«Жарболдының» көкөністері
Өткен жылы Ақсу ауданында Қытай технологиясымен салынған алғашқы жылыжайлар өнім өсіруге кіріскенін жазған болатынбыз. Аспан асты елінен атақонысына көшіп келген қандастарымыздың бастамасымен құрылып, іске кіріскен «Жарболды» шаруа қожылығының қарпайым ғана технологиямен салынған: саман кірпіш пен жылу өткізгіштігі күшті жарғақтан (полиэтилен) және соқпа пештен ғана тұратын жылыжайларының алғашқы өнімдері былтырғы желтоқсанның соңында аудан орталығы мен Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарда сатылып, жергілікті жұрт пен қалалықтардың жаңажылдық дастарханының көркін келтірген болатын. Наурыз қарсаңында шаруашылық екінші рет өнім жинап, саудаға шығарды. Атыздардан жаңа ғана жиналып алынған қырыққабат пен шалғам және ас дәмдеуіш көк шөптер үлкен сұранысқа ие болып, тез арада өтіп кетті. Қожалықтың төрағасы Сетеш Ермаудың айтуына қарағанда, қытайлық технологиямен салынған жылыжайларда жыл бойы бірнеше мәрте өнім жинауға болады.
Өткен жылы Ақсу ауданында Қытай технологиясымен салынған алғашқы жылыжайлар өнім өсіруге кіріскенін жазған болатынбыз. Аспан асты елінен атақонысына көшіп келген қандастарымыздың бастамасымен құрылып, іске кіріскен «Жарболды» шаруа қожылығының қарпайым ғана технологиямен салынған: саман кірпіш пен жылу өткізгіштігі күшті жарғақтан (полиэтилен) және соқпа пештен ғана тұратын жылыжайларының алғашқы өнімдері былтырғы желтоқсанның соңында аудан орталығы мен Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарда сатылып, жергілікті жұрт пен қалалықтардың жаңажылдық дастарханының көркін келтірген болатын. Наурыз қарсаңында шаруашылық екінші рет өнім жинап, саудаға шығарды. Атыздардан жаңа ғана жиналып алынған қырыққабат пен шалғам және ас дәмдеуіш көк шөптер үлкен сұранысқа ие болып, тез арада өтіп кетті. Қожалықтың төрағасы Сетеш Ермаудың айтуына қарағанда, қытайлық технологиямен салынған жылыжайларда жыл бойы бірнеше мәрте өнім жинауға болады.
– Менің өзім және отбасымдағылар шаруаның осы түрін өте жақсы меңгергенбіз. Қытайда тұрған кезімізде жылыжайлар тұрғызып, соларда өсірген өнімдерді сатумен шұғылданатын жергілікті кәсіпкердің қол астында жұмыс істедік. Онда өзімізге тиесілі жер жоқ еді. Ата-баба қонысына оралғаннан кейін, шетте жүріп мықтап меңгерген кәсіппен айналысу туралы ұсынысымыз жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Жер де табылды, алғашқы қолдаулар да жасалды. Соның нәтижесінде өз ісімізді аштық та, араға біраз уақыт салып барып, оның алғашқы жемісін де жей бастадық, – дейді Сетеш.
Жақында «Жарболды» шаруа қожалығындағылардың жылыжайларында қарыққабат, қызанақ, шалғам, тәтті бұрыш пен қиырдың кезекті өнімдері жиналды. Барлығы біркелкі, сыртында ешқандай кемістік жоқ, кескен кезде жас көкөністің иісі мұрын жарып кететін өнімдерді өсіру де оңай емес екені анық. Көкөніс көп күтімді қажет етеді және уақытты құр жібермеуің керек. Әр күннің жоспарланған жұмысы бар. Суару, қопсыту, тыңайтқыштармен қосымша азықтандыру, температураның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Осыншама еңбекпен өсірілген көкөніс түрлері «Жерұйық» коммуналдық базарында өзінің тұрақты тұытынушыларын да тауып үлгеріпті. Мұнда «Жарболды» шаруа қожалығының өнімдерін асыға күтетіндер көптеп саналады.
Тұқымы асыл тозбайды
Құдайға шүкір, Алматы облысы мал шаруашылығы жөнінен ел көлеміндегі аймақтардың алдында келеді. Соңғы жылдары төрт түлік басы тұрақтап қана қоймай, біршама өсе бастады. Соған сай облыс басшысы аталған саланың табыстылығын арттыру мақсатында мал тұқымын асылдандыруға айрықша назар аударып, тиісті орындарға нақты міндеттер жүктеп отыр. Сондай негізгі бағыты мал тұқымын асылдандыру болып табылатын кәсіпорындардың бірі – Талдықорған қаласындағы «Асыл» асыл тұқым орталығы» ЖШС өндіруші бұқалардың тұқымын одан ары жақсартудың жаңа әдістерін батыл қолға алуда. «Асыл» ЖШС етті, сүтті бағыттағы ірі қараны өсіруге мамандандырылған. Орталық ел көлеміндегі осындай асыл тұқымды шаруашылықтың біргейлері қатарында аталады. Бүгінгі күні ондағылар облыс көлемінде 160-тан астам ұрықтандыру пункттерін ашқан және олардың арасында көшпелі пункттер де бар.
