ҰЛТТЫҚ БАНК ДОЛЛАР БАҒАМЫНА РЕСМИ ӨЗГЕРІС ЖАСАМАДЫ
Ұлттық банк 20 тамызға арналған шетел валюталарының бағамын жариялады. Бүгін доллар бағамы 188,38 теңгені құрады.
Осылайша АҚШ валютасының ресми бағамы бір тәулікте 0,03 теңгеге өсті. Бұл туралы АlmatyNews Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Сонымен қатар, Казкоммерцбанк долларды сатып алу деңгейін 195,64 теңге, сатуды — 197,92 теңге деп белгіледі.
Forte Bank америкалық валютаны 196,25 теңгеге сатып алып, 197,75 теңгеге сатуда.
Халық банкінде — 196,00 теңге, 197, 89 теңге; Еуразиялық банкте — 196 теңге және 197,9 теңге;
Центркредитбанкі «қазіргі таңда бағамға түзетулер енгізіліп жатыр» деп көрсеткен.
Айта кетейік, Ұлттық банктің мәліметі бойынша бүгін еуро бағамы 208,24 теңгені құрады. Ал, рубль бағамы 2,87 теңге.
Естеріңізге салсақ, кеше елдегі доллар бағасы 10 теңгеге өсті. Бүгін Үкімет басшысы теңгенің доллармен айырбасын еркіндікке жіберілді деп мәлімдеді.
Іле-шала KASE бойынша доллардың орташа бағамы 256 теңге болды. 2015 жылдың 20 тамызындағы таңғы сессия бойынша доллар бағамы 256 теңге болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Таңғы сессияның сағат 10.15-тегі бірінші келісім бойынша доллар 200 теңге болды. Сағат 10.32-де 257 теңгеге көтерілді. Сессия сағат 11.00-де аяқталады.
Абай-ақпарат