Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3763 0 пікір 17 Желтоқсан, 2015 сағат 11:09

РЕСЕЙ: ЖҰМЫСШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН КВОТА ҚЫСҚАРДЫ

Ресей үкіметі 2016 жылға шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны 22 пайызға қысқартты Бұл туралы Ресей үкіметінің Twitter-дегі парақшасы хабарлады. Министрлер кабинеті қаулысының мәтіні үкіметтің ресми сайтында жарияланған.

Бұған дейін еңбек министрлігінің комиссиясы Ресейге визамен келетін шетелдік жұмысшыларға деген сұраныстың 20 пайызға – 214 мың адамға азайғанын мәлімдеген еді. Дегенмен,біліктілігі жоғары жұмысшы мамандарға сұраныстың әлі жоғары екендігі айтылады.

Ресейдің Федералды көші-қон қызметі экономикалық дағдарыс пен рубльдің девальвациясына қарамастан, Ресейге еңбек мигранттарының көп келетінін және 2015 жылы елге осындай 16 млн адамның келгені туралы хабарлады. Олардың көпшілігі ТМД елдерінің азаматтары.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2898
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 982
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 911