Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 5124 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 16:20

ТҚЖБ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР БАСПАНАЛЫ БОЛЫП ЖАТЫР!

 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында "Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы «Арай-2» мөлтек ауданындағы №1, №2, №3, №4, №5 мекен-жайында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, тұрғандардың пайдалануына берілмек. Бұл туралы abai.kz порталы  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның сайтына сілтеме жасай отырып  хабарлайды. Банк ақпараттарына сүйенсек, банк желісі бойынша барлығы ІІІ сынып жайлылықты 120  пәтер үлестіріледі.

Осы объектілер бойынша ең үлкен балл жинаған өтініш берушілердің тізімі Банктің интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде орналастырылған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануымен) егжей-тегжейлі Банктің Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 122 үй мекен-жайында орналасқан филиалында, немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын баспаналы болсақ деген үмітпен, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салымдарын сала бастаған азаматтар, Құдай бұйыртса, енді бір қол созса, армандарына жеткелі тұр.

«Биыл Қазақастанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындардан пәтер сатып алуға өтініштер қабылдай  бастаған.  Бағдарлама бойынша дайын болған тұрғын үйлерден банк салымшыларына арналғаны 120 пәтер бар. Бұл қазіргі дайын болғаны. 

Еліміздің 6 және бірнеше аймағынан олар өздерінің жинағына қарай әртүрлі көлемдегі пәтерді сатып алу бәйгесіне қатыспақшы.  Дайын болған баспаналарға қатысу үшін баллдар банктегі жинағы 3 жылға толған және о бастағы қажет деген сомасын түгел жинақтаған азаматтардың жинайтын балы да, әрине, жоғары болмақ. Осылай, банк өзінің төлем қабілетін қамтамасыз ете алатын өтініш берушілер санын анықтайды.

Банк төрағасы орынбасарының айтуынша, аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда банктің қатысуы тек инвестиция салумен шектеліп қалмайды. Банк салынған үйлердегі пәтерлерді таңдауға, салымшыларының мүмкіндігіне қарай бағасы жағынан ыңғайлы әрі бүгінгі ағымға тән жақсартылған пәтерлерді жасатуға қатысады. Жобаны бекітуге атсалысады.

 «Біз 3-класты пәтерлерді ұсынамыз. Бұл бизнес кластық пәтерлер емес дегенімізбен, ас үйі, жуынатын жері мен бөлмелері қуықтай ескі үйлердегідей пәтерлер емес. Жақсартылған, сапалы пәтерлер. Жалпы, банктің салымшылары орташа табысы бар азаматтар екені белгілі. Сондықтан біз құрылыс компанияларына солардың мүмкіндіктеріне қарай, 50-60 шаршы метрлі пәтерлерге тапсырыс береміз. Ал енді қаржысы мол салымшылар бизнес кластан аламыз десе, оны таңдаулары біледі» деді  аталған банк төрағасының орынбасары.

Қымбаттығы жағынан Астана екінші орында. Мұнда шаршы метр 112 500 теңге болса, басқа қалаларда ол 90 мың теңгені құрайды. Пәтерлердің бәрі дайын, ақталып, сырланып тапсырылады. Сатып алушы кілт қолына тие салысымен, дайын баспанаға көшіп бара қояды.
Бағдарлама бойынша берілетін баспанаға бірінші кезекте үш жылға межеленген жинағы толық адамдар ғана қол жеткізетінін айттық. Олар сол жинаған салымдарының көлеміндей банктен несие алады. Несие жылына 5 пайыздық. Мұндай арзан несиені басқа ешбір банк бермейді. Ал енді осы 3 жыл бойы салым салып, қаражатын жинаған адамдардың белгілі бір себептермен белгіленген мөлшерге толмай қалатыны болса, олар жинағы толық салымшылардан артылған баспаналарды алуы мүмкін. «Бізде аралық несие деген де бар. Ол егер азамат жедел баспаналы болғысы келсе, бірақ жинаған қаржысы толмай тұрса, 12 пайызбен несие ала алады. Бірақ ондай адамдар да, бағдарлама бойынша салынған пәтерлермен алдымен жинағын толықтаруды қамтамасыз етіп болғаннан кейін ғана артылғандарынан  алады. 12 пайызбен несие алғандар шамасы жетіп жатса, несиенің басым бөлігін аз уақытта үстін-үстін төлей алатын болса, онда несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендетіліп отырады. Бұл банктің адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде жасап отырған шараларының бірі» дейді банктің Алматы қалалық филиалының директоры Алмат Бөлегенов мырза.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғындардың баспаналы болуына бірден-бір зор мүмкіндіктер жасап отырған ұйым екенін жұртшылық енді түсіне бастағандай. Оған оның салымшыларының жылдан-жылға артып отырғаны дәлел болады. Орташа табысы бар отбасы үшін пәтер сатып алу арман ғана. Ал банк осы арманды жүзеге асыруға жол ашуда. Тек құнттылық танытып, салымшы болсаңыз, оны ай сайын мұқият апарып салып тұратын болсаңыз, баспаналы болудың ауылы жыл сайын жақындай түседі. Қарап отырмай әрекет жасамасаң, тегін үйдің ауылы алыстап кеткенін түсінетін кез жетті.


abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329