ҚАМБАР БАТЫР АРАҚ ІШІП, ШЫЛЫМ ШЕККЕН БЕ?
Мектеп оқушыларына арналған оқулықтарға қатысты тағы да мәселе көтеріліп жатыр. Бұл жолғы оқулық «жыры» 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» кітабындағы Қамбар батырдың «ішкіштігі» мен «шылымқорлығынан» шығып тұр. Қысқасын айтқанда, Қара қасқа атты Қамбардың «тәртібі» ата-аналарды қатты алаңдатуда. «Әйгілі жырдағы мына жолдарды оқыған балалар не ойлайды? Біз білетін Қамбар батырдың бұндай бұзық тірлігі жоқ еді ғой», - дейді әлеуметтік желілерде пікір бөлісіп, батыр Қамбар мен қыз Назымның «қылығынан» түңілген қоғам белсенділері. Сөзіміз дәлеледі болу үшін жырға көз жүгіртейік:
Бұл не? Қазақ тілді оқулықтың осындай олқы тұстарын көбейтіп, қазақ мектептері туралы келеңсіз пікір тудыра беру ме, әлде әлдекімдердің жауапсыздығы, салғырттығы ма? Солай деп ойлағанның өзінде Қамбар батыр жырының аға ұрпақ оқыған, жаттаған, Қаламқас Орашева сияқты жыршылар таспаға жаздырған нұсқаларында тап мынандай жолдар бар ма еді? Жоқ еді ғой. Ендеше мынау не? Тағы да Білім және ғылым министрлігінің «құлағын шулатып», «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы орынсыз кеткен қатеге қатысты қандай жауап беретінін күтеміз.
Abai.kz