Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5592 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 11:16

КЕШІРІМ


Жерге түсер алдында көптеген Жан жиналып, мәжіліс құрыпты. 
Тәңір бірінен сұрапты:
— Сен Жерге не үшін бара жатырсың? – деп. 
— Мен кешіруді үйренгім келеді. 
— Кімді кешірмексің? Айналаңа қарашы, мына Жандар қандай жарық, нұрлы, сүйкімді. Олар сені шынайы жақсы көреді, сен кешіретіндей олар не жасап қоюы мүмкін? 
Жан маңайындағы апа-сіңлілеріне мұқият қарайды. Шынында да бұл оларды қалай жақсы көрсе, олар да соншалықты риясыз жақсы көретіні шүбәсіз. 
Бұртиып қалған Жан:
— Ал мен кешіруді сондай үйренгім келіп еді! – дейді. 
Сол кезде жанына басқа бір Жан келіп бүй деген екен:
— Бұртимашы, сені жақсы көретінім сонша сенімен бірге Жерге түсіп, сол кешірімді үйренуге көмектесем. Мен сенің күйеуің болып, көзіңе шөп салып, араққа салынып кетем, ал сен мені кешіріп үйренесің. 
Тағы бір Жан келіп, былай дейді:
— Мен де сені қатты жақсы көрем, сенімен бірге барам, сенің анаң болам, сені жазалап, өміріңе араласып, бақытты ғұмыр кешуіңе кедергі келтірем, ал сен мені кешіруді үйренесің. 
Үшінші Жан келіп: 
— Мен сенің жан досың болам. Ең керек кезде сені сатып кетем. Сен мені кешіріп үйренесің, - деген екен. 
Және бірі келіп: 
— Ал мен сенің бастығың боламын. Сені беріліп сүйгендіктен саған қатал әрі қатыгез болам, сен мені кешірсін деп әділетсіздіктер жасаймын. 
Тағы бір Жан ашулы, берекесіз ене болам деп айтады. 
Бір-бірін жақсы көретін Жандар Жерге барғанда кім болатындарын ақылдасып, кешірімді қалай үйрену керек жолдарын айтып, уағдаласады. 
Бірақ Жерге келген соң Өздерінің кім екенін, уәделерін еске түсіру қиынға түседі. 
Көбісі Өмірді өткінші емес, мәңгілік деп қабылдайды. Өзара ренжісіп, өкпелесіп, сол өмірдің сценариін өздері таңдағандарын, бәрінен де бір-бірін жақсы көретіндіктерін ұмытып кетеді!

Аударған Шынар Әбілдә

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366