Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 16809 2 пікір 4 Қараша, 2015 сағат 14:30

ЖАПОНИЯ ҰСТАЗДЫ ҚАЛАЙ ҚҰРМЕТТЕЙДІ?

 

Қазіргідей ғаламтор байланысы дамыған заманда,  жер шары тұрғындары арасындағы  ақпараттар ағысы қарқынды, әрі қол жетімді болды. Сондай қызықты әрі маңызды мәліметтің бірі жақында ғана қолыма тиді. Ол –  Қытайдың "Кішкентай оқырмандар" атты балаларға арналған басылымының 2011 жылғы 9 санындағы сапар естелігінен  алынған үзінді еді. 
Үзінді авторы Қытайлық оқытушы 2010 жылы  қыркүйек айының басында Жапонияның Осака қаласындағы бір мектепке барып педагогикалық практикадан өткендегі көргендерін  сөз етеді. Мен оны сол қалпында сіздерге ұсынып отырмын.
Өткен жылы оқытушылар мерекесі қарсаңында  (Қытайда 1985 жылдан бері әр жылы қыркүйектің 10 күні оқытушылар мерекесі ретінде атап өтіледі) мектеп мұғалімі салауатытыммен Жапонияның Осака қаласының Фукуда ауданындағы бір бастауыш мектепке білім жетілдіруге жіберілдім. Бірде  әріптесім Ямамота атты мұғалімнен:
– Жапонияда мұғалімдер мерекесі қашан атап өтіледі, Сіздер оны қалай қарсы аласыздар? – деп сұрадым. Менің сұрағыма таңданыс білдірген ол:
– Бізде ешқандай мұғалімдер мерекесі деген мейрам жоқ, – деді. 
Оның бұл жауабын естіп өз құлағыма өзім сенбей аңтарылып қалдым. «Экономикасы мен ғылым-техникасы сонша дамыған елде оқытушыларға деген құрметтің болмағаны ма?» деген ой санам түбінен жарқ еткендей болды.
Жұмыстан түскен соң Ямамота мені өз үйінен дәм татуға щақырды. Мен оның ұсынысын қабыл еттім. Ямамотаның үйі мектептен ұзақ болған соң біз метроға міндік. Бұл дәл кешкі қарбалас сәт болғандықтан метрода адам тым көп еді. Мен қысылып-қымтырылып жүріп зорға кірдім де, тұтқадан мықтап ұстап алдым.  Сол сәт мені көрген бір атай орнынан тұрып, маған өз орнына отыруды өтінді. Мен бұл кішпейілділікті түсіне алмадым, жасым жас болғандықтан ақсақалды, ақ самайлы адамның орнына отыруға дәтім бармады, алайда, ол  қайта-қайта басын иіп, ізет көрсетіп, «отырыңыз, отырыңыз» деп ұсыныс жасай берді.  Мен амалсыздан отырдым. Метродан түскен соң Ямамотадан:
– Әлгі ақсақал кісі неліктен маған ізет көрсетіп, өз орнын ұсынды? – деп сұрадым. Ямамота мұғалім күлімсіреп тұрып саусағымен төсімдегі мектеп белгісін көрсетіп: 
– Ол кісі Сіздің оқытушы екендігіңізді көріп, орнын ұсынды, – деді. Мен бұл сөзді естіп өзімнің оқытушылық салауатымның мерейін сезіндім.
Ямамота мұғалімнің үйіне алғаш келе жатқандықтан құр қол кіруден ыңғайсызданып, аздап сыйлық алу ойым барын оған айттым, ол кісі де қарсылық білдірмеді, әрі маған біраз жүрген соң алдымызда «Оқытушылар дүкенінің» бар екенін, онда оқытушылар үшін жеңілдетілген бағамен тауар сатылатынын ескертті. Мен тағы да таңданысымды жасыра алмай:
– Бұл жеңілдіктер тек қана мұғалімдерге ғана бағытталған ба? – деп сұрадым. Ямамота мұғалім менің сөзімді құптап:
– Жапонияда ең құрметті мамандық – оқытушылық, жапон халқы ең құрмет тұтатын адамдар – оқытушылар. Сондықтан кәсіпкерлер өздерінің дүкендеріне мұғалімдердің келуін өздеріне деген шексіз құрмет деп біліп, оны мәртебе  санайды деді.
Мен Жапонияда болғанымда жалпы мұғалімдерге деген құрметтің әр түріне куә боддым. Метрода олар үшін арнаулы орын, көшелерде олар үшін арнаулы  дүкен  бар. Тіпті, көлік-қатынас билеттерін алу үшін де  кезекте тұрмайды.  Айта берсең олар үшін қолайлылықтар мен жеңілдіктер жетерлік. Жапонияда арнаулы оқытушылар мерекесі болмаса да әр күн олар үшін мерекедей сезілді маған. 
Міне достар, үзінді осымен тәмам. Бұл үзіндіні қарша бораған қалың ақпараттың бірі ретінде оқып қана қоя салар едім, тіпті ары кеткенде, айналамдағы адамдарға, студенттеріме ғана айтар едім. Себебі, әлемде әр ел өз ұстаздарына әліне қарай әлпештеп отыр ғой.  Бірақ, бізден көрі оқытушыларын құрмет тұтатын, бізден көрі оқытушыларының жағдайы әлде қайда жақсы,  оқытушыларының қоғамдық орнын көтерген арнаулы заңы бар Қытай елінің ұстаздары Жапонияның мұғалімге  деген құрметін тамсана жыр етіп отырғанда, біздің елдің оқытушылары мен халқына, әлемде оқытушылық мамандықты құрмет тұтатын, мұғалімдерді ардақтайтын елдердің,  халықтардың бар екендігін айтқым келді. Айта отырып, осындай мәртебеге біздің елдің де азаматтары жетсе екен деген тілекті шын жүрегіммен тілеймін. Өзімнің ұстаз екендігімнен бе, жоқ әлде жүрегім нәзік жанмын ба, көзімнен тамған тамшы жас осы мақаламның нүктесін қойғандай болды. 
Қастер Сарқытқан, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті 
Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371