Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10947 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 15:48

КІШКЕНТАЙ "КИІЗ ҮЙДІҢ" КЕРЕМЕТІ

Қазір екінің бірі ғаламторда отырып, жаға ұстатар жаңалықтарды оқып, азғындыққа толы видеоларды көруде. Жаман дүниенің тез таралатыны белгілі ғой.  «Нәтижесінде»  қазақы тәрбиенің құлдырап, жас ұрпақ теріс тәрбиеге тез үйренуде. Жаңа туған бала ананың әлдиін естімесе, балабақшаға барған бүлдіршін қазақы ертегі тыңдамаса, мектепке барған оқушы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа сусындамаса, тәрбиелі жастар қайдан шығады?

Санамызда мынадай түсінік қалыптасып кеткен: «Қаланың баласы орысша сөйлеп, арасында «ата-әже» деп тұрса болды» деген. Жоқ, олар қанша жерден қазақылықтан аттап кетсе де, бәрібір бойында қазақтың қаны бар екендігі көрініп тұрады екен. Тек заманауи дүниелермен оларды қызықтыра білу керек сияқты. Жуырда бір топ студент жастар кілең қала баларынан құралған  балабақша тобына  әуенді киіз үй тарту етіп, сәбилердің қызығушылығын байқап көрмек болдық. Қазақтың 500 асыл сөзі мен ән күйі жазылған бұл «киіз үйдің» берері көп екендігі көп кешікпей белгілі болды.

Бір айдан соң басқа ұлт өкілдерінің сәбилерінің қазақша ән айтып, сөйлей бастағанының куәсі болдық.Бұл қалтасы жұқа студенттердің кішкентай ғана әрекетінен болған жайт. Ал, егерде еліміздегі қалталы азаматтар әр балабақша мен бастауыш сыныптарға осындай сыйлар жасаса, мыңдаған сәбидің ұлттық дәстүріміз бен ана тілімізде тәрбие алуына керемет жағдай туар еді ғой.

 ...Сіздерге қалай екенін білмеймін, маған ата-ана бере алмай отырған тәрбиені осы бір жұдырықтай ғана «киіз үй» бергендей көрінді. 

Назерке Шарападдин

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347