Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 9859 0 пікір 30 Қараша, 2015 сағат 17:42

ЕРДОҒАН ЕЛБАСЫНЫҢ КЕҢЕСІНЕ МҰҚТАЖ БА?

Президент Ердоған Елбасының кеңесіне жүгінді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон сөйлесті. Ақорданың баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйсенсек, мемлекет басшылары телефон арқылы ресейлік Су-24 ұшағы апатын талқылаған. Бұл туралы abai.kz порталы  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан және Түркия президенттері екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылаған. Әрине, бұл жолғы телефон арқылы байланыс кезінде, әңгіменің негізгі ауаны Сириядағы дағдарыс жағдайы мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиғалар  төңірегінде өрбіген.

Қазақстан Президенті өз кезегінде, болған оқиғаға  өкінішін білдіріп, ресей-түркия қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылығын жеткізді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы бұл байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, тараптар оны сақтап қалу үшін жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өткен. Осыған байланысты оқиғаны анықтап, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін екіжақты комиссия құру ұсынды.

Түркия Республикасының тізгінін ұстап отырған Режеп Тайып Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтқан.

Бұл жолы телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашылық жасаған.

Түрік – орыс жанжалы: Президент Назарбаевтың позициясы шешуші рөл ойнай ма?

Ал әлемдік сарапшылар ресейлік СУ-24 бомбалаушы ұшағы түрік әуе кеңістігіне кіріп кетіп, оны атып түсіргеннен кейінгі басталған мемлекетаралық жанжалдың соңы әлемді жаңа соғысқа итермелеп отырғанын айтады (http://m.abai.kz/post/view?id=5628). Рас, Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық қатынастар қай деңгейде екенін айтып жатудың өзі  артық. Ал Қазақстан тәуеліздігін ең бірінші болып мойындаған, мойындап қана қоймай, әлемге ақсарбас айтып, сүйінші  сұраған Түркия (ол кездегі Президент Тұрғыт Озал) үшін Орталық Азияда Қазақстанның орны бөлек. Тіпті, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «күллі түркі жұртының ақсақалы, көсемі» деп әспеттеп, оған құрмет көрсетуді Ердоған да ерсі көрмейді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыс кезінде де туысқан түрік ағайындар мың ойланып, жүз толғанып жатпастан тәуекелге бел буып, елімізге инвестиция салып, Қазақстан экономикасының аяқтан тік тұрып кетуіне елеулі үлес қосты. Сонымен бірге, Түркия Республикасы Қазақстанға инвестиция салған елдердің алғашқы бестігіне кіреді. Қазба байлықтарға ғана инвестиция салушы өзге мемлекеттерге қарағанда түрік инвесторлары экономиканың барлық салаларына инвестиция салуымен ерекшеленеді. Соңғы жылдары қазақ кәсіпкерлері де қарап қалмай Түркия экономикасына инвестиция құя бастады. Өткен жылғы екі елдің жылдық тауар айналымы 4 млрд астам АҚШ доллраны құрады. Мемлекет басшылары алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсетіні Ердоғанның өткен жолғы Астанаға жасаған сапары барысында белгілі болған.

Қазақстанда мыңнан астам түрік компаниялары жұмыс істейді

Бүгінде елімізде 1400-ден астам түрік фирмасы құрылыс, ауыл-шаруашылығы, металлургия және мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатыр. Ал 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер министрі С. Демирелдің екі жақты келісімінің арқасында Түркістан Университетінің аты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті болып өзгертіліп, қайта құрылды. Сонымен бірге, 1992 жылдан бері елімізде қазақ-түрік лицейлері жұмыс істеп келеді. Бұл лицейлер орта оқу орындарына білім берудің соңғы жетілген технологиясымен жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Бүгінге дейін еліміздегі халықаралық олимпиада жүлдегерлері санының 70 пайызы осы лицей түлектерінің еншісінде. Бұдан басқа Алматыда Сүлеймен Демирел атындағы университет және Шет тілі және іскерлік карьерасы университеті жұмыс істейді. 1993 жылы Алматыда алты бірдей түрік мемлекетінің басшылары (Түрік Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Өзбекстанның) «ТҮРКСОЙ» ұйымын құруға шешім қабылдаған болатын (http://kazakzaman.kz/).

 

Ердоған елінің Президент Назарбаевқа деген құрметі ерекше еді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Түркияның іргесін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрікпен тең құрметтейтіні жасырын емес. Мысалы, Тәуелсіздіктің ширек ғасырында Алтайдан ауған түрік бауырларымыз Түркияның төрт бірдей көшесіне Президент Назарбаевтың есімін берген.

2011 жылдың сәуірінде Назарбаевтың құрметіне Невшехир қаласы көшелерінің бірін атаған. 2012 жылдың қазанында Назарбаев есімі Қыршехир қаласындағы, ал 2013 жылы Гебзе қаласындағы көшеге, 2015 жылы Адана қаласындағы орталық даңғылдардың біріне берілген.

Ал Түркияның астанасында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ескертіші 2010 жылы бой көтерді.

Түйін: Рас,  бүгінде ушығып кеткен Ресей мен Түркия жанжалына Президент Назарбаев қана нүкте қоятынына көптеген саясаткерлер сенімді еді. Кеше Елбасына өзі хабарласып, кеңесін сұраған түрік Президенті Тайып Ердоғанның да үміті осы болса керек-ті. Бұндай жағдайларда бейтарап позицияны бек  ұстанатын Қазақстан Президенті  осы жолы қайтпек? Бір мәлімдемесінде Президент Назарбаев «Ресей ұшақтары Түркияға шабуыл жасаған жоқ» деп еді (http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=27397537).

Ал кешегі Ердоғанмен сөйлескеннен кейін, Елбасы Ресей мен Түркияны татуластыруға ниетті екенін аңғартты. Десе де, Қазақстан Президентіне түркиялықтардың  құрметі мен сенімі ерекше. Елбасын Ердоғаннан артық сыйлайтын Түркияның сенімі сейіліп кетпесе игі еді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270