МАТАЕВТАР НЕГЕ МАТАЛДЫ?
Бүгін 9.30-да Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев қамауға алынғаны жөнінде хабар тарады.
Осы жағдайдан кейін «Әділ сөз» қоры дереу баспасөз мәслихатын өткізіп, Матаевтің ақ екенін айтып: «Оның қызметінің заңды екені құжаттармен дәлелденген. Ұлттық баспасөз клубы қызметі барысында мемлекеттен ешқашан қаражат алмаған. Оған тиеселі кеңселерде республикалық және шетелдік БАҚ-ның корпунтктері орналасқан, баспасөз мәслихаттары өткізіледі. 2008 жылы құрылған жекеменшік ҚазТАГ ақпарат агенттігі мемлекеттік тапсырыс бойынша толықтай есеп өткізген, ақпараттық саясатқа кедергі жасауын толықтай жоққа шығарады. Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады және кінәсінің жоқтығын құжат жүзінде дәлелдеуге дайын» деген еді.
Алматы қаласы бойынша Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бұл мәселеге қатысты түсінік берді. Біз сол түсінікті толығымен жариялап отырмыз.
«Алматы қаласы бойынша Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен Ақпарат комитетіне және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына мемлекеттік саясатты қолдау және басылымдарда материалдарды жариялау үшін 2011-2015 жылдары 300 млн.теңгеден астам бөлінген қаражатты ұрлау фактілері анықталды.
Осы мақсатта аталған ведомстволар бір көзден сатып алу тәсілімен «МИА КазТАГ» серіктестігі және «Ұлттық баспа клубы» қоғамдық бірлестігімен келісімдер бекіткен.
Тапсырыс берушілердің басты шарттарының бірі - мемлекеттік саясат туралы ақпаратты ашық және қол жетіміді түрде халыққа жариялау болып табылады.
Алайда, бұл шарттар орындалмаған.
Мемлекетпен төленген ақпараттандыру қоғамға заңсыз жабық түрде жарияланған, ал азаматтарға оған рұқсат тек қосымша төлем арқылы берілген.
Ақпарат комитетінің 80 млн.теңгесі және «Казақтелекомның» 260 млн.теңгесі Ұлттық баспа-клубының басшысы Сейтқазы Матаевпен қолма-қол ақшаға айналдырылынып, жымқырылған.
Тағы да, тергеумен Матаевтың заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып 1,4 млрд.теңге көлемінде ақша тауып, мемлекетке 327 млн.теңге салық төленбегені анықталды.
Бұдан басқа жергілікті атқару органдарына осы мақсатта бөлінген 169 млн.теңгені ұрлау фактілері тексерілуде.
Матаевпен жасалған сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар ауыр болып саналады.
Оған ұрлау және салық төлеуден жалтару фактілері бойынша кінә тағылды.
Осы қылмыстар үшін 6-дан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Бүгінгі таңда залалдың орнын толтыруды қамтамасыз ету үшін соттың санкциясымен Матаевтың бар мүлкіне шектеу қойылған.
Матаев және қылмыстық істің басқа да қатысушыларына тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қатысты процесстік мәжбірлеу шараларын қолдану мәселесі қарастырылуда.
Бүгін берілген пресс-конференция Матаевты қылмыстық жауапкершіліктен бас тарту және тергеудің объективті жүргізілуне кедергі келтіру мақсатында ұйымдастырылған».
Abai.kz