Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4208 0 пікір 15 Желтоқсан, 2015 сағат 16:15

ҚАРАҒАНДЫ: 56 САЛЫМШЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Бүгін, ҚР Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков  «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы бойынша Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болған 56  отбасына жаңа пәтердің кілтін табыстады.  Бұл туралы abai.kz порталы хабарлайды.

Жаңа жылдың қарсаңында жаңа пәтерлерге кіріп, қоныс тойын тойлаған салымшыларды құттықтау және пәтер кілттерін  тапсыру шарасына Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы Болат Бекішев те қатысты.

-  Біздің елде жақы салт бар. Тәуелсіздік күнін тек қана мерекелік көңіл күймен емес, нақты атқарылған шаруалармен атап өту – соңғы жылдары  игі дәстүрге айналып келеді. Міне, бүгінгі шара да сондай бір жемістің нәтижесі, - деді облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Мемлекеттік тапсырма бойынша қабылданған «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы бойынша ҚТҚЖБ  салымшысы болған азаматтарға балл кезегі бойынша бүгін жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Мысалы, сондай салымшылардың бірі – Гүлнәр Қантбекова. Гүлнәр мен оның жұбайы екеуі де Қазақстанның өрт сөндіру қызметкерлері. Қантбековтардың үлкен отбасы  осыған дейін тар пәтерді жалдап келген болатын. Бүгін олар облыс басшысының қолынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін алды.

- Бірінші кезекте Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз.  Елбасымыздың жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қабылдаған осындай бағдарламасының арқасында қаншама жас отбасы баспаналы болып жатыр. Одан кейін жергілікті әкімшілікке және банк мамандарына рахметіміз шексіз. Бұл жақсы қолдау. Енді біз секілді  пәтерге мұқтаж жандарға  айтарымыз, бағдарламаға қатысыңыздар. Енді біздің өз пәтеріміз бар. Қуаныштымыз әрине, - дейді Гүлнәр Қантбекова.

Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша, соңғы жылдары 1000 отбасы баспаналы болып отыр. Тек биылғы 2015-жылдың өзінде «Барлық санаттағы тұрғындарға» бағдарламасы бойынша, 184 пәтер қолданысқа берілді. Ал «Жас  отбасыларға баспана» бағдарламасы бойынша  аумағы 12,2 мың шаршы метрді құрайтын 231 пәтер Жезқазған және Теміртау, Қарағанды  қалаларында салынды.   

- Мемлекеттік бағдарлама өзін-өзі толық ақтайды.  Біздің банктің салымшылары пәтер ақысын тиындап жүріп жинап, бағдарламаға қатысады. Біз жергілікті әкімшіліктермен бірлесіп отырып жұмыс жүргіземіз, -деді ҚТҚЖБ-ның Қарағанды облыстық филиалының директоры Болат Бекішев.  

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517