп жазады [25]. 

Сонымен, қорытындылай келе, Натанзи Ноғайдың қате генеологиясын Рашид-ад-Диннің шимай дәптерінен алған, ал кейін осы жаңсақ генеологиядағы Ноғай мен 1360-жылдардағы Сығанақ билеушісі Ноғайды сынсыз теңдестіруімен [18, 154], бір жарым ғасырдан артық айналымда болған үлкен тарихнамалық мифті тудырған.Біздіңше Орыс-ханды Тоқа-Темірге әкелетін генеология мейлінше шынайы.

Жақсылық Сәбит

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Артыкбаев Ж.О. Среднее Прииртышье в контексте проблем истории Евразийских степей.Том 1. Павлодар. 2007. 267 с.

2. Гаев А.Г. Генеалогия и Хронология Джучидов//Древности Поволжья и других регионов. Выпуск 4. Том.3. Нижний Новгород. 2002. С. 9-55.

3. Ерофеева И.В.Родословные казахских ханов и кожа XVIII-XIX вв. (история, историография, источники) Алматы: ТОО «Print-S». 2003. 178 с.

4. Исин А. Ак-Орда в исследованиях современных медиевистов // Ш.Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде. Халықаралық ғылыми форумы материалдары. Семей. 2010. С. 41–46.

5. Исин А. Отражение политических интересов в династийных историографиях XIV-XVII веков//Отан тарихы. 2011. № 3. С. 175-181.

6. История Казахстана в персидских источниках. Том 4. Алматы. Дайк-Пресс. 2006. 620 с.

7. История Казахстана в русских источниках. Том 8. Часть 1. Алматы. Дайк-Пресс. 2006. 716 с.

8. Костюков В.П. «Улус Джучи и синдром федерализма»//Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. № 1. Уральск. 2007. C.169-207.

9. Костюков В.П. Шибаниды и Тукатимуриды во второй половине XIV в.//Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Уральск. 2009. № 1. C. 138-149.

10. Муизз ал Ансаб. История Казахстана в персидских источниках. Том 3. Алматы. Дайк-Пресс. 2006. 672 с.

11. Найман. Книга 3. Алматы: Историческо-исследовательский центр Алаш. 2008. 430 с.

12. Почекаев Р.Ю. Ордыноведение на рубеже веков [Рецензия на: История татар с древнейших времен: в 7 т. Т. III. Улус Джучи (Золотая Орда). XIII – середина XV вв. / Гл. ред. М.А.Усманов, Р.С.Хакимов. – Казань, 2009. – 1056 с.]// Золотоордынская цивилизация. Сборник статей. Выпуск 4. – Казань: ООО «Фолиант», Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2011. C. 250-255.

13. Почекаев Р.Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды.  СПб. Евразия. 2012. 464 с.

14. Сабитов Ж.М. Аноним Искандара как генеалогический источник// Золотоордынская цивилизация. Выпуск 1. Казань. 2008. С.117-122

15. Сабитов Ж.М. Источники появления генеалогий Джучидов в Муизз ал Ансаб// Вестник Евразийского Национального Университета. № 5 (84). 2011. С. 100-103.

16. Сабитов Ж.М. Муизз ал Ансаб: Восстановительная критика// Средневековые тюрко-татарские государства. Выпуск 5.  Казань. 2013. – С.121-125.

17. Сабитов Ж.М. Муизз ал Ансаб как источник по истории Монгольской империи// Монголика. Выпуск 9. Санкт-Петербург. 2011. С.55-63.

18. Сабитов Ж.М. Натанзи как источник по истории Золотой Орды//Золотоордынская цивилизация. Выпуск 3. Казань. 2010. С.150-154

19. Сабитов Ж.М. Рецензия на новый перевод Муизз ал Ансаб//Золотоордынская цивилизация. Выпуск 3. Казань. 2010. С.236-244

20. Сабитов Ж.М. Таварихи Гузидайи Нусрат-нама как источник по генеалогии Джучидов//Золотоордынская цивилизация. Выпуск 2. Казань. 2009. С.108-116

21. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы. Дайк-Пресс. 2001. 276 с.

22. Султанов Т.И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. Москва. 2006. 445 с.

23. Ускенбай К.З. «Восточный Дашт-и Кыпчак в XIII - начале XV века. Проблемы этнополитической истории улуса Джучи». Казань: Фэн. АН РТ. 2013. 288 с.

24. Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. [Текст] : факсимиле, перевод, транскрипция, текстолог. примеч., исслед. В. П. Юдина / подготовка к изд. Ю. Г. Баранова; комментарии и указ. М. Х. Абусеитовой. Алма-ата. Гылым. 1992. 296 с.

25. Шакарим Кудайберды-улы. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий. - Алма-Ата: СП Дастан, 1990" с переводом и примечаниями Б.Г. Каирбекова. http://www.kyrgyz.ru/?page=78

26. Shamiloglu U. Tribal Politics and Social  organization in the Golden Horde. Columbia University. 1986.

27. Сабитов Ж.М. Рецензия на монографию: Ускенбай К.З. «Восточный Дашт-и Кыпчак в XIII — начале XV века. Проблемы этнополитической истории улуса Джучи»//Научный Татарстан. 2014. № 4.

 

Abai.kz  

 


[1] Огул немесе оглан – түркі тілінен тура аудармасы «ұл»,  XIV  және XV  ғғ. мәтіндерде кездесетін Шыңғыс-хан ұрпағының лауазымы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377