Сенбі, 23 Қараша 2024
Уақ-түйек... 11062 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 14:33

ӘЛІППЕДЕГІ ҚҰМЫРСҚА НЕГЕ ҚҰДАЙСЫЗ?

Алматыдағы «Атамұра» баспасынан (2012-жылғы, ҚР БҒМ ұсынған 4 басылымы өңделген) Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, А.Құлажановалардың құрастыруымен жарық көрген. ӘЛІППЕ (жалпы білім беретін мектептің1-сыныбына арналған) оқулығының 132-134 беттеріндегі «Кім неден күшті?» атты ертегісін оқып жағамды ұстадым. 

Ерте-ерте ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен.

Қырғауыл жүні қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Мұзға барып қонған екен,

Жамбасы ауырып қалған екен.

Сол уақытта жасаған ием мұздан сұрапты: Мұз, мұз сен неден күшіт болдың? Ертек осылай әліппеде өте сауатсыз жалғасқан. Сана сезімі енді қалыптасып келе жатқан жеткіншіктерді бұлайша адыстырған болар ма? Біз бұл ертегіні бала кезімізде әжемізден тыңдағада былай басталып, мынадай аяқталатын: 

Ерте, ерте ертеде,

Ешкі жүні бөртеде.

Қырғаулы жүні қызыл екен,

Балақ жүні ұзын екен ( бүгінгі әліппедегідей құйрық жүні емес, құйрықта қанат болады, онда жүн болмайды, керісінше балағында болымсыз жүн болады)

Мұзға барып қонған екен,

Тайып жығылып жамбасы сынған екен.

Сонда қырғауыл мұзадан  сұрапты, мұз, мұз сен неткен күшті едің? Солай қырғауыл күннен сұрапты, қырғауыл бұлттан сұрапты, қырғауыл жаңбырдан сұрапты, қырғауыл жусаннан сұрапты деп кете береді... (бүгінгі әліппеде жаңбыр атымен жоқ сұрап жүрген Жаратқан ием екен) ...Қошақан, қошақан сен неткен күшті едің? Мен күшті болсам, қасқыр тамағымнан тартар ма еді деп жалғасып жатады (бүгінгі әліппеде қасқыр қошақанның тамағы емес құйрығынан тартыпты, негізінде қасқыр қойды тамақтан алады). (Әжеміздің ертегісінде) Құмырсқа, құмырсқа сен неткен күшті едің? Менің, арқама алты бұт, желкеме жеті бұт жүк көтеретін күш берген бір Алла деп жауап беруші еді, ал бұл әліппеде құмырсқа өзім мықтымын деп шіреніп тұр. Жаратқан ием сонда үнсіз қалыпты. Міне сорақылық! Осыған бастары жетпеген авторларға таңым бар, осылай өскен ұрпақ ертең әке-шешесін тыңдай ма? Алланы тани ма? Ол да құмырсқа сынды "өзім мықты" деп шіренер.

Осы әліппенің 131 бетінде Қожанасырды «Қожа» деп көрсетіпті, ондағы суретте қазақтың ат байлайтын жері Қожанның кіндігінен де келмей тұр, ал қазақтың ат байлатын кермесі анадай биікте тұрмаушы ма еді. Былайғы кезде ат байлағанға басы екі аша мама ағаш пайдаланады мұнда оның бірі жоқ. 134 бетінде бақаны «Бақатай» деп тым еркелетіп жіберіпті. Мен ұзақтан жауабын таба алмай жүрген тізеге жетпейтін жел желпісе немесе жоғары тепкішекке көтерілгенде артында келе жатқан адамға барын көрсететін көйлектің кінәлісі тағы осы әліппедегі суреттер екенін көз көрді. 

 Абдурақын Нұрхалық

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377