Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3709 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 07:42

СИРИЯДА САЙЛАУ ӨТЕДІ

Сирия президенті Башар Асад 13 сәуірге елде парламент сайлауын белгіледі. Сайлау мерзімі АҚШ пен Ресей Сирияда 27 ақпаннан бастап қақтығысты тоқтату туралы келісімге келген соң көп ұзамай жарияланды.

Асадтың парламент сайлауын белгілеу шешімі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда қақтығыс тоқтаған соң 18 ай ішінде президент пен парламент сайлауын өткізуге шақырған қарарына жауап ретінде қабылданғаны, я басқа себептен шыққаны белгісіз. Себебі қазіргі парламенттің өкілетті мерзімі мамыр айында аяқталатындықтан, Сирияда биыл парламент сайлауы өтуі тиіс. Сирияда парламент сайлауы төрт жыл сайын өтеді.

Асадтың сайлау өткізу туралы жарлығында Сириядағы әр провинцияға парламенттен қанша орын бөлінетіні көрсетілген.

2012 жылы мамырда өткен соңғы парламент сайлауында Асад сол кездегі ауыл шаруашылығы министрі Рияд Хиджабты премьер-министр етіп тағайындаған. Кейін Хиджаб Сириядан қашып кетіп, қазір Сауд Арабиясы астанасы Эр-Рияд қаласынан Асад режиміне қарсы басты оппозициялық топты басқарады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371