Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кедендік одаққа қатысты Мәлімдемесі
2010 жылғы 28 мамырда Санкт-Петербург қаласында болып өткен Кеден одағының жоғарғы органы отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Кеден одағын құру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа қол қойылды.
2010 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан мен Ресейдің арасында бірыңғай кедендік аумақты құруды, кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік шекараларды жоюды, жүктерді кедендік ресімдеуді алып тастауды болжайтын Кеден одағының Кеден кодексі қолданылатын болады. Кедендік аумақ әзірше Қазақстан мен Ресей арасында құрылатын болады. Беларусь өзінің дайындығына қарай Кеден одағына қосылады деп болжануда.
Соңғы екі апта бойы атқарылған қауырт жұмыстың барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық келіспеушіліктер бойынша іс жүзінде тиісті келісімдер мен шешімдерге қол жеткізілді.
Бірінші кезекте, Кеден одағының комиссиясы алдағы уақытта өзіне берілетін өкілеттіктер шеңберінде барлық шешімдерді, мысалы, үшінші елге қарсы қорғаныс шараларын енгізу жөніндегі шешімдерді тек консенсус арқылы ғана қабылдайтынын атап өткен жөн. Бұған дейін консенсустық шешімдер Кеден одағының Жоғарғы органы - Мемлекетаралық кеңесте ғана қабылданатын еді.

Екіншіден, екі елге бірыңғай кеден аумағын құру кедендік әкелу бажды бөлу нормативтерін қайта қарауды талап етті. Жаңа норматив бойынша Қазақстанның үлесі кедендік әкелу бажының барлық Кеден одағы бойынша жиналатын жалпы сомасының 7,69 пайызын құрайды. Бұл мәселе математикалық қайта есептеу сипатында және бюджеттің кірісіне әсер етпейтін болады.
Үшіншіден, біздің азаматтарымыздың жеңіл автомобильдерді әкелген кезде кедендік баждар еліміз үшін маңызды мәселе болып табылатыны өздеріңізге белгілі. Осы уақытқа дейін Қазақстан заңнамасында да, Кеден одағының заңнамасында да жеке тұлғалардың автомобильдерді әкелуінің ерекше тәртібі болған жоқ, үшінші елден автомобиль әкелген кезде баждар жалпы тәртіппен Бірыңғай кедендік тариф бойынша төленді.
Келіссөздер нәтижесінде біз Қазақстан үшін ғана алымдар енгізуге келістік, оған сәйкес Қазақстан халқы үшін жеңіл автомобильдер әкелген кезде Беларусьта қолданылатын режимге ұқсас жеңілдікті режим қолданылатын болады. Режим қозғалтқыш көлемі мен шығарылған жылына байланысты құбылмалы ставкаларды болжайды және 3 жылдан 10 жылға дейінгі автомобильдер үшін барынша жеңілдікті ставкаларды белгілейді.
Бұл режим бойынша біз де бірқатар шектеулер енгізетінімізді атап өткен жөн - бұл Ресей Федерациясының аумағына автомобильдерді қайта сату мақсатында пайдалануға жол бермеу, өйткені, Ресей азаматтары үшін неғұрлым жоғары ставка қолданылатын болады. Бұдан басқа, күнтізбелік бір жыл ішінде бір жеке тұлға екі немесе одан көп автомобиль әкелетін болса, баж ставкалары жоғары болады.
Осы кездесудің төртінші маңызды мәселесі еркін экономикалық аймақ үшін кедендік жеңілдіктер бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезеңді белгілеу болып табылады. Қазақстан еркін экономикалық аймаққа әкелінетін тауарларды кедендік баждан босатуды талап етті. Бұдан әрі жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін сақтаған кезде осы тауарлардан өндірілген өнімдер еркін экономикалық аймақтан Кеден одағының басқа аумақтарына бажсыз шығарылатын болады. Осылайша, біз кедендік баждар бойынша жеңілдіктер арқылы еркін экономикалық аймақтарымыздың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеміз және жеткілікті қайта өңдеуді талап ету арқылы оларда қосылған құн жасауды қамтамасыз етеміз.
Бесіншіден, біз ұшақтарға арналған баждар бойынша өтпелі кезең енгізу туралы мәселеде прогреске қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Кеден одағында 20 пайыз мөлшеріндегі ставка қолданылады. Қазақстанның экономикалық мүддесін ескере отырып, Қазақстанға өтпелі кезең беру бойынша келіссөздерді бастадық, бұл кезеңде ұшақтарға арналған баж ставкалары нөлге тең келетін болады. Кездесу барысында принципті келісімдерге қол жеткіздік, енді өтпелі кезеңнің мерзімін айқындау ғана қалды. Қазіргі уақытта тараптардың техникалық сарапшылары бұл мерзімді қазақстандық тасымалдаушылардың қажеттіліктері мен ресейдің авиа-өндірушілерінің мүмкіндіктерін ескере отырып айқындайды. Мен бұл мәселе бір айдың ішінде шешіледі деп күтемін.
Осылайша, қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде Қазақстан өзінің экономикалық дамуындағы маңызды кезеңдердің біріне жақындады - ол толық дайындалған, өз талаптары барынша ескерілген бірыңғай кеден аумағын құру болып табылады. Енді біздің бизнестің алдында үлкен жұмыс тұр, Кеден одағының жұмысы оның іскерлік белсенділігінің деңгейіне байланысты болады. Ал біздерді, әріптестер, Мемлекет басшысының бұдан да ауқымды тапсырмасын орындау - яғни Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруды аяқтау жұмысы күтіп тұр.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.