САРТ ҚАЙДА КЕТТІ?
Түркстан өлкесінің отырықшы жұрты - сарт халқы 19 ғасыр мен 20 ғасырдың басындағы деректердің барлығында жеке ұлт ретінде көрсетіледі.
Оны Ресей империясының жүргізген санақтарынан-ақ көруге болады.
Мәселен, 1897 жылғы санақта сарт халқының саны – 968 655 болса, өзбектер одан азырақ – 726 534 адам екен (Общий свод по империи результатов разработки данных первой всеобщей переписи населения, произведенной 28 января 1897 года. – СПб., 1905. – с. XXV-XXVI).
Сондай-ақ өзіміздің алаш арыстары да өзбек пен сартты бөліп көрсеткені туралы тарихшы Рашид Оразовтың парақшасында мынадай деректер тұр.
«Майдандағы жұмысшыларды елге қайтару ....
«Бір эшелон өзбектерді бастап студент Нәзір 20 мамырда,
бір эшелон жалайырды бастап Мырзахан 21 мамырда,
бір эшелон сарттарды бастап Шаһмардан Қапсаламов 22 мамырда Орынборлатып өтті...
(Қазақ газеті. 1917. №231).
***
Неліктен осы сарт халқы 1923-24 жылдары өз атауларынан бас тартып, көшпелі өзбек халқының арасына оп-оңай сіңісіп «өзбек» атанып кетті?
Себебі, сарт халқы өздерінің ең жақын көршілері қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен секілді көшпенділерден мыңдаған жылдар бойы теперіш көріп, ұлттық намысы сөніп қалған еді. Қолайлы сәт туған кезде өз атауынан бас тарта салды.
Тек ұлттық санасы сөнген, намыссыз қазақтар мен бөтен пиғылды азаматтар ғана «Қазақстандық ұлт» идеясын көтеруі мүмкін. .
Өмір Шыныбекұлы
Facebook-тегі парақшасынан