Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 8198 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 11:09

Тұтынушылар өз құқықтарын білуі тиіс

7 мамырдан бастап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген түзетулер күшіне енеді

2016 жылдың 22 сәуірі күні ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын  қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.  Заңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің өкілеттігін шектеу мәселесі де қарастырылған.  Комитеттің құзыретіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, тұтынушы сатып алатын тауарлар мен қызметтердің бекітілген техникалық  регламенттері мен нормативті құжаттарда көрсетілген талаптарға сай келуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сатылу сатысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді.

Осыған байланысты заңмен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңдарға тиісті өзгертулер енгізілді.

Сондай-ақ, тікелей тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған қосымшалар қарастырылған. Қара ниетті бәсекеге жол бермеу және тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында заңға «арзандатылған тауар» және «жаппай сату» түсініктері енгізілді.   Сонымен бірге, жаппай сату мен арзандатылған тауарды сату тәртібі ішкі сауда ережелерімен бекітіледі.

Одан бөлек, «Жарнама туралы» заңда, салынып бітпеген, сондай-ақ мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінде қарастырылған жобалық құжаттарға және тұрғын жайлар классификациясына сай келмейтін,  пайдалануға бірінші рет беріліп жатқан тұрғын үйлерді (тұрғын жайды) жарнамалауға тыйым салынған. Енді мемлекеттік органдар БАҚ-қа тұтынушылардың құқықтары бұзылғандығы туралы келіп түскен арыздар және олардың қаралуы жөнінде, сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметтері туралы статистикалық мәліметтерді жариялап тұруға міндеттеледі.

Кәсіпкерлер мынандай өзгерістерге назар аударуы қажет:

Сатушы (орындаушы, дайындаушы) мен тұтынушы арасындағы шартқа тұтынушының құқықтарын бұзатын талаптар енгізілмеуі керек.  Мұндай талаптарға мыналар жатқызылады:

-          тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келген жағдайда сатушының жауапкершілігін негізсіз шектеу немесе жауапкершіліктен босату;

-          сатушы (орындаушы, дайындаушы) тарапынан таңылған қосымша ақылы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша тұтынушының міндеттерін бекіту;

-         сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бір жақты тәртіпте АК нормаларын сақтамастан, шартты өзгерту және (немесе) бұзу құқықтарын беру;

-          міндеттемелердегі тұлғалардың ауысуы туралы АК нормаларын сақтамастан, өз құқықтары мен міндеттерін шарт бойынша үшінші жаққа беру және т.б.

Оған қоса заңда тауарды сатуға, қайтаруға немесе алмастыруға қойылатын талаптар нақтыланған.  Мәселен, Азаматтық кодекс нормаларына ұқсас «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға өзгертулер енгізілген. Ол бойынша тұтынушы жиынтықтағы бұйымның немесе тауардың құрамдас бөлігінің жетіспеушілігі туралы негізгі бұйымға берілген кепілдік мерзім ішінде талап қоюға құқылы.

Сонымен бірге, егер негізгі тауарға қарағанда, жиынтықтағы бұйымға ұзаққа созылған кепілдік мерзім белгіленсе, егер жиынтықтағы бұйымның жетіспеушілігі оған берілген кепілдік мерзімі ішінде анықталған болса, негізгі тауардың кепілдік мерзіміне қарамастан, тауардың кем-кетігі туралы талап қоюға мүмкіндік берілген.

Бұрын қолданылған заңнамаға сәйкес, шартпен басқа мерзім бекітілмеген жағдайда, кемшілікті жою мерзімі 10 күнтізбелік күн болатын.  Заңға осыны нақтылайтын түзетулер енгізілді.  Оған сәйкес, шартпен белгіленген мерзім 20 күнтізбелік күннен аспауы шарт, алайда тараптардың келісімі бойынша ол 10 күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін.  Сонымен қатар, тауардың кем-кетігін қалпына келтіруге қажетті қосымша бөліктердің (детальдар, материалдар), құрал-жабдықтардың, маманның болмауы дайындаушыны (сатушыны) тауардың кем-кетігін қалпына келтіру мерзімін бұзғандығы үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Заңда сондай-ақ, егер сатушыда (дайындаушыда) талап қою сәтінде алмастырып беруге қажетті тауар болмаса, тауарды мұндай талап қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде алмастырып беру қарастырылған. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң шарт жасасқаннан кейін материал мен құрал-жабдықтың бағасы айтарлықтай қымбаттап кеткен жағдайдағы орындаушының бекітілген сметаны арттыруды талап ету құқығына қатысты нормамен де толықтырылған. Егер тұтынушы сметаны арттырудан бас тартса, орындаушы шартты бұзуға құқылы.

«Электр энергетикасы туралы» заңға да өзгертулер енгізілді.  Соған сәйкес, тұтынушының пайдаланылған электр және жылу энериясы үшін қарызы болған күннің өзінде, энергиямен жабдықтаушы ұйымның оған жылу энергиясын беруді тоқтатуға қақысы жоқ.

Әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. Егер техникалық бақылау саласында құқық бұзушы заңнаманы екінші қайтара бұзса, өнімін тәркілеумен қоса, қызметін тоқтату мүмкіндіктері де қарастырылған.

Сондай-ақ елдің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, сондай-ақ гигиеналық нормативтерге қатысты заңнама талаптары екінші қайтара бұзылса, өнімдері тәркіленеді.

Заңды Парламентте қарау барысында кейбір қосымшалар алынып тасталған. Оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарсылық танытып отыр.  Олар: сатушының (дайындаушының) тауарды жөндеу мерзімінде тұтынушыға жөндеудегі тауардың тұтынушылық сипаттарына сай келетін қайтарымсыз баламалы тауарды өз есебінен жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ұсыну міндеті; сатушының (дайындаушы, орындаушы) тауарды техникалық қызмет көрсетумен және кепілді жөндеумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, оны шығару мерзімінің барлығында қосымша бөлшектер шығарып, оны техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға жеткізіп беруді қамтамасыз ету міндеті.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364