Таяуда «Асыл» асыл тұқым орталығы» ЖШС базасында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының , ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешені өкілдерінің, облыстағы шаруашылықтардың асыл тұқымды мал жөнінегі мемлекеттік инспекторларының, аудандардағы алдыңғы қатарлы щаруашылықтардағы зоотехниктердің қатысуымен облыстық деңгейдегі оқыту семинары болып өтті.
Семинарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенінің асыл тұқымды мал жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Амангелді Кесікбаев Алматы облысындағы мал шаруашылығы мен ғылым қайраткерлерінің бірлескен жұмыстары арқасында өңірдегі сүт өндірудің көлемі мен сапасы ғана артып қана қоймай, осы бағытта өсірілетін асыл тұқымда ірі қараның саны да арта түскенін айрықша атап өтті. Мұнда «Асыл» орталығының да айтарлықтай үлесі барлығына да назар аударды. Осында өсірілген «Алатау», «Қараала» «Айршир», «Әулиекөл» асыл тұқымды өндіруші бұқалар салмақ қосуда жақсы жақтарынан байқалған. Мәселен, «осындағы «Гияз» атты бұқаның салмағы бір тоннадан асса, тағы отыз бұқаның салмағы сегіз жүз келіден асып жағылыпты. Осылардан алынған тұқымдық материал терең криогендік мұздату жағдайларында отыз жылға дейін сақталатын көрінеді.
Соңғы алты жыл бойы сапалы тұқымды іріктеуге баса назар аудару арқасында тұқұымдық банктің жақсаруын 50 пайыздан асыруға мүмкіндік туғанын да айта кеткен жөн. «Асыл» асыл тұқымды орталығы» ЖШС-нің директоры Бекен Ерденов өз кезегінде өздерінің қол жеткізген азды-көпті табыстарында облыс басшылығының үлкен үлесі барлығына тоқталды. Облыстық деңгейдегі билік тұтқаларының нақты демеушілігі мен қолдауынсыз бұндай жетістікке жету мүмкін еместігін де жасырып қалған жоқ. Үстіміздегі жылы үй шаруашылықтарындағы сиырларды ұрықтандыруға 81 млн. теңгеден астам қаржы бөлініпті. Осынау қомақты қаржыға 180 мың сиыр ұрықтандырылады. Мұндай тәжірибе біздің елді тұңғыш рет қолданылуда. Жоғарыдағы қаржыға қосымша тағы 13 млн. теңге жемшөп сатып алуға, 17 млн. теңгеге жуық қаржы дәрі-дәрмектер мен сұйық азот және криогендік жабдықтар сатып алуға қарастырылыпты. Бекен Қасқырбекұлының айтуынша, осындай жанды көмек өз кезегінде малды қолдан ұрықтандыруды 63 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік беріп, жыл сайын 640 мың тонна сүт өндіруге жағдай туғызады.
Осындай биіктерді бағындыруда шет елдердегі озық тәжрибелерге де сүйену уақыт талабы. Орталықтың мамандары осыдан біраз бұрын біздер қолданып жүрген ұрықтандырудың таблеткаландырылған түрінен баяғыда бас тартқан Данияда болып, олардан тұқымдық материалды «шприцтік» әдіспен жеткізудің жай-жапсарын үйреніпті. Бұл тәсіл арзан әрі өнімділігі де жоғарылығымен ерекшеленеді. Амандық болса, келер жылдан бастап орталық осынау тиімді әдіске көшуді қолға алмақ. Қазіргі кезде жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сұйық азоттық зертхана жөнделіп, малға арналған жаңа қоралар салынуда, бұқаларды жоспарлы сауықтыруға қатысты қадағалау шаралары барынша күшейтілген. Малды ветеринарлық бақылау жақсартылып, азықтандырудың жаңа мөшерлері бекітілген. Мүйізді ірі қараны ұрықтандырудың жаңа тәсілін енгізу үшін орталыққа 35 млн. теңге керек. Егер, ойға алғандар жүзеге асса, Алматы облысындағы тұқымдық-селекциялық жұмыстар бүгінгісінен де жақсара түсері сөзсіз.
«Асыл» орталығы былтыр үй шаруашылығындағыларға 48 млн. теңгенің қызметін көретсе, биыл оны 51 млн. теңгеге жеткізбек. Өйткені, ауыл тұрғындары асыл тұқымды мал өсірудің барлық жағынан тиімді екенін түсінді. Күніне 5 литр сүт беретін алты-жеті сир ұстағанша, 25-30 литр сүт сауылатын бір сиырды бағып-қаққанның пайдасы молдығыа көздерін жеткізіпі, осы бағыттағы шараларға белсене атсалысуда.