Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4487 0 пікір 17 Қаңтар, 2016 сағат 19:42

ҮКІМЕТ ҚАЗАҚСТАН ОРЫСТАРЫНЫҢ РЕСЕЙГЕ КЕТУІНЕ ҚАРСЫ

Бүгінде еліміздегі мектеп директорлары оқушыларды өзге мемлекетке қызмет етіп, жат елдің экономикасын көтеруге дайындап жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыс әкімнің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті. Оның айтуынша, бұл мәселеге облыс әкімі Даниал Ахметов қатты көңіл бөліп отыр. Бір қарағанда Жақсылық Мұқашұлының көтеріп отырған мәселесі өзекті болуы мүмкін. Алайда, бұл мәселеге алаңдап, шыр-пыр болудың аса қажеті жоқ.

Өйткені, ҰБТ тапсырудан бас тартып Ресейге кеткен жастардың көпшілігі орыс мектептерін бітірген жастар. Демек олардың басым көпшілігі орыс диаспорасының өкілдері. Ендеше Жақсылық Омардың мектеп басшыларына ренжіп, оларды сынауы дұрыс емес.

– Сіздер оқушыларды өзге мемлекетке қызмет ету үшін, жат елдің экономикасын көтеруге дайындайсыздар ма? Әлде, сіздер біздің оқушылардың Қазақстаннан тыс жерде білім алуына мүдделісіздер ме? Бұл - саяси мәселе, олардың білім алуына мемлекеттің қаражатын жұмсаймыз. Ал, олар білім алуды бөтен елде жалғастырады және сонда қалып қояды. Яғни, мектеп директорлары, мұғалімдер дұрыс жұмыс жүргізбейді деген сөз. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз балаларға бастапқы білім беріп, кітаптармен және жылы мектеппен қамтамасыз етеміз. Ал олар мектеп бітірген соң «Сау бол, Қазақстан!» деп, шетелге тайып тұрады, білім алуды сонда жалғастырады. Олардың басым бөлігі оқу озаттары, үздік оқушылар. Бұған алдымен сіздер, мектеп басшылары, жауаптысыздар. Мына жерде тұрып ұялған түр көрсетудің қажеті жоқ! Жұмыс істеу керек! Оқушылармен, ата-аналармен белсенді жұмыс жүргізу қажет. Ата-аналарды шақырып, баланың білімі, болашағы туралы нақты талқылау, әңгімелер жүргізу шарт. Біздің Өскемендегі жоғары оқу орындары Новосібір мен Томск универсиеттерінен 10 есе артық білім береді. Ал, сіздер мемлекет болашағын ойламайды екенсіздер, онда орындарыңызды босатыңыздар, – деді Жақсылық Омар.

Егер ұлты қазақ жастарымыз жаппай Ресейге білім алуға кетіп жатса, бұл әрине ұлттық проблема болған болар еді. Алайда, шет елге кетіп жатқан жастардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдері екенін ескерген жөн. Мәселен, ресми статистикаға жүгінсек, 2014 жылы 31 мыңнан астам азамат шет елге көшіп кеткен. Олардың 26 600 – Ресейге, 2300 – Германияға, 1300 – Беларусияға қоныс аударған. Демек шет елге қоныс аударушылардың басым бөлігі орыс динаспорасынан шыққан азаматтар. Олар әлі күнге Қазақстанды отаным деп санамайтынын осылай дәлелдеуде. Ал, орысша ойлап, әрекет ететін азаматтар Украинаның ойранын шығарғанын естен шығармаған жөн. Үкімет екінші Украина болғысы келмесе, орыстардың отанына көшкеніне қарсы болмауы керек. Өйткені, Ресей «отандастарымыздың құқығы таптталып жатыр» деп солтүстіккке басып кіруден тайынбайды. Міне сол кезде ұлтық қауіпсіздік мәселесіне қауіп төнеді. Себебі, Ресеймен шекаралас аймақтарда қазақтардың үлес салмағы орыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз.

Бір қызығы біздің Үкімет орыстардың тарихи отанына оралғанына қарсы болып отыр. Мәселен, өткен жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев ресейлік ЖОО-лар қазақстандық жастарды өздеріне жиі шақыратынын айтып, шағымданған болатын. Сондықтан да министрлік ұлты орыс оқушылар үшін ҰБТ кезінде бірқатар жеңілдіктер жасап отырғанын айтты. Алайда, дәл осы министрлік шет елдегі жастарды отанға әкеліп, білім беруді назардан тыс қалырып алған сияқты. Себебі шет елдегі миллиондаған қандастарымыздың басым көпшілігі қылшылдаған жастар. Оларға қолайлы жағдай жасаса, Қазақ еліне келіп, еліміздің экономикалық әлеуетін көтерер еді. Өкінішке орай, Кәрім Мәсімов басқаратын Үкіметке қазақ баласынан гөрі, еліміздегі орыс диаспорасының болашағы маңызды болып отыр.

Серік ЖОЛДАСБАЙ

Дерек көзі: Qamshy.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534