Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 5199 0 пікір 21 Тамыз, 2015 сағат 13:52

«БОГИ СОШЛИ С УМА...»

Әлем астаң-кестең!.. Дүние асты-үстіне түсті. «Құдайлар есінен жаңылды...» Қазақтың құдайы!..

Жаңылған емей немене, енді-енді ес жиып, етек жапқан халық не істерін білмей дел-сал. Тіпті баяғы таңырқау да жоқ!.. Ашу-ыза адыра қалған...

Соры қалың сормаңдай халық – тым тырыс. Жаныңды тіпті қорқыныш билейді. Енді қайтсін?! Тек, әйтеуір, дауыл алдындағы тыныштық болмасын!..

25 жыл. Ширек ғасыр. Бір ұрпақ ауысар уақыт...

Не тынды? Не бітірдік?! Өзгерген не бар?..

Ештеңе. Бұрын қандай болсақ, қазір де тап сондаймыз. Қайта, тіпті, кері кеттік!..

Ауыл қирады. Ауыл шаруашылығы аяғынан тұра алмай етпеттеп жатыр.

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болдық деп жар салып, жаман тұмағымызды аспанға аттық. Не таптық? Қандай дайындығымыз бар?!

Әлі сол бәз-баяғы қалпы сыртқа шығаратын өніміміздің 80 пайыздан астамы – шикізат. Су тегін. Ал біз болсақ «болдық-толдық» дейміз!.. Қандай парықсыздық?!

Тағы не бар?!

«Судың да сұрауы бар». Қолмен істегенді мойныңмен көтересің!.. Жалпы, бәріне уақыт – төреші. Тұлға бағасын бүгінгілер емес, болашақ береді!..

Енді, міне – Күлтөбенің басында күнде жиын!.. Кезекті көрініс. Спектакль.

«Жерден хабар таппағыр» Құдайберген ағамыз қандай айтқыш еді?! Нағыз әртіс!.. (Дұрысы, әртістер!..)

Құдай қайырын берсін!..

 

P/S:  «Айта-айта Алладан ұят болды!..» Айтпасқа тағы амал жоқ.

«Бастан жақ та ажырайды»... Қой екеш қой да, жан тәсілім етер алдында тұяғын серпеді. Ал біз ше, біз не істейміз?!

          Оң жағың – ор, сол жағың – құз. Алдың – от, артың – мұз. Барар жер, басар тауың жоқ. Қайда барсаң да – «Қорқыттың көрі».

          Қарсы шықсаң – атыласың. Жата берсең – сатыласың. Не қалды?!

          ...Меніңше, бір-ақ амал бар!.. Алладан тілеу. Өтсін, кетсін деп!.. Ол үшін сізді ешкім жазалай алмайды.

          Құдайдың бір аты «Халық» екені рас болса, дұға-тілегімізді жерге тастамас! Әумин!..

Тұрмағанбет Кенжебаев – ақын, Қазақстан Жазушылар және  Журналистер Одағының мүшесі.

21. 08. 2015 жыл.  Астана.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5393