Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Мәйекті 7252 1 пікір 16 Мамыр, 2016 сағат 15:55

МИНИСТР ҚАСЫМОВ МИТИНГШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ!

21 мамырдағы митингке қатысты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды  ИА «NewTimes.kz».

«Біз, әрине барлық іс-шараларды бақылап отырамыз. Бірақ, менің ойымша митингке қатысты барлық сұрақтардың жауабы беріліп қойды. Бұл төңіректе әңгіме болмауы керек енді. Себебі, қазір дәл осы мәселеге қатысты мемлекеттік комиссия жұмыстарын бастады және барлық сұрақтар сол комиссияның талқылауына берілді. Ал митинг үшін митингке шығу орынсыз деп есептеймін»,-дейді министр.

Сонымен қатар, министр мырза заңсыз және рұқсат етілмеген митингке шыққандардың жазаланатынын да жасырған жоқ.

«Бізде митинг өткізу туралы арнайы заң бар. Олар (бастамашылар – ред .) жергілікті атқарушы органға барып, рұқсат сұрауы тиіс. Содан кейін ғана атқарушы органдағылар коллективтік жиынға арнайы белгіленген орынды көрсетіп береді. Оның өзінде тәртіп сақталуы тиіс. Егер қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда жауапқа тартылады»,-дейді ІІМ басшысы.

Осының алдында хабарлағанымыздай, 14 мамыр күні Астанада жерді сату және жалға беру мәселесін талқылайтын арнайы комиссия өз жұмысын бастаған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша құрылған комиссияның құрамына 75 адам кірген. Алайда бір адам (Макс Боқаев) комиссия жұмысы басталмай жатып аталған комиссия құрамында жұмыс істеуден бас тартса, қоғам белсендісі Мақсат Нұрыпбаев комиссяның алғашқы отырысынан кейін мүшеліктен бас тартты.

Abai.kz

 

1 пікір