Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 6703 0 пікір 11 Ақпан, 2016 сағат 15:59

ҚҰДАЙДЫҢ АРИФМЕТИКАСЫ

Бір қымбат мүлікті иеленгіңіз келіп жүр, бірақ ақшаңыз жетпейді делік. Шартты түрде он мың доллардың көлігі бола салсын. Бірақ қалтаңда бір мың ғана бар. Қалай шешеміз?
Ойлануға ерінбеген адам неше түрлі жолын табады,-деп жазады «degdar.kz» порталы.

Мысалы бірінші вариант, рассрочка. Бірақ он пайыз ақша құйғанға көлігінің кілтін ұстата салатын кең жігіттер бізде көп емес. Табылып та жатады. Бірақ көбіне жұрттар ондайларға құтыла алмай жүрген көлігін ұзатып жібереді. Құйған бензиныңды сіміре беретін кракодил немесе моторына су кетіп, майы көпіріп тұрған бірдеңеге тап боласың. Сосын үсті-басың қара май боп, көліктің астында маңдайының соры бес елі тағдырыңды боқтап жатқаның жатқан.
Екінші вариант бар, кредит аласың. Бірақ бес жыл бойы тапқан-таянғаныңды жиып, алған ақшаңды екі-үш есе артығымен төлеп бересің. Оның да ақыры тағдырыңа тіл тигізумен аяқталуы мүмкін.
Үшінші вариант бар, тірнектеп жүріп тапқаныңды әрбір тиынына дейін санап, есептеп, жұмысыңа строга автобуспен, онда да пересадкі жасаудан қашып жүріп жинайсың. Әрине бұл көп қазақтың қолынан келе бермейді. Құрғырдың, кейде ет жегің келіп кетеді, кейде бір тойда, беташардың үстінде жұрт алдында жомарттығың ұстап кететіні бар дегендей..
Төртінші вариант бар, бизнеске саласың. Осыған дейін айтылғандардың ішіндегі более прагматичный жолы осы болу керек. Әрине, бастапқы мың доллар ақшамен пәлендей бизнес айналдыру көңілге қонымсыз. Бірақ қолынан келгендер, Шымкенттің жігіттері істеп жатады.
Қысқасы, ойлана берсең түрлі варианттар шыға береді. Әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Бірақ біз білмейтін ең оптимальный, ең бір төте жолы бар екен. Ол – Құдайдың қайырымдылық арифметикасы. Құдай құранда «берген садақаңды он есе қайтарамын» деп уәде еткен екен (Өзім оқыған жоқпын, дін ғұламасының аузынан естідім).

Қайырымдылық ақша, гуманитарлық көмек, садақа дегеніміз депозиттың бір түрі ғой. Банктерден бір айырмашылығы мұнда өте ұсақ жазумен жазылатын қағаз жүзіндегі келісімшарт жасалмайды, ЭПЦ-ның да қажеті жоқ. Жаратушының өзі гарант болады, Абещаю деген бір сөзі ғана бар. Тағы бір айырмашылығы, сыйақы мөлшерлемесі біздің банктердегідей 8% немесе 10% емес, Он есе деп көрсетілген. Сосын ол кісі Каспий банк сияқты «% годовых», «% в год» деп шатастырып, спекуляцияға бармайды. Конкретно, он есе ғып беремін деді, береді. Әзірге жер бетінде ондай сыйақы мөлшерлемесін уәде еткен банк жоқ.
Сонымен жаңағы көлікке келейік, он мың долларға көлік алғыңыз кеп тұр. Бірақ қалтаңызда мың доллар. Бәрібір жетпей тұр, одан да сол ақшаны қайырымдылық іске үлестіріп беріңіз. Көп ұзамай уәде етілген он еселік сыйақыңызды аласыз.
Он есе дегеніміз, ең төменгі уәде етілген сыйақы мөлшерлемесі. Оның үстінен берілетін «қосымша пайыз» деген болады. Мысалы, сіз қайырымдылық жасау барысында соңғы ақшаңызды тастасаңыз, яғни риск өте жоғары болса, ол да ескеріледі. Сәйкесінше, үстінен тағы пайыздар қосылады.
Немесе сіздің ойыңызда материалдық пайда мақсаттары жоқ, әншейін біреудің қиналып тұрғанын көріп, соған қол ұшын беру мақсатында садақа берген болсаңыз, Құдай оны да ескереді, сыйақы мөлшерлемесі әлдеқайда жоғары болады. «Алла ризалығы үшін» ғана берілетін садақа болады. Оның да өз есебі бар. Өкінішке қарай, бұл қосымша пайыздардың қанша екенін, қалай есептелетінін білеймін, құдай өзі шешеді. Әйтпесе, 1C-ке салып жіберіп шығарып бере салауға болар еді.
Сөздің қысқасы, садақа беру барысында біреуге қол ұшын созуды ойламасаң да, Алла ризалығын ойламасаң да, тек ақшамды көбейтіп алайын деген таза дүнияуи мақсат қана болса да Он есе сыйақыңды аласың. Ал ар жағындағы қосымша пайыздар өзіңнің жеке пейіліңе байланысты.
Бұл туралы баяғыда бір дін ғұламасынан естіп едім. Кеше соған тағы бір көз жеткіздім, сосын жұртқа да айта отырайын дедім. Әйтпесе көсемсіп, уағыз айту ойымда жоқ еді.
Кейде ойлаймын, Американың ерекше байып кеткені де осы садақадан әсерінен бе екен деп. Алғашқы кездері протестантизм қайырымдылық жасау идеясын қатты көтергенін білеміз. Қарапайым адамдар қара наннан артылған ақшасын «болашақтың капиталы» деп мемлекетке лақтыра берген. Кейіннен бұл дәстүрді Еуропа тұрғындары іліп әкетті. Садақа мен гуманитарлық көмек беру жағынан еуропалықтарға әлі де ешкім ілесе алмайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322