Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4432 0 пікір 18 Қараша, 2015 сағат 11:30

ШЫМҚАЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ?

Шымкент қалалық әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновтың төрағалығымен «Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы» аясында жиын өтті, – деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Отырысқа тұрғын үй комитетінің белсенділері, коммуналдық салаға жауапты мамандар қатысып, шаһарда қордаланған коммуналдық мәселер жайы сөз болды. Дәл қазір Шымкенттегі басты мәселе - халыққа қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру болмақ. Үшінші қала атану үшін ауыз су, кәріз, электр, газ, жылумен қамтамасыз ету көздері, олардың қуаты және қаланың қажеттілігі толық шешімін табуы қажет. Алайда, шешімін таппаған түйін де жоқ емес. Мәселен, кәріз суларын тазалайтын ғимараттың қуаты қаланың қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Салдарынан шаһарымыздың бірқатар аумағы ластануда.

Қазіргі таңда, қалаға жаңадан қосылған 5 елді мекендегі көп қабатты үйлердің кәріз мәселесі өзекті болып тұр. Бұл үйлердегі кәріз жүйелерінің істен шыққанына 15 жылдан астам уақыт өткен. Қалдық сулар өзендерге тасталуда. Осы мәселені шешу мақсатында биылғы жылғы бюджеттің есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Оның алдын алу үшін сала басшылары жүйелі жоспар дайындап, қалдық суларды өңдеп-тазалайтын ірі зауыт құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, қала халқының инженерлік жүйелермен қамтылу деңгейі бойынша ауыз сумен 83,5 пайыз, кәріз 44,8 пайыз, электр – 85,0 пайыз, газбен – 64,9 пайызға қамтылған. Қазіргі таңда жартылай қамтылған және қамтылмаған елді мекендердің мәселесін шешу үшін арнайы комиссия жұмыс істеуде. Тоқталатын тағы бір мəселе, шаһардағы инженерлік жүйелердің басым бөлігі тозған. Осының салдарынан қызмет көрсету сапасы да төмен. Монополистердің балансындағы су құбырларының 55 пайызы, кәріз жүйелерінің 80 пайызы тозса, газдың 40 пайызы, электрдің 60,0 пайызы, жылу құбырларының 82,6 пайызы ескірген.

Аталған мəжілісте қоқыс полигондарының жай-күйі де сөз болды. Аталған мəселе бүгінде оң шешімін тауып келеді. Қаланың 2 жерінде алаңы 34,0 гактар полигон бар. Олардың жалпы сиымдылығы 300,0 мың тонна болса, қаладан бір айда шығатын қоқыс 15,0 мың тоннаны құрайды. Демек, бұл қоқыс полигондары 2 жыл көлемінде толады. Тіпті, «Мәртөбе» елді мекеніндегі қоқыс полигонына халық жақын қоныстанған. Осындағы тұрғындардың талап-тілегін ескерген қала әкімі Ғ.Әбдірахымов санитарлық қорғау аймақтары бұзылған және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін қоқыс базасын жаптырып, қаланың 2 жерінен жаңа полигон салуға тапсырма берді. Сонымен қатар, қала шекарасының ұлғаюына және қала құрылысының қарқынды жүруіне байланысты, санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту туралы жауапты салалар жұмысын жүйелей түсуін тапсырды.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475