Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 7718 0 пікір 11 Ақпан, 2016 сағат 13:37

ЖАНГЕЛДИН МЕН ДУЛАТОВТЫ ҚАРСЫ ҚОЙЫП НЕ ТАППАҚПЫЗ?

Кешеден бері ФБ-дан Міржақып атамыздың Әліби Жанкелдин жайында жазған мақаласы туралы бір-бірімен бөлісіп, түрлі пікір айтып жатқан ағайынды көріп, ойландым. Екеуі де менің атам. Екеуі де елі үшін басын бәйгеге тіккен азамат.

Анау ұлтшыл, мынау қызылшыл деп айтуға аузым бармайды. Әрине, ұстанған позициясы, көзқарасы бөлек болғанмен, (бүгінгі күнде де түрлі партияға бөлініп жүрміз ғой) түпкі ұстанымдары бір болды. Оларда қайтсе қазақ халқы көгереді деген ой болғаны анық.

Жалпы, Әліби Жанкелдин мінезі жұмсақ, қайырымды кісі болған. Алаштың ардақты тұлғаларымен де жақсы араласқан. Ахмет Байтұрсыновпен ізгі көңілде сыйласқан. 1919 жылы Торғайда болған оқиға кезінде Әліби Жанкелдин алаш азаматтарын құтқарып қалған. Белгілі қаламгер Сапабек Әсіп осы тағдыры күрделі тұлға жайында кітап жазды. Қаһарман Қасым Қайсеновтың Әліби атамыз туралы есті естелігі бар. Ардақты азамат Байқадам Қаралдин халық жауы болып атылып кеткенде, оның артында қалған ұрпақтарын әдейі елге келіп, Алматыға алып кеткен. Көмек көрсеткен. Ол туралы Данабике Қаралдина апамыз айтады. Көрнекті суретші, балалар үйінде өскен Молдахмет Кенбаевқа да қамқорлық жасаған. Ол кісі Әлібидің тұлғасын қылқаламмен бейнелеген.

Ал, Міржақып атамызды барлық қазақ қадір тұтады. Сондықтан, осы тұлғалардың бір-бірі туралы айтқан артық-кем пікірлерін қайта-қайта көтере берудің қажеті қанша...? Одан қайта, сол кісілерді алаламай ардақтайық. Аталарымыздан қалған өнбес дауды қуып, ұшпаққа шықпаймыз. Асылдарымызға абай болайық!

Азамат Есенжол

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483