Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6968 0 пікір 3 Ақпан, 2016 сағат 13:56

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН 100 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БАНКТЕРГЕ БЕРІЛУІ МҮМКІН

Қаржысы таусылған Мәсімов Үкіметі енді зейнеткерлердің қалтасына қол сұға бастайды.

ҚР премьер-министрі Кәрім Қажымұқанұлы тізгінін ұстап отырған жоғарғы Үкімет қазақстандықтардың зейнетақы қорларына қол сұғуы мүмкін. Атап айтқанда, зейнетақы қорынан 100 миллиардтан астам теңге банктерге берілмекші. Бұл туралы Астана арнасына сұхбат берген Қазақстанның кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеген.

Естеріңізде болса, бас партияның өткен сьезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы қордағы қаражатқа қол сұқпауды қатаң тапсырып еді. ҚР Кәсіпкерлер палатасы біраздан бері БАҚ бетінде бажайлап, теңгенің тапшылығын айтып, зейнетақы қорындағы қаражатты «қолқалап» жүргені де жасырын емес.

Ал Үкімет үйінде өткен жиында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мырза қаржылық қиындық кезеңіндегі қажетті қаражаттың шетін шығарған.

«Жиын осыдан бір апта бұрын өтті. Бұл әрине банк саласына қатысты. Менің ойымша, қордан 100 миллиард теңге алынады» дейді басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мырза.

Мырзахметов мырзаның бұл уәжіне ҚР Қаржы министрінің өз айтары бар болып шықты.

«Мүлік пен ақшаны заңдастыру кезінде сол банктердің қазынасына 150 миллиард теңгеден астам қаражат түсті. Басында банкке салынған ақша бес жыл алынбай сақталады және сол сомадан бюджетке 10 пайыз төленеді делінген. Желтоқсан айынан бастап бұл шектеулер жойылды. Енді ақшаны тіркесе болды. Түк талап етілмейді. Тіпті бұған дейін 10 пайыз төлеп қойғандар қайтып алады. Республика бойынша барлығы 3 миллиардтан астам теңге түсті. Көбі ести қоймаған шығар. Мінберді пайдаланып, азаматтарды мемлекеттік кіріс органдарына барып, бұған дейін төлеп қойған алымдарды қайтып алуға шақырамын», - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мырза.

Жұрттың жылдар бойы тірнектеп жиған зейнетақы қорындағы миллиардттаған қаржы қайтып келіп-келмесі белгісіз банктерге несиеге берілмекші. 

Қаржы бірінші кезекте коммерциялық банктерге үлестірілетінге ұқсайды. Сөйтіп, бюджет кірісі өзінің құрдымдық шегіне жеткенде, Үкімет тұралап қалған экономиканы әлдендірмек. Ұлттық банк әлемдегі мұнай бағасының құлдырауынан болған дағдарысқа қарсы тұруға зейнеткерлердің қалтасына түсуінен басқа жол таппағандай.

Қалай болғанда да, бұл мәселе атүсті қарауға болмайтын, миллиондаған салымшының тағдырына қатысты өзекті шаруа екендігін бағамдағанымыз жөн болмақ. 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371