Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4969 0 пікір 21 Тамыз, 2015 сағат 12:00

ЦИПРАС ҮКМЕТІ ТАРАП КЕТТІ. МӘСІМОВ ҮКІМЕТІ ЖҰМЫЛА ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

Греция Үкіметінің басшысы  Алексис Ципрас  кеше өзі өтініші жазып, қызметінен кетті. Еуродақтың мүшесі Греция қазіргі қаржылық қиындықты бастан кешіп отырған елдердің бірі. Афинылықтардың аталған одақ көлемінде дағдарысқа ең бірінші болып ұрынып, зардап шегіп жатқанын біздің ел ақпарат көздерінен жақсы біліп отырса керек деп ойлаймыз. 

Сонымен, кешеге дейін атқарушы биліктің тізігінін ұстаған Алексис Ципрас тың өтінішін Греция Президент  Павлопулос  қабыл алды. Мемлекет басшысымен экс-премьер арасындағы әңгіме барысында Алексис Ципрас  «әзірге министрлер кабинетін жасақтаудың қажеті жоқ» деген көрінеді. Соған орай Президент  Павлопулос  ел Конституциясы бойынша, өзіне жүктелген міндетті атқарып шығатындығын айтты деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Осы әңгіменің алдында Алексис Ципрас  Греция жұртына телеарналар арқылы мәлімдеме жасап:

«Кредиторлармен күрделі әңгіме артта қалды. Мен бүгінге дейін қандай саяси қадамдар жасадым, ар-ождан тұрғысынан қандай іс атқардым, оны енді қалың көпшілік өзі бағалай жатар. Мен осы мәлімдемеден кейін Президенттен отставкаға жіберуді сұранам. Қазіргідей күрделі, бірақ, болашағы үмітті жағдайды кім қолына алады, Үкімет басына кім келеді? Бұл сұрақтардың жауабын тек сіздер шешесіздер», - деді.

P.S. Салыстыру үшін айта кетейік: Қаржылық  дағдарысты халыққа сездірмеу үшін теңге бағамын қолдан ұстап бір жылдың шегінде 28 млрд  доллар жоғалтқан қазақ елінің үкіметі кеше жаңа экономикалық саясатқа көшетіндігін хабарлап, жұмыла жұмысқа кірісіп кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394