Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 8534 2 пікір 1 Тамыз, 2015 сағат 10:39

ОРЫС ТІЛІ - ЕКІНШІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЕМЕС

 

“Қазақ тілі мен орыс тілі заң бойынша тең деп қабылданған”-деп қателеспеңіздер және елді де қателестірмеңіздер. Бұл қастандықпен тең қателік.

Конституция бойынша  мемлекеттік тіл – жекедара бір-ақ тіл – Қазақ тілі.

 2007 жылы 23 ақпанда ҚР Конституциялық Кеңесі  “Орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тең қолданылады” -деген сөз екінші “мемлекеттік тіл” дегенді білдіре ме?” деген М.Шаханов бастаған Парламент депутаттарының сауалына, атап айтқанда:

 «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақтілімен тең қолданылады» деген Конституциялық норманы (Конституциянын 7-бабынын 2-тармағы) орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болып табылады деп түсінген жөн бе?;

— «Мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар іс-шараларда, қабылдауларда, ассамблеяларда, съездерде, конференцияларда, дөнгелек үстел отырыстарында мемлекеттік тілдін ресми түрде қолданылатын тілден басымдығы болады ма?;

— Республика Конституциясынын 7-бабының 2-тармағында пайдаланылган «тең» ұғымы (термині) осындай іс-шараларға катысты ма?-деген сауалдарға

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысымен:

“Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тен қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді.

Қазақ тілінін мемлекеттік тіл ретінде Конституциялық жолмен баянды етілуінен келіп шығатыны, қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардын бірі болып табылады, онын егемендігін рәміздейді және Қазақстан халқынын бірлігін білдіретін Республиканың Конституциялық–құқықтықмәртебесінің элементі болып табылады.

 –  Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тіл — қазақ тілі мен ресми түрде пайдаланылатын орыс тілінің тең қолданылуы бұл соңғысына екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді. Мемлекеттік тіл мәртебесінің үстем болуы оның жария-құқық саласындақолданылуының айрықшалығы не басымдылығы Конституцияда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігін білдіреді.

 –  Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан тыс жерлерде, атап айтқанда, мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар (қабылдаулар, ассамблеялар, съездер, конференциялар, дөңгелек үстел отырыстарын) өткізу кезінде қазақ және орыс тілдерінің тең қолданылуын белгілемейді, ал Конституциянын 7-бабының 2-тармағында пайдаланылған “тең” термині мұндай іс-шараларға қатысты емес,-

 деп, Конституциялық Кеңес  төрағасы И.Роговтың   қол қоюымен жауап берген. 

(Сілтеме:   https://qazaqtili.wordpress.com/)

Яғни, бір сөзбен, қысқаша  айтқанда,   “Орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен тен қолданылады” -деген сөз екінші “мемлекеттік тіл” дегенді білдіре ме?” деген сауалға Конституциялық Кеңес: “Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тен қолданылады деген сөз екінші мемлекеттік тіл мәртебесін білдірмейді-деп  жауап берген.

Министрлер, әкімдер, шенеуніктер, басшылар, сот, құқық қорғау орындары мен мемлекеттік  қызметкерлерғана емес, мектеп балаларына да түсінікті жазылған деп ойлаймыз.

Қазыбек ИСА,

Qazaquni.kz

"Түпнұсқадағы тақырып: “Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тен қолданылады” деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді!!!”"

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321