Жұма, 11 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2720 0 пікір 11 Маусым, 2010 сағат 10:08

Назарбаев ШЫҰ мемлекеттері Қырғызстанға гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетуі маңызды дейді (толықтырумен)

Ташкент. 11 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттермен Қырғызстанға гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетуі өте маңызды дейді.

«Қырғызстанға қазіргі қиындықтарды еңсеруде, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына қол жеткізуде көмек көрсеткен өте маңызды. Қырғызстанға гуманитарлық та және қайтарымды негізде қаржылық көмек көрсеткен де маңызды», - деді Н. Назарбаев, жұма күні ШЫҰ мүше мемлекеттердің мемлекет басшыларының кеңесіндегі отырысында.  

Оның айтуынша, алдағы Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығының бір басымдығы Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап тұру болмақшы.

«Бұл Қырғызстандағы оқиғаларға байланысты өте өзекті мәселе», - деді президент.

Н.Назарбаев ШЫҰ мемлекет басшыларының үйлесімді іс-әрекеттері Қырғызстандағы азаматтық соғыс пен қан төгіске жол бермеді, деп атап өтті.

«Біз одан ары да үйлесімді жұмысты жалғастыруымыз керек», - дейді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде ҚХР төрағасы отырыс барысында Қырғызстандағы ахуал тезірек тұрақталатын шығар деген сенім білдірді. «Біз Қырғызстандағы ахуал тезрек тұрақталатын шығар деп сенеміз және оған мүдделіміз», - деді ол.

Қытай төрағасы сондай-ақ «ШЫҰ-ның саяси негізін дамыту, өткір мәселелер бойынша дер кезінде ұстанымдарды үйлестіру керектігін» атап өтті.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бұл пікірді қолдады.

«Болған оқиға (Қырғызстандағы орын алған - ҚазТАГ) ШЫҰ-ның тиімді ықпал ету тетіктерін жасаудың өзектілігін тағы да дәлелдейді», - деді ол. 

«Бүгін біздің барлығымыз көршілерімізге тезірек заңдылықтардың орнығуы мен күрделі кезеңді еңсеруі үшін көмектесуіміз керек екендігі түсінікті де», - деп қосты Э. Рахмон.

Аталған отырыста ШЫҰ төрағалығы Өзбекстаннан Қазақстанға бір жыл мерзімге өтеді.

ШЫҰ-ға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері мүше. Бақылаушы мемлекеттер: Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан.

Ұйымның негізгі міндеттері - қатысушы мемлекеттерді біріктіретін кең ауқымды кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, лаңкестік, сепаратизм, экстремизм, есірткі трафигімен күрес, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, энергетикалық әріптестік, ғылыми және мәдени байланыстарды дамыту.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1764
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4557
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3559